Автор: un_admin

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары қатысты. Аймақ басшысы қала тұрғындарын, ұстаздар мен оқушыларды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін айтты. «Президентіміз «Баланың бәрі бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты да – осы», деген болатын. Бәсекеге қабілетті, заманның жаңа шақыртуларына дайын, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу – мемлекет алдындағы стратегиялық маңызды мәселе. Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен білім саласында ауқымды жобалар мен тың бастамалар жүзеге асуда. Аймағымыздың…

Read More

Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Айта кетейік, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық әріптестігін нығайтуға қатысты мәселелер талқыланады.

Read More

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 543,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 74,6 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 542,8 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 175,4 мың адамды құрады. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің…

Read More

Президенттің Қазақстанды негізгі көлік-логистикалық торапқа айналдыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде елімізде бес ірі трансшекаралық хаб жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Ол бүгінгі таңда барлық бағыт бойынша басқарушы компаниялар анықталып, инфрақұрылымдар құрылысы қарқынды жүріп жатқанын баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы. Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада елдер арасындағы тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуге арналған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылуда. Еліміздің шығысында «Қорғас» ХШЫО» мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтарын біріктіретін Қорғас торабы дамуда. Мұнда Қытаймен өткізу қабілетін арттыру үшін SkyHansa халықаралық әуежайы және жаңа логистикалық кешендер салынып жатыр. Арман…

Read More

ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында трансшекаралық хабтардың көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілгені туралы баяндады. Бүгінгі күні барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы. Атап айтқанда, «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперациясының халықаралық орталығы бойынша Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы жалғасуда, ол 2026 жылы аяқталады. Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылы «Атамекен» автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтады. Өткізу пунктіне кірме автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Еуразия трансшекаралық сауда орталығы келесі жылы пайдалануға берілетін Пойма стансасы арқылы теміржол желісіне жеткізіледі. Жалпы ұзындығы 144 шақырым «Подстепное-Федоровка» автомобиль жолын реконструкциялау жүргізілуде, оның ішінде 72 шақырым осы жылы…

Read More

Республикалық кезең жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша екі турдан өтеді. Қорытынды сайысқа еліміз бойынша 475 оқушы іріктелген. Былтыр бастапқы кезеңге 99 264 оқушы қатысса, биыл 125 000 оқушы тіркелді. Бұл ауыл мектептері оқушыларының зияткерлік сайыстарға ынтасы мен белсенділігі артқанын көрсетеді. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар, жеңімпаздарға еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының ректорлық гранттары табысталады.

Read More

21 қараша күні №209 мектеп-гимназиясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың құрметіне арналған патриоттық өлең оқу байқауы өтті. Шараның мақсаты – жас буынға ерлік пен елдік рухын дәріптеу, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және оқушылардың көркемсөз оқу шеберлігін дамыту. Байқауға қала мектептерінің оқушылары қатысып, Қайрат Рысқұлбековтың ерлігі мен тәуелсіздік жолындағы күресін жырлаған өлеңдерді жатқа оқыды. Қатысушылардың дауыс мәнері, көркем жеткізуі, сахналық мәдениеті және мәтінді шынайы сезіммен орындауы қазылар алқасымен бағаланды. Үздік өнер көрсеткен оқушылардың еңбегі еленіп, байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және арнайы марапаттармен құрметтелді. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар мұндай патриоттық байқаулардың жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттырудағы рөлін ерекше атап…

Read More

Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, төралқа мүшелері, еліміздің барлық өңірінен келген ардагерлер кеңесінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты. Аймақ басшысы өңірдегі бастамалар, атқарылған жұмыстар, қол жеткен жетістіктерге тоқталды. «Республикалық ардагерлер кеңесі көшпелі отырысының Қызылордада өтуіне бастама көтеріп, шақыртуымызды қабыл алған баршаңызға Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін. Бүгінде аймақ экономикасын әртараптандыруға, жерлестеріміздің тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған серпінді жобалар іске асуда. Президентіміздің өңірдің даму қарқынына, атқарған жұмысымызға берген оң бағасы Сыр халқы…

Read More

Кешенді іске қосу аясында құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңіне кіретін аумақта алғашқы қызанақ өнімі жиналды. Жалпы құны 650 млн АҚШ долларын құрайтын ірі инвестициялық жобаның құрылысы былтыр жазда басталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Кешеннің жылдық өндірістік қуаты 155 мың тонна, аумағы 650 гектар, бірінші кезең оның 208 гектарын қамтиды. Жыл соңына дейін кешеннің 40 гектар учаскесі пайдалануға берілмек. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтып, ішкі нарықты жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етуге жол ашады. Бастапқы кезең толық іске қосылғаннан кейін 2 мың жұмыс орны, ал жоба толық аяқталғанда 5 мың жұмыс орны ашылмақ. Тағы бір маңызды бөлігі – халықаралық стандарттарға сай заманауи…

Read More

2025 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 692 млрд теңгені құрайтын төлемдермен 508 мың адам қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 51,7 млрд теңге сомаға 286 мың адам қамтылды, оның ішінде қазан айында 5,2 млрд теңге сомаға 28,5 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады. Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік…

Read More