Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Ақ-ирий қалашығынан Алтын орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды
Жаңалықтар

Ақ-ирий қалашығынан Алтын орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды

20.06.2026273 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қозыбаев университетінің ғалымдары мен студенттері Солтүстік Қазақстандағы ежелгі «Ақ-Ирий» қалашығында жүргізілген биылғы археологиялық маусымның жұмыстарын аяқтады. 17 күнге созылған экспедиция барысында көптеген құнды деректер мен тың жаңалықтар жинақталды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Қоныс Солтүстік Қазақстан облысындағы Долматово ауылының маңында биік үшбұрышты мүйісте орналасқан, үш жағынан 40 метрлік өзен жартастарымен қорғалған, ал екінші жағынан қорған бекіністерімен бөлінген. Ғалымдардың пікірінше, нысан қорғаныс қызметімен қатар діни рәсімдер өткізуге, шаруашылық жүргізуге, сауда қатынастарын дамытуға және шекаралық бақылауды жүзеге асыруға пайдаланылған.

Археологтар бұл нысанда 22 жылдан астам уақыт бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы кезеңде өңірді мекендеген тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен сыр шертетін көптеген құнды жәдігерлер анықталды.

Биыл ғалымдар қалашық аумағынан табылған сүйек пен көмір үлгілеріне жүргізілген радиокөміртектік сараптама нәтижелерін алды. Зерттеу Литваның Вильнюс қаласындағы арнайы зертханасында жүргізілді. Органикалық материалдардың жасын анықтауға мүмкіндік беретін С14 радиоактивті изотопы бойынша жүргізілген сараптама қалашықтың Алтын Орда дәуіріне жататынын растады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ұлы дала көшпелі өркениетінің тікелей мұрагері екенін және Алтын Орда мұрасын зерттеу мен дәріптеудің маңызды екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Ақ-Ирий қалашығында жүргізілген зерттеулер орта ғасырларда Солтүстік Қазақстан өңірінде сауда-саттық пен өндірістің дамығанын көрсетеді.

Биылғы археологиялық маусымның олжалары металл балқыту үшін пайдаланылған пеш құрылымдары болды. Бұл сол кезеңдегі металлургиялық өндіріс технологияларының жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Сонымен қатар ет дайындауға арналған ірі құрылыстар анықталды. Археологтар өндірістік нысандардан күйдірілген кірпіштің сынықтарын, металл өңдеудің іздерін тапты. Ал жекелеген шұңқырлардан жануарлардың сақталған қаңқалары мен балық сүйектері табылды.

Солтүстік Қазақстанның белгілі археологы, профессоры Анатолий Плешаков бірегей ескерткішті 1968 жылы ашқан.

«Алғашқы болжамдарымыз бойынша бұл аумақтағы алғашқы қоныс ерте темір дәуіріне жатады. Кейін бұл жер Алтын Орда дәуірінде қайта игерілген. Біз темір балқытуға арналған ерекше пештерді анықтадық. Әзірге олардың үшеуі ғана зерттелді. Сонымен қатар өзен жағалауынан өте ірі құрылыстарды таптық. Зерттеу нәтижесінде олардың ет ыстауға арналған нысандар екені анықталды. Осындай ауқымды құрылыстарды Еуразия кеңістігі бойынша ғылыми еңбектерден де, халықаралық конференциялар материалдарынан да кездестірген емеспін. Болжам бойынша мұнда үлкен әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ет дайындалған. Яғни бұл өзіндік ортағасырлық «ет комбинаты» болған», — дейді Қозыбаев университетінің профессоры Анатолий Плешаков.

Археологтардың айтуынша, қазба барысында ұсақ тұрмыстық заттар көп табыла қойған жоқ. Бұл тұрғындардың қонысты асығыс тастап кетпей, өздеріне қажетті мүліктерін алып кеткенін аңғартады. Дегенмен олардың бұл жерден не себепті көшкені әзірге белгісіз. Зерттеу барысында тұрмыстық бұйымдар, сүйек қалдықтары, қыш және керамикалық ыдыстардың сынықтары, жебе ұштары, сондай-ақ антропоморфтық өрнектермен безендірілген әшекей бұйымдар табылды.

Экспедиция құрамында университеттің 20-дан астам бірінші курс студенті жұмыс істеді. Қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа мектеп оқушылары мен студенттер үшін экскурсиялар ұйымдастырылады. Жастардың тарихи мұраға деген ерекше қызығушылықтары ғалымдарды Ақ-Ирий қалашығының аумағында тарихи-туристік кластер құру идеясын әзірлеуге ынталандырды. Бұл бастаманы жүзеге асыруға дамыған инфрақұрылым, нысанның Петропавл қаласына жақын орналасуы және Есіл өзенінің бойындағы көркем табиғи орта қолайлы мүмкіндік береді. Ашық аспан астындағы мұражай құру мәселесі пысықталып жатыр.

Қозыбаев университетінің «Тарих» білім беру бағдарламасының бітіруші студенті Мария Чмир осы жоба тұжырымдамасын Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке таныстырды:

«Бұл нысан халықаралық деңгейдегі тарихи-мәдени орталыққа айналуы тиіс. Біз аумақтың басты жоспарын әзірледік. Жоба аясында «даладағы қазба жұмыстары» форматындағы экскурсиялар өткізуді ұсынамыз. Қазіргі таңда меймандар мұражайдағы дайын экспонаттарды ғана емес, нақты уақыт режимінде жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулерді көруге қызығушылық танытады. Сонымен қатар мұнда музей павильондарын, «Темір дәуіріндегі түн» этно-аймағын және ежелгі обсерваторияның реконструкциясын ұйымдастыруды ұсынамыз», — дейді Мария Чмир.

Айта кетейік, «Ақ-Ирий» қалашығы Солтүстік Қазақстанның киелі нысандарының тізіміне енгізілген.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда газ құбырларын салу бойынша ірі жобалар іске асырылуда

20.06.2026193 Views

Елімізде жаңа газ кен орындарын игеру жұмыстары қолға алынды

20.06.2026138 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

20.06.2026391 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда газ құбырларын салу бойынша ірі жобалар іске асырылуда

20.06.2026

Елімізде жаңа газ кен орындарын игеру жұмыстары қолға алынды

20.06.2026

Ақ-ирий қалашығынан Алтын орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды

20.06.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

20.06.2026

«ҰЛТ САУЛЫҒЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДӘРІГЕР» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

19.06.2026

«ЖҮРЕКТЕГІ ЖАПЫРАҚ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

19.06.2026

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.