Автор: un_admin

Аймақ басшысы Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге және Сыр спортындағы жаңалықтарға тоқталды. «Өздеріңізге белгілі, Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірінде мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңге болатын, бүгінде 744 млрд. теңгеден асты. Бұл қаражат аймақтың ең өзекті деген мәселелерін шешуге бағытталды. Ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға баса көңіл бөлінді. Өткен жылы Қазалы ауданының бюджеті 13 млрд. 600 млн. теңге болса, биыл 17 млрд. 600 млн. теңгеге жетіп, 18,7 пайызға өсті. Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолы қайта жаңғыртылуда, 29…

Read More

фото: m.sports.ru Роналду ресми матчтарда осынша гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы болды. Ол Форвард «Спортинг» үшін 5, «Манчестер Юнайтед» үшін 145, «Реал» үшін 450, «Ювентус» үшін 101, «Аль Наср» үшін 73 және ұлттық құрама үшін 133 гол соққан. Бүгінде шабуылшы футбол тарихындағы, ұлттық құрамалардағы, Еуропа чемпионатындағы, Чемпиондар лигасындағы және клубтар арасындағы әлем чемпионатында үздік шабуылшы (бомбардир) болып қала береді. Ойыншының қазіргі клубпен келісімшарты келесі жазға дейін жасалған. Transfermarkt интернет-порталының мәліметінше, 39 жастағы футболшының нарықтағы құны 15 миллион еуроға бағаланған.

Read More

Аймақ басшысы конференция жұмысына сәттілік тілеп, тарихи тұлғаны ұрпақ жадында жаңғыртудың маңызына тоқталды. «Халқымыз батырлары мен сал-серілерін, даңқты дала қаһармандарын дәріптеп, ұлыларын қастерлеп келеді. Баршаңызды қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан аса көрнекті мемлекет қайраткері, кемеңгер ойшыл Әйтеке би Бәйбекұлының 380 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Әйтеке би Бәйбекұлы – қазақ тарихына өзінің жасампаздық қызметімен із қалдырған тұлға. Қазақтың үш ұлы биі, үш даңқты данагөйі – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің есімдері ұлт бірлігінің айнымас символы болып бізге жеткен. Қазақ тарихындағы ең күрделі кезең – жоңғар шапқыншылығы уақытында елді бірлікке үндеп, Бұқара мен Самарқанда би болған. Биыл Өзбекстанның Науаи…

Read More

Сауда комитетінің мәліметінше, қалада ӘМАТ-тың 10 түрінің бағасы төмендеген: Бірінші сорттағы бидай ұны – 7,1 %, Қарақұмық жармасы – 32,7%, Сары май – 6,9%, Айран – 8,6%, Сәбіз – 7,6%, Пияз – 4,5%, Қырыққабат – 26%. Бағасы түскен тауарлар ішінде қант, күнбағыс майы мен сүзбе де бар. Жыл басынан бері Шымкентте делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия барлығы 766 электронды шот фактураны (ЭШФ) тексерді. Нәтижесінде биыл басқарма Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабына сәйкес 425 сауда субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 117 кәсіпкер күнбағыс майының, 57 кәсіпкер қанттың, 55 кәсіпкер қарақұмық жармасының бағасына сауда үстемесін 15%-ға көтерген. Департамент мамандары…

Read More

Фото: Halyq Uni Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілетінен және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 59,6 млрд теңгеге әлеуметтік төлем төленді. Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ-ді 541,2 мың адам, асыраушысынан айырылу бойынша 157,9 мың адам алды. Жыл басынан бері 98,7 мың адам еңбек ету қабілетінен және 65,4 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды,  — деп жазылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан хабарламада. Айта кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ – 95 496 теңге, 2-топ – 76 397 теңге, 3-топ 52 мың 89 теңге болды.…

Read More

Танымдық конференцияға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, қоғам және мемлекет қайраткері Сауытбек Абдрахманов, журналист, заңгер, Қазақстанның мәдениет қайраткері, ауданның «Құрметті азаматы» Ақайдар Ысымұлы, мемлекет қайраткері Алтыншаш Жағанова, жазушы, журналист, ауданның «Құрметті азаматы» Сәрсенбек Бекмұратұлы, жазушы-журналист Әлібек Асылбайұлы, ақын Қатира Жәленова, Сыр елінің аяулы қызы, ақын Қаршыға Есімсейітова, «Сыр медиа» ЖШС директоры Марат Аралбаев және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысып, баяндама жасады. Конференция барысында «Өскен өңір — 85» атты кітаптың тұсауы кесіліп, газет редакторы Нұрболат Сәдуақасұлына аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың арнайы құттықтауын аудан әкімі табыс етті. Сондай-ақ шара барысында бірқатар азаматтарға газеттің 85 жылдық төсбелгісі табысталды.

Read More

Салтанатты шараны аудан әкімі ашып беріп, ұжымшардың аудан дамуындағы тарихи рөліне, Ыбырай Жақаев атамыздың үндеуімен құрылған Жақаевшылар қозғалысының ауыл шаруашылық саласының өркендеуіне қосқан үлесіне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мұнан соң, мемлекет қайраткері Алтыншаш Жағанова сөз алып, Киелі Шиелі жерінде жыл сайын өтетін «Алтын күз» мерекесінен құр қалмауға тырысатынын, 41 Социалистік Еңбек Ері шыққан өлкенің жүрек түкпірінде алар орны бөлек екендігіне тоқталды.

Read More

Жәрмеңкенің барысын аудан әкімі Айтбай Жандарбеков зиялы қауым өкілдерімен бірге көріп, халықтың ой-пікірін білді. Тауар өндірушілермен сұқбаттасты. Айта кетейік, жәрмеңкеге 57 көлікпен барлығы 185,7 тонна түрлі өнімдер әкелініп, сатылуда. Әсіресе картоп пен көкөніс, бал мен бақша өнімдеріне сұраныс жоғары.

Read More

Бәйге ең әуелі тай бәйгесіндегі сәйгүліктердің жарысымен басталды. Мұнан соң құнан, сосын аламан бәйгесіне жалғасты. Жан-жақтан кіл мықты шабандоздар бас қосқан бәйгенің жалпы жүлде қоры 10 млн теңге. «Аламан» бәйгеде «Лашын» атты сәйгүлік жеңімпаз атанып, 3 млн теңгенің сертификаты табысталды.

Read More

Бұл туралы Баян Мақсатқызы «Көреміз» бағдарламасына берген сұхбатында толық баяндап берді. «Маған ештеңені жасырған ұнамайды. Бағаны ашық дереккөздерден біліп алуға болады. Суррогат аналардың жалақысы айына 250.000-300.000 теңге. Жалпы, ол суррогат аналардың қалауына қарай. Бір суррогат ана 250 000 теңге сұрады, екіншісі 350 000 теңге деді. Ал қалған ақшаны бала туғаннан кейін бірден төлейсің. Суррогат ана сәбиді дүниеге әкелген күні оның еңбекақысын төлеуге міндеттісің, бұл ай сайынғы жалақыдан бөлек», – деді ол. Баян Алагөзованың айтуынша, мұндай қызмет үшін еліміздегі бағалар өте арзан. Қазақстанда суррогат аналардың еңбекақысы 6,5 млн теңгеден басталып, 10 млн теңгеге дейін барады. Сондықтан да шетелдіктер көбіне біздің елге…

Read More