Автор: un_admin

Сол жағалаудағы жаңа мектеп жұмысымен танысқан халық қалаулылары білім ошағының ауқымдылығына, көп функционалдығына және жайлылығына оң бағасын берді. Мектеп ішінде 3 спорт зал, 240 балаға арналған асхана және түрлі бағыттағы сыныптар жұмыс жасауда. Әр сынып интерактивті тақтамен жабдықталған. Құрылыс барысында қолданылған материалдардың басым бөлігі жергілікті өндірушілердікі. Білім саласының өркендеуі үшін аймақ басшысының қолдауымен өңірімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның негізінде, биыл білім саласына бөлінген қаржы 262 млрд 100 млн теңгеге жетіп, облыс бюджетінің 35,2 пайызын құрады. Аймақ басшысының орынбасары Шахмардан Байманов пен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Болат Керімбек пен Максим Рожинге соңғы жылдары аймағымызда бастау…

Read More

Мәселен, Бесарықта «Абай-Дәулет» серіктестігінің бастамасымен фри зауыты, партияның «Ауыл аманаты» жобасымен наубайхана, кондитерлік және жартылай дайын өнім цехтары, жұмыс қолғабы, шұлық, пластик ыдыстар, сабын, ағаш бұйымдары өндірістері жұмысын жасауда. Сондай-ақ, тұрғындардың сұранысына ие «Қызылорда» супермаркеті мен «Помидор» дәмханасы да жоғары сапалы қызмет көрсетуде. Атқарылған жұмыстарды көру үшін бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Болат Керімбек пен Максим Рожин Бесарық ауылына арнайы табан тіреді. Аймақ басшысының орынбасары Шахмардан Байманов халық қалаулыларына ауылда атқарылған жұмыстарды таныстырды. Бұнда жергілікті өнімдер нарық бағасынан төмен саудалануда. Сәйкесінше сұраныс та жоғары. Сонымен қатар, ауылда басқа да салалар қарқынды дамуда. Бұған «Абай-Дәулет» серіктестігі үлкен қолдау білдіруде. Соңғы жылдары…

Read More

Комиссия отырысына қалалық мәслихат төрағасы Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы, қалалық мәслихат депутаттары, облыстық, қалалық ветаринарлық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласының жауапты басшылары, өңірлік қаржы институттары (“Қызылорда” өңірлік инвестициялық орталығы” микроқаржылық ұйымы”, «Атамекен» Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы, «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы») өкілдері, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық кірістер басқармасы, тиісті қалалық дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Комиссияың күн тәртібіне: 1. «Қала және кент, ауылдық округ тұрғындарына (осал топтарға) берілген мемлекеттік гранттар бойынша жобалардың іске асырылу барысы, нәтижесі мен тиімділігі туралы»; 2. «Өңірлік қаржы институттары мен екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен кәсіпкерлерді субсидиялау…

Read More

Сонымен қатар, талдау және мониторинг негізінде қызметті берушілермен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде орын алуы мүмкін бұзушылықтарды алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар әзірлейді. Талдау шеңберінде келесі бағыттар бойынша бағалау жүргізіледі: Мемлекеттік қызмет көрсету процесін құқықтық реттеу; Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және техникалық мүмкіндіктер; Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру. Осы ретте, Агенттікпен әзірленген әдістемелік ұсынымдардың негізінде Департаментпен әр тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жақсарту жөніндегі ұсыныстардың тізілімдері қалыптастырылып, оларды кейіннен іске асыру үшін Агенттікке жіберіледі. Мәселен, Департаментпен ІІМ-нің мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне жүргізілген талдаудың нәтижесінде қалыптастырылған ұсыныстар Агенттікке жолданып, ІІМ-мен қолдау тапқан сәтті кейске…

Read More

фото: dzen.ru Nature Geoscience журналында жарияланған зерттеу нәтижелері 1986 жылдан 2021 жылға дейін Антарктика түбегіндегі өсімдік жамылғысының ауданы 1 шаршы шақырымнан 12 шаршы шақырымға дейін ұлғайғанын көрсетті. Сарапшылар соңғы бірнеше онжылдықта спутниктік мәліметтерді зерттеп, континенттің бұрын адам қоныстанбаған аймақтарын мүк басқанын анықтады. Эксетер университетінің докторы Томас Роланд бұл туралы арнайы мәлімдеді. Антарктида әлі де қар мен мұз жамылған, оның бетінің аз ғана бөлігінде өсімдіктер бар. Дегенмен бұл шағын аумақтың өзі күрт көтеріліп, тіпті ең шалғай аудандардың да климаттық өзгерістерге бейім екенін көрсетті, – дейді ол. Ғалымдардың пайымдауынша, Антарктидадағы өсімдіктердің одан әрі өсуі полярлық топырақты жақсартып, флораның басқа түрлерінің пайда болуына жағдай…

Read More

ТЖМ мәліметінше, Желтоқсан көшесі бойында орналасқан трансформаторлық қосалқы бекетте өрт шыққан. Оның аумағы – 10 шаршы метр. Мамандар шұғыл әрекет етіп өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай министрлігі қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Read More

фото: olympic.kz Шешуші матчта WTA рейтингінде 488-орында тұрған отандық спортшы Беларусь елінен келген Алена Фалейді жеңді (224 WTA ), деп мәлімдеді Қазақстан теннис федерациясы. Алғашқы сетте Зарина 0:6 есебімен жеңілсе, келесі екі сетте 6:4, 6:3 есебімен алға шықты. Бұл Дияс үшін биылғы алғашқы және ITF аясындағы оныншы жеңіс болды. Сонымен бірге, ол 2010 жылғы Токиода өткен WTA 250 сериясы турнирінде жеңіс тұғырына шыққан еді, – деп қосты ведомство. Спортшы жарақат салдарынан екі жыл бойы жарыстарға қатыса алмай, кортқа толыққанды биыл мамырда қосылған болатын.

Read More

«Қауіпсіздік жүйесіне ғылыми жұмыстар қолданылуы керек» Кәсіподақ төрағасы Евгений Буслаевтың айтуынша, көмір шахталарындағы қауіпсіздік жүйесіне үлкен көңіл бөлініп отыр. Біріншіден «Костенко» шахтасында жұмыс толығымен қалпына келтірілген. Қазір шахта жұмысы қайта жанданған. Тау-кен қалдықтарын шығару жолының дайындығы да жүріп жатыр. Кеншілер шахталарда Кеңес одағы замамынан қалған бұрғылау қондырғыларымен жұмыс істеп жүргені туралы әлденеше рет айтылған еді. Әрине, қауіпсіздік жүйесі жағынан шешімі табылмаған түйткілдер әлі де қалып отыр. Бір жағынан қолданылып жатқан бүкіл техника мен құрылғыны бір жылда ауыстырып біту мүмкін емес. Кеншілер бұрынғы техникаларымен істеп жатыр. Бұрғылау жұмыстары бойынша кезінде германиялық қондырғылар сатып алынды. Олар да қазір қолданыста. Бұл тұрғыдан аз…

Read More

Мэй Маск ханымға музей қызметкерлері экскурсия жүргізіп, 50-ден астам ұлттың музыкалық аспабын таныстырды. Экскурсия кезінде «Steppe Sons» модерн этно-джаз тобы қонақтарға өнер көрсетті. Мэй Маск ханым Алматы қаласы музейлер бірлестігі директоры Ләззат Сағындықоваға алғыс білдіріп, музейдің жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетейік, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығына ие болған музейлердің бірі. Музей 1981 жылы құрылған. Қорында 1 мыңнан астам музыкалық аспап бар. Белгілі болғандай, Илон Масктың анасы Мэй Маск Алматыда өтетін «Be Woman» форумына қатысу үшін Қазақстанға келді. Фото: kazmuseum.kz

Read More

Мерекелік шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері Сауытбек Абдрахманов, Ақайдар Ысымұлы, Алтыншаш Жағанова, Мұрат Бақтиярұлы, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Серік Дүйсенбаев сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. Шараның алғы сөзін алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов Шиелі жұртшылығын тоқшылық мерекесімен және қатар тойланып жатқан мерейтойлармен құттықтады. Әрі, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың ыстық ықыласы жазылған құттықтауды табыс етті.  Келесі кезекте, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ауданның ауыл шаруашылығы саласында жеткен үлкен жетістіктерге тоқталып, дала еңбеккерлерінің еңбегіне тоқталды. Мұнан соң, шара марапаттау рәсіміне жалғасып, сала үздіктері түрлі номинациялармен марапатталды. Сондай-ақ, үздік еңбек адамдарына автокөлік, пәтер кілттері табысталды.

Read More