Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»АҚШ пен Украина ортақ мәмілеге келді
Жаңалықтар

АҚШ пен Украина ортақ мәмілеге келді

12.03.2025226 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Америка Құрама Штаттары мен Украина тараптары ортақ келісімге келді. Сегіз сағатқа созылған Жиддадағы келіссөздің нәтижесінде Киев Вашингтон ұсынған 30 күнге атысты тоқтату туралы ұсынысын қабыл алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының араағайын болуымен өткен шараға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Ақ үйдің қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Майк Уолтц, Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак, Сыртқы істер министрі Андрей Сибига және Қорғаныс министрі Рустем Умеров қатысты.

24kz-тің мәліметінше, алғашында Украина тарапының жоспарында осы кездесуде әуекеңістігі мен теңіздегі әскери әрекеттерді тоқтатуды талқылау мақсаты болған. Алайда АҚШ делегациясы келісімнің ауқымын үлкейтіп, жалпы барлық майдан шебіндегі әскери қақтығысты 30 күнге тоқтату бойынша ұсыныс жасады. Киев бұны қабыл алды. Бұған қатысты қос елдің президенттері де бірден пікір білдірді.

– Келіссөз барысында АҚШ тарапы бізге алғашқы қадамды жасауды ұсынды. 30 күн атысты толық тоқтатуға келістік. Бұл әуеде дрондар мен зымырандардың ұшуын ғана тоқтату не Қара теңізге тыныштық орнату емес, майданның барлық шебіндегі ұрыс қимылдарын тоқтату деген сөз. Вашингтон біздің айтқанымызға құлақ асты. Делегацияларымыздың арасындағы жемісті мәміле үшін президент Трампқа алғыс білдіремін, – деді Украина президенті Владимир Зеленский.

– Украина және бітімгерлік келісім. Жиддадағы келісімнің нәтижесі осындай болды. Біз енді Ресеймен байланыстамыз. Президент Путин келіседі деп үміттенемін. Әйтпесе қазіргі жағдай өте қиын. Апта сайын мыңдаған сарбаздар мерт болып жатыр, қарапайым тұрғындар да көп зардап шегіп жатыр. Өткенде Ақ үйде болған дауға қарағанда қазір дұрыс жолға түстік. Украина атысты тоқтатуға келісті. Енді Ресей келісуі керек. Келіспесе соғыс жалғаса береді. Сарбаздар өлімі тоқтамайды, –  деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Сондай-ақ Дональд Трамп журналистердің «Зеленскийді Ақ үйге қайта шақырасыз ба?» деген сұрағына іркілместен «Әрине» деп жауап берді. Киев те қол қойылмай қалған сирек минералдар бойынша келісімді қайта жандандырғысы келетінін айтты. Олар: «Америка тарапы қай уақытты ыңғайлы деп тапса, біз сол уақытта қол қоюға дайынбыз. Біздің тараптан барлық жұмыстар жасалып, дайын тұр», – деп мәлімдеді. Ендігі кезек Мәскеуде.

© Flickr / U.S. Army Europe Images

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.20261 928 Views

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026719 Views

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026594 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.2026

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

САЙЛАУ КҮНІ – ЖӘРМЕҢКЕГЕ ДЕ ЖОЛ ТҮСТІ

23.08.2026

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

23.08.2026

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.