Автор: un_admin

5 маусымда, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінде Қазақстанға «Тирпарк Берлин» хайуанаттар бағынан (Германия Федеративтік Республикасы) Пржевальский жылқыларының екінші тобы жеткізілді. Бұл айтулы оқиға әлемде сақталып қалған жабайы жылқының жалғыз түрінің популяциясын қалпына келтіру және елдің биологиялық әртүрлілігін сақтау жөніндегі халықаралық жобаны жүзеге асырудың маңызды кезеңі болды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Жануарлар Пржевальский жылқысының популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық жоба аясында Қостанай қаласының халықаралық әуежайына арнайы әуе рейсімен жеткізілді. Қажетті ветеринариялық процедуралардан өткеннен кейін, жылқылар арнайы көлікпен «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының Реинтродукция орталығына жіберілді. Онда олар мамандардың бақылауымен бейімделу кезеңінен өтеді. Жануарлардың келуі Пржевальский жылқысын Қазақстан…

Read More

Құрметті форумға қатысушылар! Ең алдымен, баршаңызды алқалы жиынның ашылуымен құттықтаймын! Қадірлі меймандарға осы форумға арнайы келгендері үшін алғыс айтамын. Сіздерді Астана төрінде көргеніме ризамын. Жаңа ғана форум тақырыбы бойынша өзекті ойлар мен құнды пікірлер айтылды. Алдағы уақытта Үкімет бұл жұмысты міндетті түрде назарда ұстайды. Шын мәнінде, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі. Еліміз тұрақты дамуы үшін халық пен билік арасында өзара сенім және келісім болуы керек. Бұл – мызғымас қағида. Бірақ мұндай келісім өздігінен пайда болмайтыны анық. Қоғамдық келісім, бұл – көпқырлы табанды жұмыстың нәтижесі. Сондықтан мен Президент ретінде осы…

Read More

Биылғы жылдың бес айында Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 53,6 млрд кВт/сағ құрады, ал тұтыну 53,3 млрд кВт/сағ деңгейіне жетті. Осылайша, электр энергиясын өндірудегі профицит шамамен 300 млн кВт/сағ құрады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Тұрақты профицит елдің энергетикалық жүйесінің теңгерімді дамуын, генерациялайтын қуаттардың тұрақты жұмысын және ішкі сұранысты сенімді қамтамасыз етуді көрсетеді. 2026 жылы электр энергиясын өндіру көлемін 126,5 млрд кВт/сағ деңгейінде қамтамасыз ету жоспарлануда. Биыл Қазақстанда дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері есебінен 2,6 ГВт қуат енгізілмек. Атап айтқанда, 4 газ станциясын іске қосу, сондай-ақ екі электр станциясын кеңейту жоспарланған. Сонымен қатар, 10 жаңа ЖЭК нысаны іске қосылады, оның…

Read More

Өңірлерде көктемгі дала жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы дақылдары 20,9 млн гектар алқапқа егілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Дәнді дақылдар 15 млн гектар алқапқа, майлы дақылдар 4,2 млн гектарға, мал азықтық дақылдар 1,2 млн гектарға орналастырылды. Сонымен қатар, мақта 164,3 мың гектарға, картоп 128,4 мың гектарға, көкөніс дақылдары 122,1 мың гектарға, бақша дақылдары 83,9 мың гектарға, қант қызылшасы 22 мың гектарға егілді. Егіс науқаны еліміздің негізгі астық егетін өңірлерінде қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақмола облысында 5,3 млн гектар, Қостанай облысында 5 млн гектар, Солтүстік Қазақстан облысында 4,1 млн гектар алқапқа егін егілді. Егіс науқанына 133,9 мыңнан астам…

Read More

Қарағанды облысында Балқаш көпсалалы ауруханасын ауқымды жаңғырту аяқталды. Барлық жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайтарылған активтер есебінен жүргізілді. Балқаш, Приозерск, Саяқ, Шет және Ақтоғай аудандарының тұрғындарына қызмет көрсететін медициналық мекеме пациенттерді диагностикалау және емдеу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болды, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Стационар 340 төсек-орынға есептелген және барлық бейінді бөлімшелерді қамтиды. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыртудың ұлттық жобасы аясында негізгі ғимаратқа ауданы 1,4 мың шаршы метрге жуық жаңа қосымша құрылыс салынды. Мұнда барлық қолданыстағы стандарттарға сәйкес келетін заманауи қабылдау бөлмесі орналастырылды. Пациенттерге ыңғайлы болу үшін жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу үшін жеке кіреберістер қарастырылған. Бірінші қабатта екі операциялық бөлме ашылды –…

Read More

Жыл басынан бері Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстарды аяқтағаны туралы сертификатты 77,4 мың азамат алды. Платформа жұмыс істей бастағалы бері онда 1,3 млн пайдаланушы тіркелген, оның ішінде 109,4 мыңы – биыл тіркелгендер. Ал берілген сертификаттардың жалпы саны 1 млн 268 мыңға жетті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Осы жылдың мамырында оқуды аяқтағандардың қатарында 43 243 әйел (55,9%) және 34 171 ер адам (44,1%) бар. Ең белсенді жас санаты – 36-50 жас аралығындағы азаматтар, олардың саны 26 309 адамды құрады. Оқуды аяқтағандардың ең көп саны Қызылорда облысында (7 595 адам), Алматы қаласында (6 405 адам), Алматы (6 152 адам) және Түркістан облыстарында тіркелді. Оқуды аяқтағандардың жалпы санының ішінде 29,8 мыңы – жұмыссыз…

Read More

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыратын зауыт өз жұмысын бастады. Бұл жоба арқылы жылына 500 дана техника өндіруге болады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Агродрондар ауыл шаруашылығы дақылдарын бүрку жұмыстарын жүргізуге арналған. Ұшқышсыз бір аппараттың өзі 70 литрге дейін жұмыс сұйықтығын көтеріп, 5 гектарға дейінгі егіс алқабын қамтамасыз ете алады. Жаңа технология ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге алқаптарды өңдеу тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және еңбек өнімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде компания агродрондарды жеткізуге 20 тапсырыс қабылдап үлгерді. Алдағы уақытта кәсіпорын өнім түрлерін кеңейту көзделген. Келесі жылдан бастап өрт сөндіруге және жүк тасымалдауға арналған ұшқышсыз ұшу…

Read More

ҚР Көлік министрлігі халықаралық ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Аталған жұмыс шеңберінде 2026 жылғы 2 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX үлгісіндегі әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) жиілікпен Астана – Ұлан-Батыр бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта Моңғолияның Hunnu Air әуе компаниясы Алматы – Ұлан-Батыр бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен тұрақты рейстерді орындайды. Ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап аталған бағыт бойынша рейстер саны аптасына 4-ке дейін артады. Осылайша, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы рейстердің жалпы саны 2 әуе…

Read More

Мемлекет басшысы Кипр Республикасын еліміздің Еуропадағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп атады. – Екі ел арасындағы саяси диалог жыл өткен сайын күшейе түсуде. Қадірлі Христодулидис мырза осыдан 7 жыл бұрын Кипрдің Сыртқы істер министрі ретінде Астанаға арнайы келген болатын. Сол кезде ол Кипр Қазақстанның Еуропа Одағындағы мүддесін ілгерілетуге әрдайым дайын екенін айтқан еді. Содан бері көп жұмыс атқарылды. Екі мемлекеттің елшіліктері ашылды. Осылайша, өзара қарым-қатынасымыз жолға қойылды. Қадірлі Президент мырзаның Астанаға тұңғыш сапары екі ел арасындағы алғашқы тікелей әуе рейсінің ашылуымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның да символдық мәні зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің айтуынша, мемлекеттеріміз ықпалдастықты одан әрі…

Read More

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Read More