Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Абай облысында аурухана іргетасы қаланды
Аймақ жаңалықтары

Абай облысында аурухана іргетасы қаланды

19.05.2025193 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру, халықтың денсаулығын жақсарту – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екені Мемлекет басшысының әр Жолдауында айтылып келеді.  Осы ретте Абай елінің көптен көкейінде жүрген облыстық аурухана салу мәселесін шешілетін болды.

Күні кеше Семейде салынатын облыстық көпсалалы аурухананың  іргетасын қалау рәсімі болды. Игілікті іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли және осы саланың ардагерлері, дәрігерлер қатысты.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес бой көтеретін ғимарат Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына енген. 300 төсек-орындық жаңа көпсалалы ауруханада бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын кеңес беру және тексеру бөлімі жұмыс істейтін болады», дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы бұл медициналық нысанның өңір тұрғындары үшін маңызы зор екенін жеткізді.

«Абай облысы – ертеден дәрігерлік дәстүрі қалыптасқан өңір. Аймағымыздан шыққан білікті мамандар қазақ медицинасының негізін қалады. Алайда, соңғы ширек ғасырда бұл сала назардан тыс қалып, білікті мамандардың басқа өңірлерге қоныс аударғанын да жасыра алмаймыз. Сондықтан бұл аурухананың іргетасын қалау – сол үзілген дәстүрді қайта жалғаудың нышаны. Мердігер компания өкілдері атап өткендей, аурухана заманауи медициналық технологиялармен жабдықталатын болады. Біз бұл күнді асыға күттік. Өйткені, облысымызда осы уақытқа дейін осындай аурухана болған емес. Енді, міне сол олқылықтың орны толды. Өңір тұрғындары атынан Мемлекет басшысына алғыс білдіреміз», деді облыс әкімі.

Абай облысында бүгінде 31 стационарлық медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 20-сы мемлекеттік, 11-і жекеменшік. Аймақ көлемінде әр 10 мың тұрғынға небәрі 59 төсек-орыннан келеді. Бұл – еліміздегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

Облыстық мамандандырылған медициналық қызметтің 70 пайызы Семей қаласында шоғырланған. Қазіргі стационарлардың басым бөлігі ескі, материалдық-техникалық базасы тозған. Жедел медициналық жәрдем ауруханасы 300 төсекке шақталғанымен іс жүзінде 375 науқасты қабылдап отыр. Кардиология, инсульт, гинекология, токсикология, неврология, травматология бөлімдерінде төсек-орын тапшы. Жаңа аурухана осы тапшылықты жойып, заманауи талаптарға сай медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары үшін қашықтан кеңес беретін телемедицина орталығы құрылады. Медициналық нысан 2027 жылы пайдалануға берілмек.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026414 Views

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.202621 873 Views

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026107 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.