Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік он экспорттаушысының қатарына енді
Басты жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік он экспорттаушысының қатарына енді

16.05.2025237 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстан майлы өнімдердің әлемдік нарығында өз позициясын нығайтуда. Соңғы үш жылда елімізде күнбағыс майының өндірісі 2,5 есе, экспорт 4,8 есе өсті, ал оралған майдың импорты 11%-ға қысқарды. Қазақстан алғаш рет 2024 жылдың қорытындысы бойынша 8-ші орынға тұрақтап, әлемдегі ең ірі 10 күнбағыс майын экспорттаушылардың қатарына енді. Сондай-ақ, Еуропалық Одаққа күнбағыс өнімін жетекші жеткізушілердің үштігіне кірді. Бұл ондаған елдерде сұранысқа ие мал шаруашылығының негізгі өнімі, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Өткен маусымда май, ұн және торт сатудан түскен экспорттық кіріс 562 миллион АҚШ долларына жетті. Алдағы жылдары Қазақстан бұл көрсеткішті жыл сайын 1 миллиард долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл нәтижеге  қол жеткізу үшін  өсімдік шаруашылығындағы басымдықтарды біртіндеп өзгерте отырып, бидайдан табысы жоғары майлы дақылдарға, ең алдымен күнбағысқа көшу арқылы мүмкін болады.

«Бүгінде Қазақстан ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандырады. Сондай-ақ экспортты ұлғайтады. Біз тек өнімді экспорттап қана қоймаймыз — біз елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтып, бүкіл өңір үшін азық-түлік тұрақтылығын жеткізушіге айналамыз. ҚР Сауда және интеграция министрлігінде қазақстандық май өңдеу кәсіпорындарын ілгерілетудің тиімді құралдары бар. Бұл сауда-экономикалық миссиялар, экспортты жеделдету бағдарламасы, сондай-ақ экспортты ілгерілету шығындарын өтеу тетіктері. Біз қазірдің өзінде негізгі нәтижелерді көріп отырмыз. Соңғы 5 жылда қазақстандық өсімдік майын әлемдік нарыққа жеткізу тұрақты өсуіп келеді», — деп атап өтті «QazTrade» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыров.

Қазақстан күнбағыс майын Орталық Азия елдері мен Қытайға экспорттайды. Жақын уақытта экспорт географиясын Таяу Шығыселдеріне дейін ұлғайту жоспарланған.

Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің Ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов Қазақстан бәсекеге қабілетті ойыншы бола алатын май өнімдері мен жем-шөптің жаһандық нарығы 43 миллион тоннаға бағаланатынын айтты — бұл қазақстандық экспорттың ағымдағы көлемінен 42 есе көп. Оның айтуынша, мұндай перспектива мемлекет пен жеке сектордың күш-жігерін жүйелі үйлестіруді талап етеді.

Осыған байланысты Астанада май саласының экспорттық әлеуетін дамытуға арналған дөңгелек үстел өтуде. Бұл майлы дақылдар экспортын дамыту жөніндегі үш жылдық жоспармен жұмыстың басталуы. Басты мақсат – мемлекет пен бизнес арасындағы орнықты ынтымақтастықты жолға қою. Билік пен сала өкілдері майлы дақылдарды өңдеуді орнықты дамыту үшін бірлесіп шешімдер таба алатын тұрақты платформа құратын болады. Осы бастама шеңберінде Қазақстанның халықаралық нарықтардағы позициясын нығайтуға бағытталған 2025-2027 жылдарға арналған экспорттық Жол картасы әзірленеді.

Іс-шараны Халықаралық сауда орталығы (ХТО) Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің Ұлттық қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды. Дөңгелек үстел Ready4trade – Орталық Азия: Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Транскаспий көлік дәлізі арқылы өркендеу жолы» жобасы аясында өтуде.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жамбыл облысында заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

05.07.2025417 Views

Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

05.07.2025555 Views

Президент екі елдің елшілерін тағайындады

05.07.2025861 Views
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

05.07.2025

Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

05.07.2025

Президент екі елдің елшілерін тағайындады

05.07.2025

«МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН ТАНЫСТЫ»

04.07.2025

Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады

04.07.2025

Үкіметте негізгі энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды

04.07.2025

Талдықорғандық оқушы Еуропада өткен география олимпиадасында топ жарды

04.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.