Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАНДЫ

19.05.2025677 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетовты 60 жасқа толуына орай құттықтады. Басқосуға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, бірқатар сала басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы мерейтой иесінің еңбек жолына тоқталып, Сыр елінің дамуына өлшеусіз үлес қосқанын айтып, алғысын білдірді.
«Киелі Сыр бойы – өзінің адалдығымен, парасатымен ел құрметіне бөленіп, алғысын алған қабырғалы қайраткерлер мен текті тұлғаларға бай мекен.
Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Нағыз еңбек адамы бұл – істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат. Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс», – деген болатын.
Біз саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына арнаған, елдің қошеметіне бөленген өздеріңіздей азаматтарды ардақтап, лайықты құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырдық.
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, жерлесіміз Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы еңбек жолын жұмысшы маман ретінде бастаған.
Президентіміздің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, еңбек жолын қарапайым электрик болып бастап, Мәжіліс депутатына дейінгі сан түрлі қызметті абыроймен атқарған, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан мерейтой иесіне арнайы құрмет көрсетуге жиналдық.
Сізді жерлестеріміздің, өзімнің атымнан мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Ақыл-парасат, даналық пен даралық секілді төл өнегеңіз ұрпаққа үлгі, ұлтқа ұлағат бола беруіне тілектеспін», – деді Н.Нәлібаев.
Кездесуде Ақмарал Әлназарова, Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов құттықтау лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар, Қызылорда облысының құрметті азаматы Жарылқасын Шәріпов мерейтой иесінің елеулі еңбегіне тоқталды.
Мемлекет мүддесі, аймақ игілігі, халық мұраты жолында табысты еңбек еткен Мархабат Жайымбетовке «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы беріліп, халқымыздың игі дәстүріне сай Сыр жұртшылығы атынан сый-құрмет көрсетілді.
Мархабат Жайымбетов мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен. Қай қызметте де өзін білікті басшы, мықты ұйымдастырушы, жанашыр азамат ретінде танытып келеді. Қызылорда қаласының, Арал ауданының әкімі, облыс бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, екі рет облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарып, қоғам құрметіне бөленді. Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінде, Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық істері комитетін басқарған 6 жылдан астам уақытта қаламызда тұрғын үйлердің бой көтеруіне, инфрақұрылым тартылуына, сол жағалауды игеруге қолдау білдірді.
Облыс әкімінің орынбасары қызметінде энергетика, құрылыс, көлік, мемлекеттік сатып алу салаларына жетекшілік етіп, негізгі индикаторларға қол жеткізуге өз үлесін қосты. 2023 жылдан бері Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды бастама көтеріп келеді.
Басқосуда мерейтой иесі көрсетілген құрметке алғысын білдірді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді

26.12.2025159 Views

Әлеуметтік инспекторлар 1 370-ден астам тексеру жүргізді

26.12.2025201 Views

Биыл 91 мыңнан астам педагог мемлекеттік бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтті

26.12.2025148 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді

26.12.2025

Әлеуметтік инспекторлар 1 370-ден астам тексеру жүргізді

26.12.2025

Биыл 91 мыңнан астам педагог мемлекеттік бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтті

26.12.2025

Мұғалімдердің әкімшілік жүктемесі азайып, құқықтарының қорғалуы күшейтілді

26.12.2025

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

26.12.2025

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы мөлшері 10%-ға ұлғаяды

26.12.2025

Жауапкершілік пен ашықтық: ортақ міндет

25.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.