Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

01.06.2025394 Views
default
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне табысталды. Басқосуға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, академик, жерлесіміз, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев, «Самұрық — Қазына» Ұлттық компаниясының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Статус Ойл» мұнай компаниясының басшысы Серікжан Сейтжанов пен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Сыр еліндегі байыпты бастамаларға оң бағасын беріп, тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.
Аймақ басшысы жаңа ғимараттың ұлт руханиятына қызмет етіп, мәдени мұралардың ордасына айналуына тілегін білдірді.
«Бүгін — аймағымыз үшін тарихи сәт, айтулы күн. Қасиетті Сыр өңірі – астаналар мекені, ұлт руханияты мен мәдениетінің алтын діңгегі.
Президентіміз бірлік пен берекенің, өнер мен мәдениеттің құтты ұясы болған Сыр өңірін алтын бесікке теңеп, айрықша бағасын берді.
«Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар іске асуда. Аймағымыздың сәулеттік келбеті жаңарып келеді.
Мәдениет саласында жаңа жобалар жүзеге асуда.
Өнер және руханият саласының майталмандарына әлеуметтік қолдау көрсету басты назарымызда.
Жыл сайын мәдениет, өнер, әдебиет өкілдерін қолдау мақсатында «Тұран», журналист қаламгерлерге «Жебе» сыйлығын табыстау дәстүрге айналды.
Экспонаттарды таныстыру үшін заманауи технологиялар, жасанды интеллектінің жаңа мүмкіндіктері қолданылды.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің салынуына «Самұрық — Қазына» Ұлттық компаниясы өз үлесін қосты.
Заманауи жаңа ғимарат ұлтымыздың тарихи «Қазақ» атауының қайтарылғанының, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанының 100 жылдық мерейтойына, облыстық музейдің 85 жылдығына керемет тарту болды. Киелі «Сыр елі – жыр елінің» мәдени қазынасы арта бергей!», — деді Н.Нәлібаев.
Салтанатты шарада Наурызбай Байқадамов игі тілегін жеткізді.
Еске салайық, өткен жылы өңірімізде жарияланған «Руханият жылы» аясында барлық 7 ауданда 11 млрд. 500 млн. теңгеге «Руханият орталықтары» салынып, ел игілігіне табысталды. Бұл жерде ұлтымыздың құндылықтары дәріптеліп, салт-дәстүрлеріміз кеңінен насихатталуда.
Облыс орталығында «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», «Өнер орталығы», балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы салынып, іске қосылды.
Биыл Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының» қолдауымен құны 3 млрд.800 млн.теңгені құрайтын «Достық үйі» бой көтеруде.
Өткен жылы алғаш рет мәдениет саласының өкілдеріне жаңадан көпқабатты тұрғын үй салынып, 40 қызметтік пәтер табысталды.
Симфониялық оркестр, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталып, Жыраулар үйі ашылды.
Возможно, это изображение 8 человек
Возможно, это изображение 9 человек и текст
Возможно, это изображение 1 человек
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН АСПАЛЫ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.07.2025841 Views

Елімізде қабылданған стандарттардың 68%-дан астамы іс жүзінде қолданылып жатыр

10.07.2025329 Views

Қазақстанда қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіледі

10.07.2025610 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН АСПАЛЫ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.07.2025

Елімізде қабылданған стандарттардың 68%-дан астамы іс жүзінде қолданылып жатыр

10.07.2025

Қазақстанда қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіледі

10.07.2025

Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады

10.07.2025

Биыл Астанаға шамамен 1,7 млн турист келеді деп күтілуде

10.07.2025

Backstreet Boys бастапқы құрамының барлық бес қатысушысы Астанада өтетін концертте өнер көрсетеді

10.07.2025

2025 жылдың басынан бері 2 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды

10.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.