Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

01.06.20251 157 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталды. Салтанатты шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, академик, жерлесіміз, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев пен «Саутс Ойл» мұнай компаниясының басшысы Серікжан Сейтжанов, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Возможно, это изображение 12 человек, толпа и текст
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев жаңа ғимаратта өнерлі жастар тәрбиелене беруіне тілек білдірді.
Аймақ басшысы өнер қайраткерлерінің лайықты ізін жалғайтын өнер ордасының Сыр мәдениетінің қарашаңырағына айналғанын атап өтті.
«Елу жылға жуық тарихы бар Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі Сыр топырағында ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мәдени мұраның, ұлттық өнердің кемелденуіне зор үлес қосып келеді.
Бүгінге дейін оқу орны талапқа сай келмейтін ескі ғимаратта қиындықтарға қарамастан жастарға білім беріп, өнерге баулыды.
Жаңа ғимаратта студенттерге барлық жағдай жасалған. Үлкен концерт, би залдары, хор бөлмесі бар.
Кең музыкалық пәндік кабинеттер жаңа заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Материалдық-техникалық базасы заман талабына сай келетін 200 орындық жатақхана шалғай елді мекеннен келген жас өрендерді қабылдауға дайын.
Күн сайын жаңарып, жасарған Сыр өңірінің жаңа келбетіне көрік берген музыкалық колледждің ғимаратын салуға демеушілік жасап, қолдау көрсеткені үшін «Саутс-Ойл» компаниясының басшысы, елімізге белгілі меценат Серікжан Сейтжанұлына барша Сыр жұртшылығының, өзімнің атымнан шынайы ризашылығымды білдіремін.
Бұл ұлтымыздың тарихи «Қазақ» атауының қайтарылғанының, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанының 100 жылдық мерейтойына үлкен тарту болды. Жаңа нысан баршамызға құтты болғай!», — деді Н.Нәлібаев.
Салтанатты шарада Серікжан Сейтжанов пен Руслан Рүстемов жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Айта кетейік, Президентіміздің «Туған жерді бірге түлетейік!» үндеуі аясында кәсіпкер-меценаттар, қоғамдық қорлар бұл бастаманы қолдап, Сыр өңірін көркейтуге өз үлестерін қосуда. Бүгінде аймағымызда демеушілікпен 55 млрд. теңгеден астам қаржыға жаңа жобалар жүзеге асып келеді.
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы ашылды. Жобаны іске асыруға «Болат Өтемұратов қоры» 16 млрд.600 млн. теңге инвестиция салды.
Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд. 300 млн теңге қаржы бөлінді. «Самұрық Қазына Траст» қорымен бірге «Үстел теннисі орталығы», «ҚазМұнайГаз» компаниясының демеушілігімен 350 орындық заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайы» салынып, ел игілігіне қызмет етуде.
Жеке инвесторлардың, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының қолдауымен теміржол вокзалына күрделі жөндеу жүргізілді.
Биыл «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының қолдауымен барлық аудандағы теміржол вокзалдары күрделі жөндеуден өтуде.
Белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен «Анаға тағзым» орталығы салынып пайдалануға берілді.
Президентіміз жариялаған «Балалар жылы» аясында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен облысымызда 80 спорт-ойын алаңы салынды.
Демеушілердің қолдауымен 50-ден астам үйдің қасбеттері заманауи панельмен қапталды, аулалар абаттандырылып, заманауи спорт алаңдары, тротуарлар, жарық бағаналары жаңартылды.
Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған Орталық алаң жерлесіміз Асқар Әубәкіровтің демеушілігімен жаңғыртудан өтті.
Демеушілікпен Жаңақорған ауданында заманауи демалыс паркі, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында «Еңбекшілер паркі» бой көтерді.
Осындай абаттандыру жұмыстары барлық аудан орталықтарында, ауылдарда да жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жүргізілуде.
Демеушілер есебінен Арал ауданы, Тоқабай ауылындағы апаттық мектептің орнына құны 500 млн. теңге болатын мектеп салынды.
Қызылорданың Түркістан облысымен шекарасында кіреберіс қақпа ашылды.
Жақында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қолдауымен денешынықтыру- сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.
Биылғы Ассамблеяның 30 жылдығы аясында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының» қолдауымен жаңадан «Достық үйі» бой көтеруде.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

01.06.2025390 Views

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ: АТТРАКЦИОНДАР ПАРКІНІҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

01.06.2025872 Views

Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда

29.05.2025285 Views
Соңғы жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

01.06.2025

ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

01.06.2025

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ: АТТРАКЦИОНДАР ПАРКІНІҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

01.06.2025

Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда

29.05.2025

Кремль: Германия Украинадағы соғысты одан әрі ушықтырып жатыр

29.05.2025

Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың көзін жойғанын хабарлады

29.05.2025

Ақнәр ісі күрделеніп барады

29.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.