2025 жылғы 30 маусым күні таңғы сағат 07:32-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Ауғанстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Орталық таратқан ақпаратқа сәйкес, зілзаланың географиялық координаттары — солтүстік ендік 37.260 және шығыс бойлық 71.150. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батыс бағытта 822 шақырым қашықтықта, Ауғанстан шегінде орналасқан. Сейсмологиялық бағалау бойынша, зілзаланың әсері (баллмен) – сезілмеді.
Автор: un_admin
Қазақстанда Парламент депутаттары каникулға шықты. Келесі сессия қыркүйек айында басталады. 2025 жылғы 30 маусымда, дүйсенбі күні Парламент палаталарының осы саяси маусымдағы соңғы бірлескен отырысы өтті. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады. Қазіргі Мәжіліс құрамы 2023 жылғы наурызда сайланған болатын. Ал Сенат сайлауы сол жылдың желтоқсанында өтті. Қазақстан заңына сәйкес, Мәжіліс депутаттары 5 жыл мерзімге, ал Сенат депутаттары 6 жылға сайланады. Сенаттың сайланбалы депутаттарының жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланып отырады.
Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігі ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Нұрлан Сауранбаевты таныстырды. Таныстыру барысында Нұрлан Сауранбаевтың көлік саласындағы тәжірибесі атап өтілді. Премьер-министр Мемлекет басшысының министрлік ұжымы алдына қойып отырған басым міндеттерді атап өтті. Соның ішінде, Қауіпсіздік кеңесі отырысында берілген тапсырмаларды ескере отырып, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде порттарды, логистикалық хабтарды, халықаралық авто және теміржол дәліздерін дамыту қажет. Сондай-ақ автожол саласын дамытуға, әсіресе ірі жобалардың жүзеге асырылу сапасын бақылауға назар аудару тапсырылды. Авиация саласында басым міндеттер қатарында инфрақұрылымды жаңғырту, әуежайлар салу және реконструкциялау, халықаралық бағыттар желісін кеңейту, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиацияны дамыту атап өтілді.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктердің санын реттеу шараларын қайта бастау туралы шешімді растады. Министр бұл шешімді Батыс Қазақстан облысындағы фермерлермен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қадам ғылыми деректер мен халықаралық тәжірибеге сүйене отырып қабылданған. «Ғылыми қорытындыларға, фермерлердің ұсыныстарына және әлемде жекелеген жануар түрлерінің санын реттеу тәжірибесіне сүйене отырып, киік популяциясын реттеу туралы шешім қабылданды», деді Ерлан Нысанбаев. Бұған дейін Қазақстан киік популяциясын қалпына келтіруге көп күш пен қаражат жұмсаған-ды. Бүгінде осы жануарлардың ауыл шаруашылығына, азық-түлік қауіпсіздігіне, тіпті адамға қауіп төндіре бастады деген пікірлер айтылып жүр. Киік 1996 жылы Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл тізіміне енген. Қазақстанның Қызыл…
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Түркияның Кожаели қаласында өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, ұлттық құрама жарысты бес медальмен аяқтады. — Алтын жүлдені Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) пен Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) жеңіп алды. — Сондай-ақ команда қоржынына үш күміс медаль түст Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, ұлттық құрама жарысты бес медальмен аяқтады. Алтын жүлдені Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) пен Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) жеңіп алды. Сондай-ақ команда қоржынына үш күміс медаль түсті. Олардың иегерлері: Начын Куулар (70 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) және Әлішер Ерғали (125 келіге дейін). «Командалық…
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Дара» Президенттік бастамалар қоры Қазақстанның жетекші медиа ұйымдарының қызметкерлеріне пәтер сертификаттарын табыстады. Медиа саласы қызметкерлеріне баспана беру бастамасы — азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейту және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған кең ауқымды мемлекеттік саясаттың бір бөлігі, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі. Салтанатты рәсім барысында ҚР Президентінің Кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл үшінші жыл қатарынан журналистерге пәтер беру шарасы ұйымдастырылып отыр. Бұл – Президенттің отандық медиа қызметкерлеріне деген үлкен қолдауы. Биыл пәтерлер тек журналистерге ғана емес, режиссерлерге, операторларға, корректорларға және отандық медианың…
Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды.
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысында 567 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда. «Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%,…
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Саламат», «Қазына», «Алтын орда», «Сарыарқа» «Өжет» және тағы басқа базарлардан 30-дан астам ойыншы қатысты. Real компьютерлік клубында өткен турнирге киберспорттан бірнеше чемпионаттардың жеңімпазы болған Бірім Аманов төрелік жасады. Киберспорттың түрі көп екені белгілі. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың ұйғарымымен турнир ойыны ретінде киберспорттың FIFA 25 нұсқасы таңдалды. Ойыншылар өздеріне ұнайтын командаларды иемденіп, сол арқылы компьютер экранында ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар футбол командалары ретінде «Манчестер Сити», «Бавария», «Галатасарай», «Интер Майами», «Челси» сияқты үздік клубтарды таңдап, өздері «тізгіндеген» осы…
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Қызылорда қаласында боулинг пен бильярдтан турнир ұйымдастырылды. Турнирдің ашылуында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Боулингтен турнир нәзік журналист қыздарымыздың тек қалам шебері емес, спорт алаңындағы да нағыз көшбасшы екенін көрсетті. Бұл турнирде «Кызылординские вести» газеті — ерекше дәлдігімен өзгелерден оқ бойы озық шығып, І орын иеленді. «Қоғам ТВ» телеарнасы сенімді ойын өрнегімен ІІ орынды қанжығасына байлады. «Қызылорда» облыстық телеарнасы сәтті тактикасы мен ұйымшылдығының арқасында ІІІ орынға ие болды. Ал, ынталандыру қаржылай сыйлығы Opennews.kz сайты мен «Халық» газетіне табыс етілді. Бұдан бөлек, ақпарат саласындағы ер азаматтар бильярдтан өзара бақ…
