Автор: un_admin

2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 61,9 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды. Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды. Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР…

Read More

«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында 2025 жылғы қаңтар айынын бастап сервис (тамақтандыруды ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету), дизайн, тігін өндірісі, теміржол көлігі, IT, педагогика, медицина бағыттары бойынша «100 бейінді сынып» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Жобаға 7 ЖОО (Л.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университеті, Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Astana IT University, «Астана» медицина университеті, М.Тынышпаев атындағы АLT Университеті, «Астана» халықаралық университеті), Астана қаласының 21 колледжі мен 70 мектебі қатысады. Бейінді 8-11 сыныптарда барлығы 2892 білім алушы қамтылды, оның ішінде келесі бағыттар бойынша: 1. Сервис (тамақтандыруды ұйымдастыру) – 25 сынып ашылды, білім…

Read More

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов алдын ала ескертусіз «Астана» өңірлік қолбасшылығының  Қарағанды гарнизонындағы 31775 әскери бөліміне келді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қорғаныс ведомствосының басшысы жұмыс сапары барысында қызметтің ұйымдастырылуын, казармалар мен санитарлық аймақтардың жай-күйін, сондай-ақ, тамақтану сапасын тексерді. Мерзімді қызмет сарбаздарын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Әскери қызметшілермен әңгімелескен министр олардың тұрмыстық жағдайларына, туыстарымен байланысу мүмкіндігіне және бөлімшелердегі моральдық ахуалға қызығушылық танытты. Жабдықтаудың тұрақтылығын атап өткен жеке құрам көрсеткен қамқорлығы үшін қолбасшылыққа алғысын білдірді. Сарбаз асханасындағы түскі ас кезінде авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов дайындалған тағамдардың әр алуандығы мен сапасын жеке бағалады. Сапар қорытындысы бойынша…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде инфрақұрылым жүйелі түрде жаңғыртылуда. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының 3,9 шақырым магистралды жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін Үкімет резервінен шамамен 2,5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. №2 жылу магистралін реконструкциялау жобасы шеңберінде ЖЭО коллекторынан бастап «Сити Центр» сауда үйі маңайына дейін төменге түсіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылы басталды. Жылу магистралінің бұл учаскесі 1987 жылы пайдалануға берілген. Осы кезеңде көтергіш темірбетон конструкциялары, бекіту арматурасы біршама тозды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, аталған учаскеде реконструкциялау жұмыстары 2025-2026 жылдары жылыту…

Read More

Ұлттық қор қаражаты мақсатсыз пайдаланылған немесе есепті жыл ішінде игерілмеген жағдайда оны қайтарудың жаңа регламенті қабылданды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша жүзеге асырылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Бұған дейін Жоғары аудиорлық палата 2019-2021 жылдар аралығында Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттердің тиімділігіне аудит жүргізген. Аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай ұсынымдар берілді: – қаражат рұқсат етілмеген бағыттарға жұмсалған жағдайда оны қайтару қағидаларын бекіту; – пайдаланылмаған қаражатты қайтару мерзімі мен тәртібін нақтылау үшін тиісті қаулыға өзгерістер енгізу; – нысаналы мақсатта пайдаланылғаннан кейін қайта қолдануға жол бермеу үшін бюджеттік кредиттер мен облигациялық қарыздар түрінде берілген қаражатты қайтару механизмін әзірлеу.…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы» атты Жолдауында 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған орай, еліміздің барлық өңірінде жұмысшы мамандықтарды насихаттау, еңбек адамын қолдау және жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттыру бағытында ауқымды шаралар қолға алынды. Сыр өңірінде де «Жұмысшы мамандықтар жылын» мазмұнды әрі жүйелі өткізу мақсатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Бүгін Қызылордада «Жұмысшы жас мамандар слеті» өтті. Ауқымды жиынға еліміздің бірнеше өңірінен, сондай-ақ барлық аудандар мен қалалардан 100-ден астам жұмысшы жас маман арнайы қатысты. Пленарлық отырыста облыс…

Read More

Бүгін шаңырақ бастауының алтын діңгегіне айналған Отбасы орталығында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Ұлттық құндылықтар мен шаңырақтың береке-бірлігін насихаттайтын шарада қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров жеңімпаз атанған отбасыларды қала әкімінің дипломымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Биыл ұлттық конкурсқа 36 отбасы үміткер ретінде құжат тапсырып, олардың ішінен арнайы құрылған комиссияның шешімімен 26 отбасы іріктеліп алынды. Нәтижесінде 3 отбасы жүлделі орынды иемденіп, 3 отбасы арнайы номинация иегерлері атанды. Тамыры тереңге таралған, қанаты кеңінен жайылған әулет Ақжарма ауылдық округінің тұрғындары Іздіқұловтар отбасы І дәрежелі дипломмен марапатталды. ІІ дәрежелі диплом қала тұрғындары Мыңжасаровтар отбасына табысталса, ІІІ…

Read More

ҚР Ұлттық статистика бюросының ресми дерегіне сәйкес, ел экономикасының қорытынды өсуі 2024 жылғы қорытынды бойынша 5%. Бұдан бұрын, ЖІӨ өсуі алдын ала 4,8%-ға бағаланған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі. ҰСБ ақпараты бойынша, 2024 жылғы экономикалық өсу едәуір деңгейде мұнайға жатпайтын сектордың дамуы арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Тауар өндірісі 6,3%-ға артып (алдын ала дерек -5,5%), қызмет көрсету секторы 4,6%-ға өсуді көрсетті. Өзекті фактордың бірі өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 6,8%-ға (бұрын -5,9%) өсуі. Бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Құрылыс секторы 15,3%-ға (бұрын — 13,1%), ауыл шаруашылығы 13,7%-ға (бұрын — 13,3%) айтарлықтай үлес қосты. Байланысты салалар да оң серпін көрсеткен.…

Read More

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Премьер-министр «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегіш нысанын барып көрді. «Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша, еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі биылғы вегетация маусымында жауын-шашын тапшы болып тұр. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мен Солтүстік Еуразиялық климат орталығының болжамдарында гидрологиялық құрғақшылықтың ықтималдығы жоғары. Бұл ауыл шаруашылығына қатер тудырып отыр, әсіресе Сырдария өзені бассейні бойында құрғақ ауа райы ұзақ уақыт сақталар болса, кейбір жерлерде егін қурап кетуі мүмкін. Су беруді оңтайландыру…

Read More

Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен облыс әкімдерінің орынбасарларымен өткен кеңесте мектеп директорларын бос лауазымдарға тағайындау мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектептерде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» стратегиялық жобасын іске асырып келеді. Екі жыл ішінде іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен 583 кандидат республикалық кадр резервінің құрамына енді. 2025 жылы тағы 400 үміткер оқудан өтуде. Жобаны іске асыру барысында мектеп директорларының тапшылығы үш есеге қысқарды. Өңірлердің басым бөлігі басқарушы лауазымдарына арнайы дайындықтан өткен мамандарды тағайындау арқылы кадрлық резервтің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланады. Одан бөлек, 4 мыңға…

Read More