Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
Аймақ жаңалықтары

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

31.07.20253 271 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Жаңақорған ауданында ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Биылғы жылы егіс көлемі ұлғайып, су үнемдеу технологиялары енгізіліп, агротехникалық шаралар уақытылы атқарылуда. Шаруашылық құрылымдары өз әлеуетін тиімді пайдаланып, жаңа техникалармен жарақтануда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жаңақорған ауданының әкімі Мәжит Самитов мәлімдеді.
— Биыл ауданда 35 мың гектардан астам жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде күріш — негізгі дақыл ретінде 7 300 гектарды құрап отыр. Бұдан бөлек, күздік және жаздық бидай, тары, жүгері, майлы дақылдар, картоп, көкөніс, бақша өнімдері мен жоңышқа сынды дақылдар кең көлемде егілді. Жалпы ауданда 781 шаруашылық тіркелсе, соның 460-ы егін шаруашылығымен, 234-і күріш дақылын өсірумен айналысады. Су тапшылығын болдырмау мақсатында көктемгі егіс науқанына дейін 43 шақырымды құрайтын 17 канал тазаланып, су айналымы бойынша кезектілік кестесі әзірленіп, бекітілді. Қазіргі таңда су жетіспейтін танаптарға насос орнатылып, қашыртқы суларды қайта пайдалану жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, суды үнемдеу және тиімді пайдалану мақсатында аудан бойынша 100 гектарға жуық жерге тамшылатып суару технологиясы енгізілді. Мәселен, Сунақата ауылдық округіндегі «Әмір» шаруа қожалығы 14 гектар жерге осы технологиямен бақша өнімдерін екті. 2025 жылдың егісіне қажетті минералды тыңайтқыштар мен гербицидтер алынған. Егілген дақылдар толық агротехникалық шаралармен қамтылып, уақтылы күтім жасалуда. Тау бөктеріндегі шаруашылықтар жер асты суларын тиімді пайдалана отырып, бақша өнімдерінің көлемін арттырды. Әсіресе қарбыз дақылының көлемі 1 500 гектарға жуықтады. Жиналған өнімдер Ресейге және еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілуде. Ауыл шаруашылығы — біздің аудан экономикасының басты тірегі. Бұл салада еңбек өнімділігін арттыру үшін жаңа технологиялар мен заманауи техникалар қажет. Биыл шаруашылық құрылымдары өз қаражаттары мен лизинг есебінен 15 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Сонымен қатар, биылғы жылы 4 000 гектар күріш алқабы лазерлік тегістеуден өткізілді. Бұл — өнім сапасын арттыру мен суды тиімді пайдаланудың нақты көрінісі, — деді Мәжит Самитұлы.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026691 Views

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026515 Views

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202678 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.