Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА СТАДИОН ЖАҚЫН АРАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА СТАДИОН ЖАҚЫН АРАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

31.07.20251 722 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысы биыл Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында халықтың спорттық инфрақұрылымдарға қ1717олжетімділігін арттыру мақсатында облыс орталықтары мен аудандарда заманауи стадиондар мен спорт кешендерін салу мәселесіне ерекше тоқталған болатын.
Бұл ретте Ел Президенті және Үкіметтің ерекше қолдауымен аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен былтыр Қызылорда қаласының сол жағалауында құны 20,9 млрд теңгені құрайтын 11 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталған болатын. Бас мердігер — «ВД Строй Инжиниринг» ЖШС. Стадионның жалпы ауданы – 19 942,9 шаршы метр.
Бұл стадион халықаралық стандарттарына сай салынып жатқандықтан әлемдік додаларды жоғары деңгейде өткізуге мол мүмкіндік береді.
Бірегей нысанда жасыл алаңнан бөлек, олимпиадалық спорт түрлеріне арналған бокс залы, күрестің үш түріне арналған атап айтқанда дзюдо, грек-рим, еркін күрес залы, фитнес залы, спорттық гимнастика, таеквондо және ауыр атлетика залдары қамтылатын болады. Аталған спорттық залдар жыл он екі ай көлемінде спорт сүйер қауым үшін сапалы қызмет ететін болады.
Жаңа стадионның тағы бір ерекшелігі – УЕФА Классификациясы бойынша ІІІ санатты. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі «Фелипс» компаниясының өнімдері арқылы жарықтандырылатын болады. Бұл өз кезегінде, түрлі деңгейдегі мәдени-спорттық іс-шараларды және футбол матчтарын жоғары деңгейде өткізуге мол мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, жанкүйерлерге арналған «Қайсар» футбол клубының жабдықтарын сататын арнайы дүкен және дәмхана қарастырылмақ.
Стадиондағы жасыл алаң облыстың климаттық ерекшелігі ескеріле отырып, озық технологиялардың көмегімен төселетін болады. Тиісінше, жасыл алаңға керекті шикізат көлемі дамыған озық мемлекеттерден әкелінді. Сондай-ақ, ойыншыларға қолайсыздық тудырмау мақсатында футбол алаңының астыңғы қабатына жылыту желілері жүргізілді, бұдан кейін жасанды көгалдың астына 2 см болатын «shockpad» амортизациялық төсем қапталады. Бұл технология «Astana Arena» және Қызылордадағы жаңа стадионда ғана енгізілген. Осылайша заманауи үлгіде жабдықталған 11 мың орындық жаңа стадион халықаралық жарыстарды өткізуге толық мүмкіндік береді.
Аталған нысанды осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026644 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.20262 048 Views

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026852 Views
Соңғы жаңалықтар

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.2026

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙДІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЕМХАНАЛАР МЕН ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

12.02.2026

ALEM TECH FEST 2026 фестивалінде әлемнің 7 елінен 5000 астам оқушы бас қосады

11.02.2026

Атырау облысында 15,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды

11.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.