Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жұмысшы мамандықтар жылы: елорда мектептерінде 100-ден астам кәсіби бағыттағы сынып ашылды
Жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы: елорда мектептерінде 100-ден астам кәсіби бағыттағы сынып ашылды

04.08.2025633 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында 2025 жылғы қаңтар айынын бастап сервис (тамақтандыруды ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету), дизайн, тігін өндірісі, теміржол көлігі, IT, педагогика, медицина бағыттары бойынша «100 бейінді сынып» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жобаға 7 ЖОО (Л.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университеті, Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Astana IT University, «Астана» медицина университеті, М.Тынышпаев атындағы АLT Университеті, «Астана» халықаралық университеті), Астана қаласының 21 колледжі мен 70 мектебі қатысады.

Бейінді 8-11 сыныптарда барлығы 2892 білім алушы қамтылды, оның ішінде келесі бағыттар бойынша:

1. Сервис (тамақтандыруды ұйымдастыру) – 25 сынып ашылды, білім алушылар саны – 545, оның ішінде мемлекеттік тілде – 300, орыс тілінде – 245.

2. Сервис (техникалық қызмет көрсету) – 4 сынып, білім алушылар саны – 88, оның ішінде мемлекеттік тілде – 58, орыс тілінде – 30.

3. Дизайн – 12 сынып, білім алушылар саны – 290, оның ішінде мемлекеттік тілде – 80, орыс тілінде – 210.

4. Тігін өндірісі – 13 сынып, білім алушылар саны – 316, оның ішінде мемлекеттік тілде – 279, орыс тілінде – 67.

5. Теміржол көлігі – 5 сынып, білім алушылар саны – 121, оның ішінде мемлекеттік тілде – 91, орыс тілінде – 30.

6. IT – 9 сынып, білім алушылар саны – 156, оның ішінде мемлекеттік тілде – 83, орыс тілінде – 73.

7. Педагогикалық – 50 сынып, білім алушылар саны – 1064, оның ішінде мемлекеттік тілде – 919, орыс тілінде – 145.

8. Медицина – 12 сынып, білім алушылар саны – 282, оның ішінде мемлекеттік тілде – 158, орыс тілінде – 124.

2025 жылғы 1 ақпанда колледждер мектептермен келісілген тақырыптық жоспарлар әзірледі. Бейінді сыныптардың әр бағытына Астана қаласының әдістемелік орталығының жауапты әдіскерлері бекітілді. Бейінді сыныптардағы сабақтарды 170 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері жүргізеді. Сабақтарды өткізу формалары: дәрістер, шебер-сыныптар, экскурсиялар, тренингтер, жобалық жұмыстарды қорғаумен дөңгелек үстел, слет және басқалар. Бейінді сыныптардың жұмысына колледждердің әлеуметтік серіктестері жұмылдырылған. Мониторинг жүргізу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында бейінді сыныптардағы сабақтарға қатысу, білім алушылар арасында сауалнама жүргізу көзделген.

Сондай ақ, бейінді жұмыспен ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларда қамтылды. Атап айтқанда, кәсіптік бағдарлау бойынша сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру мақсатында Астана қаласының әр аудандары бойынша пилоттық мектептер (№8,23,65,71,79,83,89,96) іріктелініп алынды.

2023 жылы аталған бағыттағы бағдарлама қалалық сараптамалық кеңесте қаралып, бекітілді. Мектептердің материалдық техникалық базасы ескеріле отырып, бағдарламада көрсетілген үйірмелерді ашуға ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың саны анықталды. №23, 83 мектептерде «Тігін ісі», «Аспаз ісі» үйірмелерін мектептің штаттық бірлігі негізінде жүргізу мүмкіндігі бар, ал №65, 71, 96 мектептерде қосымша үйірме ашу үшін сағаттар М.Өтемісов атындағы және Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы есебінен алынды және осы аталған мектеп базасында өтеді.

Бұл үйірмеге 13 жастан жоғары әртүрлі жастағы балалар топтастырылған. Үйірмелерді технология және аспаздық кабинеттерінде бейінді білімі бар педагогтар жүргізеді. Сабақтар кестеге сәйкес аптасына 2 рет 2 академиялық сағаттан өткізіледі. Топтардың толымдылығы 6-7 адамнан тұрады. Білім алушылар бейіні бойынша бастапқы білім мен дағдыларды игереді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

02.04.202616 Views

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026104 Views

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026177 Views
Соңғы жаңалықтар

ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

02.04.2026

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026

Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

31.03.2026

Су тасқынына дайындық аясында барлық көпір мен су құбырлары тазартылды

31.03.2026

«ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері автожолдарда 47 млн текше метр қар тазартты

31.03.2026

Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба мерзімі ұзартылды

31.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.