Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Үкімет «Маңғыстау» туристік аймағын дамыту жөніндегі 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
Аймақ жаңалықтары

Үкімет «Маңғыстау» туристік аймағын дамыту жөніндегі 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті

05.08.2025212 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысында туризмді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Құжатта 9 бағыт бойынша салалық мәселелерді жүйелі шешу қарастырылған. Оның ішінде: инфрақұрылымды дамыту, логистика, цифрландыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кадр даярлау, инвестициялық жобаларды ілгерілету және басқа да бағыттар бар. Жоспарды жүзеге асыру кезеңінде жүзден астам іс-шара ұйымдастыру көзделеді.

Болашағы зор 12 туристік нысанның ішінде өңірдегі туризмді дамытудың негізгі бағыттарының бірі Кендірлі туристік аймағы болып белгіленді. Инфрақұрылымдық мәселелерді шешу, оның ішінде инженерлік коммуникациялар жүргізу, туристік нысандарды электр қуатымен, сумен жабдықтау және көлік қолжетімділігімен қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені іске асырылады. Кендірлі ауылында жолдар мен басқа да нысандарды жөндеуден бөлек, әуежай салынады. Бұл ретте инвесторлар мен эко-белсенділердің ұсыныстары ескерілді.

Ақтау қаласында теңіз вокзалы мен халықаралық деңгейдегі стадион салу жоспарлануда.

Сондай-ақ өңірде туризмді насихаттау үшін мәдени-спорттық іс-шаралар өткізу көзделген.

Кешенді жоспар туристер тартуға қолайлы жағдай жасауға және туристік аймақты одан әрі дамытуға қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар шағын және орта бизнес әрі қарай дамуға жаңа серпін алып отыр, бұл үшін жоспарда «Каспий ӘКК» АҚ желісі арқылы туризм саласын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын іске қосу көзделген.

Жоспар жүзеге асырылғаннан кейін 2029 жылға қарай ішкі туристер саны 430 мыңнан 520 мың адамға, ал келуші туристер санын 89 мыңнан 143 мың адамға дейін артады деп күтілуде. Туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 1,7 мың адамнан 2,7 мың адамға дейін, жеке инвестиция көлемі – 198,9 млрд теңгеге дейін, ал өңір экономикасындағы туризм үлесі – 2,2%-дан 3,6%-ға дейін өседі.

208

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026452 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026414 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.