Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Әлем жаңалықтары»Ресей ғылымы санкциялар салдарынан әлемнен үш жылға қалып қойған
Әлем жаңалықтары

Ресей ғылымы санкциялар салдарынан әлемнен үш жылға қалып қойған

09.09.2025209 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Фото: Роман Наумов / URA.RU / Global Look Press

Ресейдің халықаралық ғылыми қауымдастықтан оқшаулануы елдің ғылыми-технологиялық даму қарқынын тежеп, кадрлардың азаюына әкеліп отыр. Ресей ғалымдары мұндай жағдай елдің инновациялық әлеуетіне тікелей қауіп төндіретінін ескертіп жатыр.

РЭМ (Ресей экономикалық мектебі) ғылыми жетекшісі Рубен Ениколоповтың айтуынша, Ресей ғылымы қазіргі таңда әлемнен шамамен үш жылға артта қалған. Себебі ғылыми журналдарда жаңа зерттеулер әдетте 2-3 жыл кешігіп жарияланады, ал ең өзекті идеялар халықаралық конференцияларда талқыланады.

«Сіз бүгін оқып отырған нәрсе шын мәнінде екі-үш жыл бұрын белсенді болған тақырып. Жаңа идеялар халықаралық конференцияларда талқыланады, бірақ оған қатысу қазір әлдеқайда қиын әрі қымбат», – деді Ениколопов. Оның айтуынша, санкциялар ресейлік ғалымдардың заманауи зерттеулерге қолжетімділігін шектеген. Көптеген зерттеушілер халықаралық журналдарға жазылу үшін ақы төлегісі келгенімен, төлемдерге тыйым салынған.

Кадр тапшылығы

Ғылымдағы қиындықтарға қоса кадрлардың қысқаруы жағдайды ушықтырып отыр. «Ведомости» басылымының хабарлауынша, 2015–2024 жылдар аралығында Ресейде докторлар саны 23%-ға азайып, 21 705 адамға, ал кандидаттар саны 19%-ға кеміп, 67 881 адамға түскен.

Жоғары экономика мектебінің деректері бойынша, 2012–2021 жылдары аспиранттар саны 1,6 есе, түлектер саны 2,5 есе азайған. Бұл үрдіс 2019–2024 жылдар аралығында да жалғасқан.

Сарапшылардың айтуынша, негізгі себептердің бірі – ғалымдардың қартаюы мен жаппай зейнетке шығуы.

«Жоғалған ұрпақ» феномені

Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің басшысы Валентин Пармон да бұл мәселеге назар аударған. Оның айтуынша, Ресей ғылымы «ғылымды қажет ететін технологиялармен айналысатын мамандардың бір ұрпағын жоғалтты».

Пармонның пікірінше, жас әрі талантты ғалымдарды ғылымға қайтару үшін мемлекет қаржыландыруды үш есеге дейін арттыруға тиіс.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қамчыбек Ташиев қызметінен кетті

10.02.2026527 Views

Украина: Германия Ресейге бейбіт келіссөздерде ымыраға келуге шақырды

10.02.2026419 Views

Сәтсіз сынақ: Қытайлық Chery компаниясының басы дауға қалды

13.11.2025448 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17.03.2026

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026

САЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАСТАРЫ МОТОЦИКЛ ШЕРУІН ЖАСАП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

15.03.2026

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

15.03.2026

Арал ауданында өткен референдумға байланысты «Толқын» газетінің бас редакторы өз пікірін білдірді

15.03.2026

КӨК БӨРІ №260 УЧАСКЕДЕ

15.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.