Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстан индустрияландыру мен құрылыс саласының цифрлық трансформациясын жеделдете түседі
Жаңалықтар

Қазақстан индустрияландыру мен құрылыс саласының цифрлық трансформациясын жеделдете түседі

09.09.2025749 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жыл сайынғы Жолдауында берген тапсырмаларын орындауға бағытталған нақты қадамдар туралы баяндады. Министрлік арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) дамытуға күш салып жатыр. Бүгінде бюджеттен бөлінген әрбір теңгеге шамамен 8 теңге жеке инвестиция тартылады, ал 1,4 теңге қазынаға салық түрінде қайтарылады. АЭА іске қосылғалы бері жалпы құны 10 трлн теңгеге жуық 532 жоба жүзеге асырылса, оның 85-і  шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асқан. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен 800 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Әрбір арнайы экономикалық аймақ инвестиция, жұмыс орындары мен технология түрінде нақты қайтарым әкелуге тиіс. Ол үшін біз инвесторларға қойылатын талаптарды күшейтеміз және басқаруға жетекші халықаралық компанияларды тартамыз», — атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Тағы бір басым міндет — сирек жер металдарын және басқа да маңызды материалдарды қайта өңдеу бойынша кемінде үш ірі жобаны іске асыру. Бұл ретте төрт бағыт айқындалды, олар: батареялық материалдар, жартылай өткізгіш материалдар өндірісі, турбиналарға арналған ыстыққа төзімді қорытпалар және тұрақты магниттерді қайта өңдеу. Бұл ретте ЕО, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытаймен стратегиялық әріптестік туралы келісімдерге қол қойылды.

Нақты жобалардың қатарында — жылына 15 тонна галлий өндірісі, марганецтің таза сульфатын шығару (Taza Metal Technologies жобасы, өнімді Tesla сертификаттаған), сондай-ақ аккумуляторларға арналған графит (Sarytogan Graphite) өндірісі бар. Жезқазғанредмет және Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында ыстыққа төзімді никель қорытпаларын және магниттерді қайта өңдеу өндірісі жоспарлануда.

2026 жылы Қазақстан жер қойнауының цифрлық картасын құрастыруға кіріседі. Ол үшін биыл жобалық-сметалық құжаттамаға қаржы бөлінді. Картаға аэро-геофизика, геохимия, спутниктік суреттердің спектралдық талдауы және өзге де деректер енгізіледі.

Астанада халықаралық аккредиттелген геоаналитикалық зертхананың іске қосылуы маңызды қадам болмақ. Қазіргі уақытта RCI Inspection және PARAGON компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Мұнда керно және қор сақтау қоймалары орналасады. Сонымен қатар Жезқазғанда заманауи керноқойма құрылып, оны Ұлттық геологиялық қызметке беру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда геологиялық деректердің 60%-дан астамы цифрланды, бұл 2023-2024 жылдары жинақталған бастапқы ақпараттың 2,7 млн бірлігі деген сөз. Келер жылдың соңына дейін цифрландыруды толық аяқтау жоспарланып отыр. Геодеректерді жедел талдау үшін жасанды интеллект алгоритмдері де енгізіліп жатыр. Бұл ретте «Жер қойнауы туралы» кодекске 39 түзетуді қамтитын, жер қойнауын барлау және пайдалану туралы жаңа заң жобасы маңызды. Құжат мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықта талқыланып, келісілген, жақын арада Мәжілістің қарауына енгізіледі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сумен жабдықтау және су бұру нысандарын сенімгерлік басқару тетіктері енгізіледі. Ол үшін үлгілік келісім әзірленіп, әкімдіктер берілетін нысандар тізімін жасайды. Қазақстан қазірдің өзінде халықаралық Suez, Veolia және Aqualia компанияларымен әріптестік орнатты. Мәселен, Қарағандыда Suez компаниясымен су арнасын жаңғыртуға арналған кешенді талдау және жаңғырту жоспарын қамтитын келісім жасалды.

Ұлттық жоба шеңберінде коммуналдық шаруашылықты жаңғырту цифрлық шешімдерді пайдалану арқылы жүргізіледі. Үй шаруашылықтары мен бизнес нысандарын есепке алу жабдықтарымен жаппай жабдықтау, табиғи монополия субъектілері үшін автоматтандырылған есеп жүйелерін енгізу жоспарланып отыр.

Осы жылдың соңына дейін құрылыстың Бірыңғай ұлттық цифрлық платформасының құқықтық базасын қалыптастыру аяқталады. Ол жоспарлау мен сараптамадан бастап нысандарды салу сапасын бақылауға дейінгі барлық процестерді біріктіреді.

«Құрылыстың Бірыңғай цифрлық платформасын енгізу бізге саладағы ахуалды нақты уақыт режимінде көруге мүмкіндік береді, яғни алғашқы жобалық шешімдерден бастап нысандарды пайдалануға дейінгі барлық процестерді көріп отырамыз. Бұл ашықтықты қамтамасыз етеді, артық бюрократияны жояды және азаматтардың өмір сапасын арттырады», — атап өтті ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, Президент тапсырмаларын орындау индустрияландыруға қуатты серпін береді, инвестиция ағынын қамтамасыз етіп, ел экономикасының сапалы өсіміне жағдай жасайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

02.04.202616 Views

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026104 Views

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026177 Views
Соңғы жаңалықтар

ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

02.04.2026

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026

Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

31.03.2026

Су тасқынына дайындық аясында барлық көпір мен су құбырлары тазартылды

31.03.2026

«ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері автожолдарда 47 млн текше метр қар тазартты

31.03.2026

Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба мерзімі ұзартылды

31.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.