Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Әлем жаңалықтары»Германиядан Сирияға небәрі 2 мыңға жуық адам оралды
Әлем жаңалықтары

Германиядан Сирияға небәрі 2 мыңға жуық адам оралды

09.09.2025529 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Фото: ашық дереккөз

Башар Асад билігі құлағанымен, Германиядағы сириялық босқындардың басым бөлігі әлі де елге қайтқан жоқ.

Қазіргі таңда Германияда 955 мыңға жуық сириялық тұрады, ал биылғы сегіз айдың ішінде тек 1867 адам ғана отанына оралған. Оның үстіне ондаған мың сириялық Германия азаматтығын алып үлгерген.

Сарапшылардың айтуынша, Сириядағы жағдай әлі де ауыр: инфрақұрылым қираған, банк жүйесі жұмыс істемейді, қауіпсіздікке кепілдік жоқ.

Христиан-демократиялық одақ (ХДС) партиясы босқындарды елге қайтару үдерісін жеделдетуді талап етті.

– Германияда қалуға жасалған экономикалық жағдайлар Сирияны қалпына келтіруге үлес қосуға деген ынтадан артық болмауы тиіс. Дегенмен, біз жергілікті ахуалды тұрақтандыруға, қайта құруға және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірлесіп әрекет етуіміз қажет, — деді Генрихман.

Айта кетейік, 3 қыркүйекте  Франция соты Сирияның экс-президенті Башар Асадқа және оның алты жақтасына халықаралық қамауға алу ордерін берді.

Ордерлер 2012 жылы Сирияның Хомс қаласына жасалған әуе шабуылы кезінде қаза тапқан америкалық журналист Мари Колвин мен француз фотографы Реми Окликтің ісіне қатысты шығарылған. Франция билігі бұл шабуылды адамзатқа қарсы қылмыс және соғыс қылмысы деп санайды.

Асадтан бөлек, қамауға алу ордері оның інісі, Сирия армиясының 4-ші танк дивизиясының командирі Махер Асадқа, сондай-ақ бұрынғы барлау басшысы Али Мамлюкке және Сирия Қарулы күштерінің экс-бас штабы бастығы Али Аюбқа қатысты шығарылды.

Асадтың биліктен кетуі

Башар Асад 2000 жылдан 2024 жылға дейін Сирия президенті болды. Ол 2011 жылы антиүкіметтік толқуларды күшпен басты, соның салдарынан елде азаматтық соғыс тұтанды.

2015 жылдан бастап Асадқа Ресей ашық қолдау көрсетті. 2016 жылы ресейлік әуе күштерінің жаппай бомбалауынан кейін оның әскері Алеппоны қарсыластарынан тартып алды.

Халықаралық ұйымдар Асад билігін адам құқықтарын бұзды, бейбіт тұрғындарды жаппай қырды, химиялық қару қолданды және азаматтық нысандарды атқылады деп талай мәрте айыптаған.

2023 жылы Франция соты Асадқа химиялық қару қолданғаны үшін ордер шығарған болатын.

2024 жылғы желтоқсанда Асад көтерілісшілер тарапынан биліктен құлатылды да, Дамаскіден Мәскеуге қашты. Жаңа сириялық билік Ресейден оны экстрадициялауды талап етті. Алайда президент Владимир Путин Асадты беруден бас тартты.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026597 Views

Трамп АҚШ медиасын сынап тастады

21.04.2026638 Views

Қамчыбек Ташиев қызметінен кетті

10.02.2026530 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.