Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Ғалымдар «Superpave» технологиясы бойынша алғашқы жол телімдерін төседі
Жаңалықтар

Ғалымдар «Superpave» технологиясы бойынша алғашқы жол телімдерін төседі

19.09.2025547 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ «EQ»

Елімізде халықаралық «Superpave» (Superior Performing Asphalt Pavement) технологиясы бойынша алғашқы жол телімдері салынды. Асфальтбетон қоспаларын жобалаудың бұл жүйесі қатты аяз бен аптап ыстықты, сондай-ақ көлік қозғалысының жоғары қарқындылығын ескере отырып жасалынады, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа тәсілдің арқасында жол жабындарының жөндеуаралық мерзімі 20 жылға дейін ұзарады деп күтілуде. Бұл еліміздің күрт континенталды (құбылмалы) климат жағдайында ерекше маңызды. Жауын-қары жиі түсіп, жаңа төселген жолды қаһаған аязда қақырата жарып, жарықшақтар мен ойықтарды тездедетін солтүстік өңір мен аптап ыстығы күндіз жер бастырмайтын оңтүстікке де теңдей тиімді болады. 

«Жаңа технологияға көшу қажеттілігі қазіргі жолдардың жай-күйімен байланысты. Қозғалыс көлемі жылдан жылға артып, жүк көліктерінің ағымы мен осьтік жүктемелер ұлғаюда. Бұған қоса, басты сынақ, ол – климат. Қазақстанда жазда ауа температурасы +50°С-қа дейін көтерілсе, қыста — 40°С-қа дейін төмендейді. Мұндай күрт айырмашылық дәстүрлі әдіспен салынған жабындарда жарықтардың пайда болуына, деформацияға және қалыңдау іздерінің түзілуіне әкеледі. Соның салдарынан жиі жөндеу қажет болып, шығындар артады» деді Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының (ҚазолҒЗИ) мамандары.

«Superpave» технологиясы осындай сын-тегеуріндерге жауап береді. Ол климаттық жағдайлар мен көлік ағынын ескеріп, асфальтбетон құрамын ыстықта да, қыстың суығында да беріктігін сақтайтындай етіп таңдайды. Әдісті қазақстандық жағдайға бейімдеу жұмысын «ҚазжолҒЗИ» ғалымдары жүргізуде. 2024 жылдан осы жылдың маусым айына дейін институт мамандары 300-ден астам зертханалық сынақ өткізді. Нәтижелер көрсеткендей, «Superpave» қоспалары ылғалға, жоғары температураға және қайталанатын жүктемелерге төзімді. Бұдан бөлек, полимер-битумды байланыстырғыш (ПББ) аймаққа сәйкес PG маркасына сай болса асфальтбетон құрамын іріктеу мерзімі 15 күннен төрт күнге дейін қысқарады. Мамандар бұл бүкіл процесті айтарлықтай жеделдетіп, тездететінін атап өтті.

Жаңа тәсілдерді заңды түрде бекіту мақсатында өткен жылы Қазақстанда үш ұлттық стандарт қабылданды. Ал биыл жыл аяғына дейін қоспаларды жобалау ережелері мен битумдарды PG жүйесі бойынша жіктеуді қамтитын тағы бірнеше құжат дайындалады деп күтілуде.

Алғашқы сынақтық жолдар «Алматы — Көкпек — Көктал — Қорғас», «Отар — Ұзынағаш», «Қапшағай — Құрты», Астана қаласының көшелерінде, «Астана — Щучинск» және «Қызылорда — Жезқазған»  автомобиль жолдары телімдерінде төселді.

Технологияны енгізудің жол картасы да бекітілген. Оған сәйкес, келесі жылы тағы үш учаскеде сынақ жүргізу жоспарланған. Барлық тәжірибелік нысандарға мониторинг 2027 жылдың соңына дейін жүргізіледі. Нәтижесінде «Superpave» технологиясын толық көлемде енгізу жөнінде қорытынды дайындалмақ.

Еліміз үшін бұл технологияны енгізу стратегиялық маңызға ие. «Superpave» қатаң климат пен өсіп келе жатқан көлік жүктемесіне төтеп бере алатын сапалы жолдар салуға мүмкіндік береді. Ол жөндеу шығындарын азайтып, көлік жүйесінің сенімділігін арттырады деген сенім мол.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025429 Views

Семейдегі 30 аула жаңа кейіпке енді

03.10.2025839 Views

Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцинация басталды

03.10.2025253 Views
Соңғы жаңалықтар

«18 жастағы сенсация»: «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза әлем назарын аударды

03.10.2025

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025

Семейдегі 30 аула жаңа кейіпке енді

03.10.2025

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025

Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцинация басталды

03.10.2025

Трамп америкалықтарға 1 трлн доллар үлестіруі мүмкін

03.10.2025

Импортқа тәуелділік азайса игі

03.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.