Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Білім»Биыл ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадаға 125 мыңнан астам бала тіркелді
Білім

Биыл ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадаға 125 мыңнан астам бала тіркелді

22.09.2025535 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Дарынды балаларға білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы соңғы үш жыл көлемінде ғылыми зерттеумен айналысып, жүйелі мониторинг жүргізді. Аталған зерттеулерге 32 білім беру ұйымы қатысып, психологиялық тестілер мен әдістемелер үш кезеңдік апробациядан өтті. Нәтижесінде маңызды деректер жиналып, педагогтерге оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдар дайындалды. Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, мониторинг барысында оқушылардың дарындылық түрлері анықталды: жалпы зияткерлік (академиялық) дарындылық; ақпараттық-коммуникативтік дарындылық; шығармашылық дарындылық; әлеуметтік дарындылық; спорттық дарындылық. Әрбір бағыт бойынша арнайы ұсынымдар әзірленіп, білім беру моделіне енгізілді. Бұл ұсынымдар әр баланың өзінің білім беру траекториясын қалыптастыруына мүмкіндік береді.

«2024-2025 оқу жылында 80-нен астам республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік іс-шара ұйымдастырылып, оларға еліміздің 1 млн 600 мыңнан астам мектеп оқушысы қатысты. Бұл жалпы оқушылар санының 40%-ын құрайды. Ерекше бастама – ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиада. 2025 жылы бастапқы кезеңге 125 мыңнан астам бала тіркелді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12 мыңға артық. Ауылдық жерлердегі дарынды оқушылардың республикалық олимпиадалар мен байқауларға қатысуы соңғы үш жылда он есе өсті», – деді спикер.

Білім алушылар мен мектептер арасында бәсекелестікті қалыптастыру, жетістіктерді бағалау және үздік тәжірибені тарату мақсатында елімізде олимпиадалық бағыттағы «100 үздік мектеп» рейтингі әзірленіп, жыл сайын жаңартылып отырады.

Инновациялық жобаларды табысты іске асыру – Қазақстан құрама командаларының ғылыми жетекшілерінің, жаттықтырушыларының, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың қазылар алқасы мүшелерінің кәсіби біліктілік деңгейінің арқасында жүзеге асырылатынын атап өту маңызды. Дарынды оқушыларды халықаралық зияткерлік олимпиадаларға дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасын қалыптастыру үшін жүйелі түрде оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады. Барлық жаттықтырушы сарапшылар кеңесінде қаралып, бекітіледі.

Оқу-жаттығу жиындары өңірлерде жылына кемінде 3 рет өткізілсе, ұлттық құраманың мүшелері үшін республикалық деңгейде тоғыз пәннен 4 жиын ұйымдастырылады. Мәселен, 2024-2025 оқу жылында 300 олимпиадалық резерв кандидаты үшін 27 республикалық және 5 халықаралық оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Нәтижесінде халықаралық олимпиадаларға 121 оқушы іріктелді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026691 Views

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026515 Views

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202677 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.