Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды. Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады). Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады. Сотталушылардың соңғы сөзі 6 мамырда сағат 10:00-де өтеді.
Автор: un_admin
Фото: aikyn.kz Телеарна мәліметінше, Қазақстанда фармацевтикалық препараттардың құны соңғы бір жылда 11 пайызға өскен. Алайда сарапшылар алдағы уақытта дәрілік заттарды таңбалау басталғанда баға тағы өсетінін айтады. Өңірлер арасында фармацевтикалық өнімдер бағасының өсімі бойынша Ұлытау облысы көш бастап тұр. Мұнда дәрі-дәрмек 18,4 пайызға қымбаттаған. Одан кейінгі орында Астана мен Шымкент қалалары тұр. Ал ең төмен баға Маңғыстау облысында тіркелген. Онда дәрі-дәрмек құны 5,6 пайызға көтерілген. Қазақстан тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Талғат Омаровтың сөзінше, Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда едәуір қымбат. Тіпті, 400-500 пайызға жетіп жатады. Жалпы бағаның өсуіне әуелі инфляция әсер етеді, — дейді ол. Дәріхана иелері дабыл қағуда. 1…
Фото: polisia.kz Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылында тұрғын саны 2 500-ден асады. Бір-біріне деген сый-құрметі артқан ауылда 6 азық-түлік дүкені бар. Алдағы уақытта аталған дүкендердің сөресінде арақ-шарап сатылмайды. Өйткені ауыл тұрғындары ішімдіктен мүлде бас тартты. Бұл бастаманы дамыту үшін ауыл ақсақалдары, әкімдік, полиция, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер көтеріп, жиын өткізді. Онда Жаңажол ауылы тұрғындардың ішімдіктен бас тартуы, қылмыстың, құқықбұзушылықтың болмауына, отбасылық дау-жанжалдарға жол бермеуге өз септігін тигізетіні айтылды. Өз кезегінде жеке кәсіпкерлер игі бастамаға қолдау білдірді. Айта кетсек, ауылда учаскелік полиция инспекторларының жүйелі жұмысы мен тұрғындардың ащы судан бас тартуы себебінен соңғы 3 жылда мүлде қылмыс…
Фото: primeminister.kz Жиында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ға инвестордың іс-қимыл барысы егжей-тегжейлі жазылған жаңа әдістемелік анықтамалық таныстырылды. Әрбір орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган инвесторлармен жұмыс істеу кезінде осы нұсқаулықты басшылыққа алатын болады. Бұған қоса, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев қазақ-қатар жұмыс тобының жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады. Қазақстан мен Қатар арасындағы екіжақты тауар айналымында оң динамика байқалады. 2023 жылғы өсім – 50%. Бүгінде Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастық шеңберінде жалпы құны 18 млрд доллардан асатын 15 жобаны қамтитын инвестициялық пул қалыптастырылды. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде әрқайсысы ілеспе кәсіпорындардың тұтас кластерін құруға бағытталған 17…
Фото: Halyq Uni 4 мамырдағы сот отырысында сот процесіне қатысушылар жарыссөздің екінші бөлігіне көшті. Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады. Айта кетейік, 2024 жылдың 2 мамырында Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөз басталды. САЛТАНАТ НҮКЕНОВАНЫҢ ҚАЗАСЫ 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды. Сот басталған кезде сотталушы Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады. Экс-министрдің соттағы жауабын мына жерден оқуға болады. Бишімбаевтың айтуынша, Салтанат…
Фото: polisia.kz Ұзақ уақыт бойғы жедел-тергеу іс-шаралар кешенінің нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 күдікті – Тараз қаласының 34 және 32 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олар синтетикалық есірткіні облыс орталығы аумағында таратқан. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің бірінің үйіндегі жатын бөлмесінен жалпы салмағы 122,37 грамм мефедрон синтетикалық заты жасырылған орын табылды. Яғни, 330-дан астам доза есірткінің тұтыну үшін таралуына жол берілмеді, оның қара нарықтағы құны 5,5 миллион теңгеге бағаланады. Екі жақын дос Таразда есірткі заттарын сатумен айналысқан. Жедел қызметкерлер оларды ұзақ уақыт бақылады. Есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы операция олардың тұтынушылармен алдын ала кезекті келісімінен кейін жүргізілді, –…
Аймақ басшысы денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері, өзекті мәселелері туралы айтты. «Мемлекет басшысының, Үкіметтің тапсырмасына сәйкес біз денсаулық сақтау саласының дамуына, медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нығаюына, олардың қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне, тапшы кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөліп келеміз. Заманауи жаңа ғимараттарды ел игілігіне табыстап, медицина қызметкерлерінің жылы да жайлы жұмыс орнында халыққа сапалы қызмет етуі үшін барлық жағдай жасалуда. Нәтиже жаман емес. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда бір деңгейде сақталса, ана өлімі 5,7 есе, сәби өлімі 13,4%-ға төмендеді. 2023 жылдың қорытындысымен 3 негізгі медико-демографиялық көрсеткіштің нысаналы индикаторына қол жетті. Президентіміздің, Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында аймағымызда нәтижелі…
Аймақ басшысы Сыр өңірін су басу қаупі болмағанымен, апаттың алдын алу шараларын, оның ішінде құзырлы органдардың дайындығын пысықтау өзекті мәселе екендігін атап өтті. «Өздеріңізге белгілі, көктемгі су тасқынынан 10 облыста төтенше жағдай жарияланды. Тұрғын үйлер, кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар су астында қалып, елді мекендер арасындағы автокөлік жолдары жабылды. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат болып танылды. Тасқынның алдын алу мақсатында менің тапсырмама сәйкес өңірлік штаб құрылып, су басу қаупі бар 29 аймаққа 364 арнайы техника мен 1102 адам күші бар 116 жауапты мекеме бекітілді. Сең жүру кезінде су шаруашылығы мамандары, төтенше жағдай саласының қызметкерлері және жергілікті…
Вейп деп аталатын электронды шылымды сатуға тыйым салу туралы ұсынысты қоғам белсенділері мен депутаттар биыл ғана емес, бірнеше жыл қаузады. Түрлі сын-пікір айтылды. Тіпті мұның соңы вейптің сатылымын қолдайтын және оған қарсы топтың текетіресіне ұласты. «Вейпке тосқауыл қоюға ниеттілер – дәстүрлі темекі өнімдерінің сатылымын қолдайтын топ» деген сарында қарсы пікірлер айтылды. Бұл кезде ата-аналар қауымы қаптамасы көз тартатын, дәмі тіл үйіретін зиянды заттарға қарсылығын әлеуметтік желіде ашық білдіре бастаған. Қысқасы, вейп өнімдерін қолдайтындардан қарсы пікір айтқандардың үлесі әлдеқайда басым болды. Денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларда вейптерді сатып, таратқандарға қатысты жаза нақты көрсетілген. Заңда айыппұл көлемі 200…
Маман Ғазиз Надуевтың айтуынша, су тасқыны салдарынан адамдар арасында түрлі инфекция тарауы мүмкін. Әсіресе, жіті ішек инфекциясының тарау қаупі жоғары. Себебі үй-жайды, даладағы қораны, әжетхананы — барлығын сел шайып кетті. Қазір судың астында түрлі жануардың өлексесі, қоқыстар мен қалдықтар жатыр. Ал лас суда түрлі химикат, паразит, бактерия, вирус бар. Одан түрлі инфекция пайда болады. — Қазір төтенше жағдай жарияланған аймақтағы, үйлерін су басқан тұрғындар эвуакацияланды. Олар арнайы пункттерге орналасты. Ол жерде халыққа бөтелкедегі таза су беріліп жатыр. Оған қоса біздің қызметкерлеріміз зертханада олардың ішіп-жеп жатқан тағамын, жатқан жерін зерттеп, бақылап отыр. Сонымен қатар халыққа ақпарат беріліп, санитарлық-ағарту жұмысы жүргізіліп жатыр.…