Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Денсаулық»Қазақстанда эпидемиологиялық маусымда емханалардың жұмысы күшейтілді
Денсаулық

Қазақстанда эпидемиологиялық маусымда емханалардың жұмысы күшейтілді

20.11.2025280 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі жағдайында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы күшейтілді. Емханаларда фильтр кабинеттері жұмыс істейді, эпидемияға қарсы режимнің барлық талабы сақталады. Амбулаториялық жағдайда ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастардың шамамен 80%-ы емделіп жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, алғашқы буын деңгейінде медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін 995 мобильді бригада ұйымдастырылған, олар үйге барып, пациенттерге көмек көрсетеді. Сондай-ақ 1 800 фильтр кабинеті жұмыс істейді, олардың жартысынан көбі жүкті әйелдер мен балаларға арналған. Шұғыл медициналық көмекті 1 600 жедел жәрдем бригадасы көрсетеді.

«Инфекциялық стационарлар мен мамандандырылған ауруханаларда стационарлық көмек көрсету үшін 11 мыңға жуық төсек-орын, оның ішінде 2 мың резервтік төсек-орын орналастырылды. Бүгінгі таңда 8 мыңнан астам пациент ауруханаға жатқызылды, республика бойынша төсек-орын қорының 76%-ы бос емес», — деді Тимур Сұлтанғазиев.

Спикердің айтуынша, денсаулық сақтау ұйымдарында вирусқа қарсы және қызуды басатын препараттар, жеке қорғаныс құралдары мен дезинфекциялық құралдардың жеткілікті қоры қамтамасыз етілген. Білім беру мекемелері мен балабақшаларда оқушылар мен қызметкерлердің аурушаңдығы және сабаққа қатысуына күнделікті мониторинг жүргізіледі. ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды анықтау үшін таңертеңгі фильтр ұйымдастырылды, температуралық және дезинфекциялық режимдер сақталады. Орталық және өңірлік деңгейлерде халық арасында түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

«Инфекция қаупін азайту үшін қарапайым алдын алу шараларын сақтау ұсынылады: адамдар көп жиналатын жерлерге, әсіресе, жабық бөлмелерге баруды шектеу, үй-жайларды үнемі желдету, антисептиктер мен дезинфекциялық майлықтарды пайдалану, қолды жиі жуу. Тұмау немесе ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, ұйымдасқан ұжымдарға жібермеу керек», – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.