М.Сужиков атындағы №6 орта мектебінде «Ғасыр қанатындағы ғибрат ордасы» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Тағылымды шара мектептің бір ғасырлық білім мен тәрбие жолын айшықтаған тарихи-танымдық конференциямен басталып, концерттік бағдарламаға ұласты.
Конференция барысында бірқатар белгілі түлектер мен сала мамандары баяндама жасап, мектептің әр кезеңдегі даму жолына тоқталды.
Атап айтқанда, Дәулет Омаров – «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық тобының мүшесі «Қызылорда тарихы: мұрағат пен мұражай қорында» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, өңір тарихы мен білім ордасының сабақтастығын ғылыми тұрғыда тарқатты.
