Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

02.09.20264 931 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Жаңақорған ауданы Шалқия кентінде «Liaoning Hongda Group» компаниясы «Бурабай-Жалғызағаш» тау-кен байыту комбинатының құрылысы ресми түрде басталды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Liaoning Hongda Group» компаниясының бас директоры Тан Цзюган қатысты.
Рәсімде аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтап, жаңа өндіріс орны өңір экономикасына тың серпін беретінін атап өтті.
«Комбинат құрылысының басталуы – Сыр өңірі үшін тарихи оқиға. Бұл – облысымыздың индустриялық дамуына жаңа серпін, экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндік беретін ірі инвестициялық жоба.
Осындай ауқымды әрі заманауи жобаны аймағымызда жүзеге асырған «Liaoning Hongda Group» компаниясына зор ризашылығымды білдіремін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізді жаңа инвестициялық циклге көшіру, заманауи өндірістерді іске қосу және өңірлердің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануды тапсырған болатын.
Бүгінгі тау-кен байыту комбинаты – осы ауқымды жұмыстардың аса маңызды бөлігі. Құрылысына 138 млрд теңге қаралған жоба толық іске қосылғанда жылына 210 мың тонна қорғасын-мырыш шикізатын және 20 тонна күміс өндіру жоспарлануда. Ең бастысы, 550-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Бүгін басталып жатқан құрылыс сәтті аяқталып, мерзімінде іске қосылып, ел игілігіне қызмет ететініне сенемін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Шарада компания директоры Тан Цзючан, ел ағасы Изадилла Нәрзілдаев сөз сөйледі.
Тау-кен байыту комбинатын алдағы екі жыл ішінде салып, 2028 жылы толық аяқтау жоспарланған.
Қазіргі уақытта кен орнының минералдық-шикізат базасын кеңейту мақсатында бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ өндірістік жолдар салу да қолға алынып, құрылыс алаңдары анықталды. Бұдан бөлек, электр желілеріне қосылуға жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі уақытта нысанды электр қуатымен қамтамасыз ету және электр желілеріне қосу межеленген.
Айта кетейік, кейінгі жылдары Сыр өңірінде жаңа өндіріс орындарының негізі қаланып, ірі жобалар жүзеге асуда. Жаңақорған ауданында үш жылда 6,7 млрд теңгеден астам қаржыға 9 инвестициялық жоба іске қосылды. Биыл 3 жоба көзделсе, оның екеуі ел игілігіне айналды. Алдағы үш жылда облыстың өнеркәсіп саласында 1,9 триллион теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

default
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202692 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.