Автор: un_admin

Фото: mazhilis.parlam.kz Бүгін Палаталардың бірлескен отырысында VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясының ашылуы өтті. Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға Парламенттің қос палатасының спикерлері мен депутаттары, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері, Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық сот пен Жоғарғы сот төрағалары, Президент Әкімшілігінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың басшылығы қатысқан. Айта кетейік, 28 тамыз күні Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын.

Read More

Елімізде 1 қыркүйекте Білім күні атап өтіледі. Бұл – оқушылар мен студенттер, мұғалімдер мен оқытушылар үшін ерекше мереке, өйткені ол білімнің елдің, қоғамның және әрбір адамның табысты дамуының басты құндылығы екенін еске салады. Биыл мектептерде оқу процесі 2 қыркүйектен басталады. Жалпы 4 миллионнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттайды, оның ішінде 360 мыңнан астамы – бірінші сынып оқушылары. Жаңа оқу жылы қызықты сабақтарға, жаңа жобаларға толы болып, бұрынғы жетістіктермен шектелмей, жаңа нәтижелерге жеткізсін!

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Қазақстанның тағдыр қосқан тату көршісі, жақын досы және мәңгілік стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ортақ тарих, терең байланыс пен өзара түсіністік – халықтарымызды біріктіретін мызғымас құндылықтар. – Біздің елдеріміздің арасында әрдайым терең сенім бар, қарым-қатынасымыз қарқынды және тиімді түрде дамуда. Байланыстарымыз жылдан жылға нығайып келеді. Соның арқасында елдеріміз берік әрі серпінді іскерлік қатынастардың іргетасын қалады. Қытай – жаһандық көшбасшы мемлекет, Қазақстанның түрлі бағыттағы, соның ішінде сауда саласындағы басты серіктесі. Бұл – Төраға Си Цзиньпиннің арқасы. Былтыр біздің елдеріміз арасындағы сауда айналымы 44 миллиард долларға жетті. Бұл – екі ел тарихында бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш.…

Read More

Қарағанды облысында Қазақстандағы тұңғыш аймақтық инновациялық индустриялық хаб – «Картех» іске қосылмақ. Жаңа орталық ғылым мен өндірісті тоғыстырып, озық технологияларды енгізу және қолданбалы ғылымды дамыту үшін мемлекет, бизнес пен ғылыми қауымдастықтың күшін біріктіреді, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Жобаның негізгі мақсаты – ғылыми идеяларды қысқа мерзімде кәсіпорындарға арналған дайын технологиялық шешімдерге айналдыратын тиімді жүйе құру. «Картех» Қарағандыдағы жетекші университеттердің бірінің базасында орналастырылады. Мұнда заманауи материалдық-техникалық база мен білікті мамандар шоғырландырылып, қазір конкурс арқылы іріктеу жүріп жатыр. – Біз ғылыми зерттеулер жүргізу мен олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге толыққанды жағдай жасаймыз. Заманауи зертханалық жабдық, инженерлік-конструкторлық қызметтер, прототип әзірлеуге арналған техникалық база ұсынылады. Сондай-ақ…

Read More

Қызылорда қаласында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай дәстүрлі түрде өтетін ауыл спортшыларының “Алтын күз — 2025” XXXVIII облыстық спартакиадасы бүгін өз мәресіне жетті. Жеті ауданнан келген мыңға жуық спортшы 18 спорт түрі бойынша сынға түсіп, өзара сайысты. Жарыс нәтижесі бойынша. 🔸Баскетболдан ерлер арасында: ІІІ орын — Қармақшы ауданы🏆 ІІ орын — Жаңақорған ауданы🏆 І орын — Шиелі ауданы🏆 🔸Баскетболдан әйелдер арасында: ІІІ орын — Арал ауданы🏆 ІІ орын — Жаңақорған ауданы🏆 І орын — Шиелі ауданы🏆 🔸Волейболдан ерлер арасында: ІІІ орын — Шиелі ауданы🏆 ІІ орын — Қазалы ауданы🏆 І орын — Жаңақорған ауданы🏆 🔸Волейболдан әйелдер арасында: ІІІ орын -…

Read More

Бүгін Шиелі ауданындағы барлық мектептерде алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы бастау алды. Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылындағы №251 М.Әуезов атындағы орта мектептегі салтанатты шараға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков пен Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов қатысып, ұстаздар мен оқушыларға ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ білім саласына сүбелі үлес қосқан бірқатар ардагер ұстаздар мен сала жетекшілері Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, №251 мектептің ардагер ұстазы Күнімай Әбенқызы жаңа оқу жылының табысты болуына тілектестік білдіріп, алғашқы қоңырау үні соғылды. №251 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп 1939 жылы №18 бастауыш мектеп болып ашылған. 1975 жылы…

Read More

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы» қоғамдық қоры “Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеудегі мәселелерді шешуге бағытталған жобаны” қолға алып отыр. Жоба барысында “Кеңес беру қызметі” құрылып, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй сұрақтарын шешу, тіркеу, әлеуметтік оңалту, емдеу, білім алу және қысқа мерзімді кәсіби курстардан өту мәселері бойынша кеңес беру көмегі көрсетіледі. Кеңес алу үшін: 8 727 978 49 63 немесе 8 (707) 760-76-02 номеріне хабарласыңыз. Cоздана специальная «консультационная служба» При поддержке Управление общественного развития города Алматы, Общественный фонд «Центр «Social project management» реализует “Проект, направленный на решение проблем…

Read More

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізу» жобасы аясында әлеуметтік жобалар байқауына өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Байқауға қаланың жасы 18-ден асқан кез келген тұрғыны қатыса алады. Байқауға өтінім қабылдау 27-қазан сағат 18.00-де аяқталады. Жеңімпаздар 30-қазан күні салтанатты түрде марапатталады. Байқаудың мақсаты: Саяси сауаттылықты арттыру; Әлеуметтік жауапкершілікті күшейту; Азаматтарды саяси процестерге тарту; Байқау жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталады. Өтінім мен жобаның үлгісін алу үшін төмендегі телефонға хабарласыңыз немесе сол телефондағы whatsapp желісіне сұрау жіберіңіз. Толығырақ: 8 747 271 08 95. Бейбіт

Read More

Судың қадірі барлығымыз үшін маңызды. Бүгінгі күні ауыз су тапшылығы қазіргі заманның жаһандық өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы орайда, тіршілік көзін үнемдеу үшін, тұрғындардың ауыз суды тек тұрмыстық мақсатқа пайдалануына және ауыз суды бау-бақша, құрылыс жұмыстарына пайдаланбай су есептегіш құралын орнатып, суды үнемді әрі ұтымды пайдалану жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Тұтынушылар пайдаланған ауыз су және кәріз суға көрсетілген қызметтеріне  уақытылы төлем жүргізуі қажет. Алайда, «Су жүйесі»  мекемесі бойынша 83518 жеке тұлға тұтынушыларының 44,9% су ақысын тұрақты түрде төлесе, қалған 55,1 % төлем жасамаған. Аталған мәселе бойынша суды үнемдеу және рұқсатсыз қосылған тұтынушыларды анықтау үшін  рейд жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп,…

Read More

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында экологиялық жағдайды жақсарту, халыққа жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және заманауи демалыс инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. ЖАҢАРҒАН ЖЕҢІС САЯБАҒЫ Аудан орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай «Жеңіс саябағы» ашылып, бүгінде бұл орын жаңақорғандықтардың патриоттық-мәдени іс-шаралар өткізетін алаңына айналды. Жобаның жалпы құны — 25 миллион теңге. Қаржыландыру толықтай жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды. Саябақ аумағы толық абаттандырылып, көркейту жұмыстары жүргізілді. Әскери танк үлгісі орнатылып, жасыл желектер мен сәндік гүлзарлар, демалыс орындықтары орналастырылды. ЖАҢАҚОРҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢАРУДА  Биыл мамыр айында Жаңақорған теміржол вокзалына «Қазақстан…

Read More