Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қайтарылған 8,5 млн га жер қайта бөлінді
Жаңалықтар

Қайтарылған 8,5 млн га жер қайта бөлінді

30.01.2026129 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шекті мөлшері бекітілді. Бұл қолайлы жағдайлары бар өңірлерде жерлерді неғұрлым тиімді пайдалануға ықпал етеді. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

Оның хабарлауынша, қазір ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және қайта айналымға енгізу жұмыстары жүріп жатыр.

«2025 жылы аумақтық бөлімшелер 2,4 млн га алаңда 2053 жоспардан тыс тексеру жүргізді. 1,9 млн гектарға 1563 бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Бұрын берілген нұсқамалар бойынша 986,9 мың гектар жерде жерлерді игеру басталды. 339,3 мың гектар бойынша мәжбүрлеп алып қою жөніндегі істер соттарда қаралуда», – деді М. Теміржанов.

Осыған орай, пайдаланылмай жатқан және жер заңнамасын бұза отырып берілген 2 млн га жерді қайтару жөніндегі республикалық жоспар артығымен орындалып, 2,1 млн га жер мемлекетке қайтарылды.

Қазір 2026 жылға арналған Жол картасында пайдаланылмай жатқан 1 млн га жерді мемлекет меншігіне қайтарып алу көзделген. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстар бөлінісінде бұрын қайтарылған жерлерді қайта бөлу жөніндегі егжей-тегжейлі жоспарды әзірлеп, бекітті. Аталған жоспар қайта айналымға енгізілмеген аумақтарды қамти отырып, оларды экономикалық айналымға жедел тартуды көздейді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға жерлерді қайта бөлу кезінде жергілікті халықтың жайылымдық қажеттіліктерін ескеру туралы нақты нұсқау берілді.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қайтарылған 8,5 млн га жер қайта бөлінді, оның ішінде, 2,8 млн га жергілікті халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға берілді; 5,7 млн га конкурстық негізде ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілеріне табысталды. Бұл ретте 2026 жылдың ортасына дейін қалған 5,1 млн га жерді тұрақты айналымға тарту жоспарда бар.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 22 қаңтарында «Жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссиясының» биылғы бірінші отырысы өтті. Отырыстың қорытындысы бойынша, 2026 жылы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 3,5 млн га жайылым тапшылығы мәселесін шешу тапсырылды. Осыған байланысты, Комитетпен аталған тапсырманы орындау мақсатында тиісті шаралар атқарылып жатыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202672 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.