Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында елімізде қандай шаралар жүзеге асырылады?
Жаңалықтар

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында елімізде қандай шаралар жүзеге асырылады?

13.03.2026291 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгінде елімізде 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы жүйелі түрде іске асырылып келеді. Бұл құжат балалардың қауіпсіздігін күшейтуге, ықтимал қауіптердің алдын алуға және балаларға жан-жақты қолдау көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Тұжырымдама аясында жаңа жүйелік тәсілдер енгізіліп, цифрлық құралдар кеңінен қолданылып, балаларды қорғау мен қолдау тетіктері жетілдіріледі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Республикада 6,2 млн отбасы бар, оның шамамен 3 миллионы – балалы отбасылар. Отбасыларға кешенді қолдау көрсету мақсатында ел бойынша 131 отбасыны қолдау орталығы жұмыс істейді. Бұл бағыттағы шаралар отбасы институтын нығайтуға ықпал етуде.

Тұжырымдама аясында отбасыны қолдаудың жаңа бағыттары да қарастырылған. Атап айтқанда, некеге дейінгі кеңес беру, ata.ana.kz платформасында жауапты ата-ана болу мәдениетіне арналған интерактивті курстар, «Ата-аналар академиясы» жобасын кеңейту, ата-аналардың баланың мектеп өміріне қатысуын заңнамалық тұрғыда бекіту, сондай-ақ алименттік қатынастарды жетілдіру және туыстардың уақытша қамқорлығын реттеу жоспарланған.

Соңғы жылдары елімізде балаларды қорғау саласында айтарлықтай оң өзгерістер байқалады. Мәселен, 10 жыл ішінде жетім балалар ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны 54%-ға азайып, интернат ұйымдарының желісі 24%-ға қысқарды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 3 мың жетім бала отбасыларға орналастырылды.

Балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында бірқатар жаңа бастамалар қолға алынды. Соның бірі – білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті бақылау үшін жасанды интеллект технологияларын енгізу. Бұл жүйе агрессия, жанжал немесе буллинг сияқты қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін қосымша құрал ретінде қарастырылады.

Қазіргі уақытта бірқатар өңірде жасанды интеллект негізіндегі бейнеаналитикалық жүйені енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылады. Атап айтқанда, 2025-2026 оқу жылында Астана қаласындағы №107 мектепте жасанды интеллект элементтері бар пилоттық камералар орнатылды. Бүгінде мұндай жүйелер 46 мектеп пен 8 балабақшада қолданылады.

Сонымен қатар зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды қорғау мәселесіне ерекше назар аударылады. Осы мақсатта елдің барлық өңірінде балаларға арналған мамандандырылған көмек кабинеттерін кезең-кезеңімен ашу жоспарланған. Бұл кабинеттерде қызмет «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетіледі.

Балаға қолайлы ортада алғашқы психологиялық көмектен бастап сот-медициналық сараптамадан өтуге және бейінді мамандардың қатысуымен сауалнама алуға дейінгі барлық қажетті қызметтер бір жерде ұсынылады. Бұл балалардың түрлі мекемелерге қайта-қайта жүгіну қажеттілігін азайтып, олардың психологиялық тұрғыдан қайта жарақат алуына жол бермейді. Жыл соңына дейін әр өңірде кемінде бір осындай кабинет ашу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, мектептерде ерекше назарды қажет ететін балаларды педагогикалық сүйемелдеу жүйесі енгізіледі. Әрбір бала үшін педагогтер, мектеп психологтары және ата-аналардың қатысуымен жеке профилактикалық жұмыс жоспары әзірленеді. Бұл шара тәуекел тобына жататын оқушыларды ерте анықтап, оларға уақтылы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған.

Сонымен қатар балалар жарақатының алдын алу мақсатында «Балалар қауіпсіздігі терезесі» атты республикалық ақпараттық акция өткізіледі. Акция балалардың терезеден құлап кету жағдайларының алдын алуға және ата-аналардың тұрмыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Алдағы уақытта мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру аясында mGov платформасында «Баланың жолы» атты цифрлық жүйені іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жүйе балаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын бір жүйеге біріктіріп, түрлі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.

2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы биыл қаңтар айында Үкіметтің шешімімен бекітілді. Аталған тұжырымдама балалардың құқықтарын қорғауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың жан-жақты дамуына бағытталған алғашқы бірыңғай стратегиялық құжат. Онда 158 іс-шара мен 10 негізгі индикатор көзделген.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Атыраудағы іс: Наурыз бен Мейрамгүлді қалай өлтіргені белгілі болды

13.03.202611 957 Views

Облыс әкімі Абай атындағы театрдың директорымен кездесті

13.03.2026431 Views

Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасып жатыр

13.03.2026337 Views
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы іс: Наурыз бен Мейрамгүлді қалай өлтіргені белгілі болды

13.03.2026

Облыс әкімі Абай атындағы театрдың директорымен кездесті

13.03.2026

Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасып жатыр

13.03.2026

Қазақстан электр энергиясын өндіруді қалай арттыруда

13.03.2026

2026 жыл басынан 163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

13.03.2026

Қазақстанда су тұтыну көлемін ерте болжау жүйесі әзірленіп жатыр

13.03.2026

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында елімізде қандай шаралар жүзеге асырылады?

13.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.