Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Облыс әкімі Абай атындағы театрдың директорымен кездесті
Аймақ жаңалықтары

Облыс әкімі Абай атындағы театрдың директорымен кездесті

13.03.2026437 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры, белгілі актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нартай Сауданбекұлымен кездесті.
🔹Кездесу барысында өнер мекемесінің басшысы театрда соңғы жылдары жүзеге асқан жобалар, ұжымның жаңа бастамалары, шығармашылық жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы баяндады.
Абай атындағы театр тарихы тереңнен тамыр тартатын, еліміздегі іргелі өнер ордаларының бірі саналады. Театрда қазіргі таңда 7 Мәдениет қайраткері, 17 Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталған, жиыны 66 адам еңбек етіп келеді. Сонымен қатар театр құрамында кіші симфониялық оркестр және балет әртістері тобы бар. Театр ұжымы былтыр Талдықорған қаласында өткен халықаралық «Biken Fest – III» фестивалінде «Абай айтқан Еңлік – Кебек» спектаклімен Гран-при иеленді. «Дариға-ай» жастар театры Жезқазғанда өткен халықаралық Ж. Хаджиев атындағы театр фестивалінде «Өз отыңды өшірме» спектаклімен Гран-при жеңіп алды.
🔶Нартай Сауданбекұлы кездесуде театр қабырғасында облыс әкімінің төрағалығымен алғаш рет көркемдік кеңес құрылғанын айтты. Кеңес құрамына Қазақстан театр қайраткерлері одағы төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған елімізге танымал өнер қайраткерлері енген. Халықаралық театр күніне орай Семей қаласында көркемдік кеңестің алғашқы отырысы өтеді. Онда өңірдегі руханият мәселелері, театрдың шығармашылық дамуы және алдағы жоспарлары талқыланады.
Былтыр өңірдегі 8 мәдени нысанда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Абай театры да бар. Облыс әкімінің қолдауымен «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында Семей өңірінен шыққан ақын-жазушылардың, өнер адамдарының 19 автордың 25 кітабы жарық көрді. Облыста 100 орындық 2 ауылдық клуб ашылды.
➡️Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жүйелі түрде жалғасын табатынын атап өтіп, театр ұжымының шығармашылық ізденістеріне жоғары баға берді. Кездесуде айтылған ұсыныстар мен бастамалардың назарға алынатынын жеткізді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202667 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.