Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»233 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды
Жаңалықтар

233 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды

13.07.2026334 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
233 мыңға жуық талапкер 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Оның ішінде 73,1%-ға жуығы қазақ тілінде, 26,8%-ы орыс тілінде, 383 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.  Талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Осылайша, 233 мың талапкер ҰБТ-ны 422 мың рет тапсырды (2025 жылы 210 мың талапкер ҰБТ-ны 381 мың рет тапсырды), деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Тестілеу қорытындысы бойынша 177 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 76%-ын құрайды. Бес пән бойынша ҰБТ-ның орташа балы 69 балды құрады. Ең жоғары 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир және Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия (ҚАЗТЕСТ конвертациясы арқылы) жинады. 821 адам 130 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 800 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

Электронды форматта өтетін ҰБТ-да апелляцияға беру оңай, әрі ыңғайлы. Тестілеу қорытындыларымен келіспеген жағдайда талапкер бірден апелляцияға электрондық форматта өтініш береді. Биыл апелляцияға 95 мыңнан астам өтініш қабылданып, олардың ішінде 152 бірегей тест тапсырмасына қатысты өтініштер қанағаттандырылды. Республикалық комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді.

ҰБТ өткізу барысында 890 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 522 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 361 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Кейбір тестіленушілерден смарт-сағаттар, микроқұлаққаптар, смартфондар және басқа да тыйым салынған заттар табылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.