Автор: un_admin

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті. Бұқаралық спортты дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш іс-шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген 30 жас бақ сынады. Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан турнир өткен болатын. Сайысқа түскен жастар арасында болашақта үлкен додаларда топ жаруды  мақсат еткендер де бар. Турнир Алматы қаласы Алатау ауданындағы ADD үстел теннисі орталығында өтті. Аталмыш шараға «Қазына», «Арыстан», «Арлан»,  «Саламат», «Тиграхауд» т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастар мен жұмыссыз…

Read More

Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен қаласының 70 жылдық мерекесіне орай Байқоңырға жұмыс сапарымен келіп, «Роскосмос» МК бас директоры Дмитрий Бакановпен кездесті. Басқосуға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, Ресейден келген делегация, жауапты сала басшылары қатысты. Кездесуде «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру барысы, алдағы жоспар талқыланды. Роман Скляр «Роскосмос» МК бас директорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Сергей Савельевті ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаса, Дмитрий Баканов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және…

Read More

Құрметті достар! Қадірлі ғарыш саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Баршаңызды «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуымен құттықтаймын! 1957 жылы дәл осы арадан жасанды Жер серігі ұшырылып, ғарышты игеру дәуірі басталды. Көп ұзамай, 1961 жылы айлақтан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин көк жүзіне аттанды. Бұл тарихи оқиға жаһан жұртшылығын біріктіріп, адамзаттың ғылым мен өркениет прогресіне деген сенімін нығайтты. Содан бері Байқоңырдан мыңдаған Жер серігі ұшырылып, ондаған миссия орындалды. Мұнда көрнекті ғалымдар, конструкторлар мен инженерлер жұмыс істеді. Ұлы жетістіктердің бастауында тұрған барлық маманға шексіз ризашылығымды білдіремін! Біз әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының қазақ жерінде орналасқанын ерекше мақтан тұтамыз. Халқымыздың қаһарман ұлдары Тоқтар Әубәкіров,…

Read More

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге «Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Өткен жылдан бері Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі аралықтағы 6,7 шақырымдық даңғыл бойында қызу жұмыс басталған болатын. Сырдария өзенінің қорғаныш бөгетін нығайту да қатар жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 6 млрд 656 млн теңге, қажетті қаржы толық бөлініп, қазіргі таңда оның 4 млрд теңгесі игерілді. Құрылыс жұмыстарын «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда. Қайта жаңғырту жұмыстары аясында жолдың негізі жаңартылып, асфальт төселді. Сырдария өзені бойындағы 1,4 шақырым қорғаныс бөгеті толықтай тазартылып, 1,4 шақырым тіреу қабырғасы тұрғызылды.…

Read More

Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне табысталды. Басқосуға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, академик, жерлесіміз, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев, «Самұрық — Қазына» Ұлттық компаниясының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Статус Ойл» мұнай компаниясының басшысы Серікжан Сейтжанов пен зиялы қауым өкілдері қатысты. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Сыр еліндегі байыпты бастамаларға оң бағасын беріп, тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Аймақ басшысы жаңа ғимараттың ұлт руханиятына қызмет етіп, мәдени мұралардың ордасына айналуына тілегін…

Read More

Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталды. Салтанатты шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, академик, жерлесіміз, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев пен «Саутс Ойл» мұнай компаниясының басшысы Серікжан Сейтжанов, зиялы қауым өкілдері қатысты. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев жаңа ғимаратта өнерлі жастар тәрбиелене беруіне тілек білдірді. Аймақ басшысы өнер қайраткерлерінің лайықты ізін жалғайтын өнер ордасының Сыр мәдениетінің қарашаңырағына айналғанын атап өтті. «Елу жылға жуық тарихы бар Қазанғап атындағы Қызылорда…

Read More

Бүгін 1- маусым балаларды қорғау күні қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркінің ашылу рәсімі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, академик, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев арнайы қатысты. Рәсімде Премьер-министрдің орынбасары Ермек Беделбайұлы алғы сөз сөйледі. Аймақ басшысы жиналған қауымды Балалар күнімен және мәдени-демалыс паркінің қайта жаңғыртудан кейінгі ашылуымен құттықтады. “Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұл-қыздарымыздың парасатты, жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтарымыздың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау — мемлекетіміздің басты міндеті», — деген болатын.…

Read More

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы» қоғамдық қоры “Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеудегі мәселелерді шешуге бағытталған жобаны” қолға алып отыр. Жоба барысында “Кеңес беру қызметі” құрылып, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй сұрақтарын шешу, тіркеу, әлеуметтік оңалту, емдеу, білім алу және қысқа мерзімді кәсіби курстардан өту мәселері бойынша кеңес беру көмегі көрсетіледі. Кеңес алу үшін: 8 727 978 49 63 немесе 8 (707) 760-76-02 номеріне хабарласыңыз. Cоздана специальная «консультационная служба» При поддержке Управление общественного развития города Алматы, Общественный фонд «Центр «Social project management» реализует “Проект, направленный на решение проблем…

Read More

Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда. Жалпы 476,4 мың гектар жерге зерттеу жүргізілді, оның ішінде Арал ауданында – 129,5 мың гектар. 17,056 мың гектар алқап өңделді, оның ішінде Арал ауданында – 15,3 мың гектар. Жұмысқа ұшақтар, дрондар және басқа да арнайы техника тартылған.

Read More

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Азаматтық борыш” жобасы аясында еліміздің жас буынына патриоттық тәрбие беруді көздейтін экскурсиялар өз мәресіне жетті. Бұл шараның басты мақсаты – жастарға Қазақстанның әскери тарихын тереңірек таныстыру, Отан қорғаушылардың ерліктері мен қаһармандық жолдарын насихаттау болды. Экскурсиялар “Мәңгілік даңқ” мұражайында өтті. Экскурсия барысында студенттер түрлі тарихи кезеңдерді қамтитын жәдігерлермен танысты. Музей залдары Ұлы Отан соғысынан бастап, Ауған соғысына дейінгі кезеңдерді қамтып, әр дәуірдің батырлары мен олардың ерлік жолдарына арналған деректермен, құжаттармен, қару-жарақ үлгілерімен толықтырылып безендірілген. Сонымен қатар, тыңдаушылар еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы Қарулы Күштерінің дамуы туралы да мәліметтер алды. Музей қызметкерлері студенттерге әрбір зал мен ондағы көне…

Read More