Фото: Halyq Uni Біз болжаған жаза мерзімінің бірі еді. Жалпы осы жаза мерзімімен тоқтаймыз, 24 жылдан кейін (Бишімбаев – ред.) 68 жаста болады. Түрмеде сотталғандарды ұстау тәртібіне қарай бұл өмір бойына соттаумен тең. Бұған адвокаттармен бірге бар күшімізді салдық. Бұл екі ай ғана емес, жарты жыл бойы жұмыс істедік, — деді Айтбек Амангелді. Адвокат Жанна Оразбахов Байжановтың 4 жылға сотталғанына қатысты ойын айтты. Байжановқа шыққан үкім – қоғамға жасалған сигнал. Немқұрайлы болмаңыздар, дәл осылай сотталушылар қатарынан табылуыңыз мүмкін. 4 жыл – өте әділ үкім, – деді Оразбахова. Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға…
Автор: un_admin
Фото: sputnik.kz Ал Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Айта кетерлігі, Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша алқабилер үкім шығарды. Бұрынғы экономика министріне қатысты іс 2 бап бойынша қарастырылған болатын:▫️ аса қатыгездікпен кісі өлтіру▫️ қинау Айта кетейік, бұған дейін жәбірленуші Салтанат Нүкенованың әкесі мен адвокаты Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айырады деп болжаған еді.
Аймақ басшысы темірдей тәртіпке бағынып, ел іргесін, тәуелсіздік құндылықтарын қорғаған сарбаздарға ізгі тілегін жеткізді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұл мереке тек әскери қызметкерлер үшін ғана емес, бүкіл қоғамымыз үшін ерекше маңызға ие. Елді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы, шынайы патриотизмнің жарқын көрінісі» деген болатын. Президентіміз – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен еліміздің қорғаныс саласын дамыту, заманауи және кәсіби, қуатты әскер құру бағытында кешенді реформалар жүргізілуде. Бүгінде еліміздің Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың мәртебелі міндетіне, аға буынның ерлік пен жауынгерлік дәстүрлерінен бастау алған патриотизмнің үлгісіне айналды. Биыл еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовтің…
Фото: t.me/aqorda_resmi Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, осы екі мейрам жауынгерлік дәстүрдің сабақтастығын паш ететінін, батыр бабаларымыздың даңқты жолын қазір өскелең ұрпақ жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тұтастық пен тыныштықтың мықты қалқаны. Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр. Олар қай кезде де қастерлі Отанымызды қорғауға дайын. Ерлік майданда ғана жасалмайды. Ерлікке бейбіт заманда да орын бар. Биыл біз соңғы 80 жылдағы ең жойқын тасқынға тап болдық. Елге қатер төнген сәтте сарбаздарымыз алдыңғы…
Фото: primeminister.kz Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған. 2007-2008 жылдары — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары — «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2010-2014 жылдары — «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары. 2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды…
Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде де Салтанат Нүкенованың өліміне өзінің кінәлі екенін, бірақ қасақана кісі өлтіру әрекетіне бармағанын айтты. Менің ата-анам, туыстарымның ешқандай кінәсі жоқ. Бұған тек мен кінәлімін. (…) Мені ұстаған сәттен бастап тек шындықты айттым. Мүмкіндігім болса да, жауапкершіліктен қашуға тырыспадым. Аса қатыгездікпен жасалған қасақана кісі өлтіру айыбын мені ұстағаннан кейін бірнеше күн өткен соң тақты. Мұны растайтын ешқандай дәлелдің, сараптаманың болмауына қарамастан осындай айып тақты, – деді Бишімбаев. Бишімбаев тек алқабилер сотына үміт артатынын айтты. «Өздеріңізден сотқа тартылған экс-министр Бишімбаев болмаса, басқа қарапайым азамат болса, әлеуметтік желіде осынша жалған ақпарат пен қаралау болар ма еді деп сұрасаңыздар. Басқа адам…
Рейтинг бойынша Қазақстан Өзбекстан 190 елдің ішінде 128-орынға тұрақтады. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көлемі – 34,5 мың АҚШ доллары. Орталық Азия елдерінің ішінде Тәжікстан 43-орында ($5,8 мың доллар), Қырғызстан 48-орында ($6,8 мың доллар), Өзбекстан 68-орында (10,9 мың доллар), Түркіменстан 101-орында ($19,7 мың доллар). Әлемдегі ең кедей елдер қатарына Оңтүстік Судан (455 доллар), Бурунди (916 доллар) және Орталық Африка Республикасы (1132 доллар) кіреді.
Кешелі бері толассыз жауған жауын мен қолайсыз ауа райы салдарынан облыс орталығының кейбір аудандарында жарық сөніп қалған. Жиында қала әкімі мен орынбасарларына, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ басшылығына ақауларды шұғыл қалпына келтіру жөнінде тапсырма берілді. «Демалыс күндері тұрғындар мұндай қолайсыздықтарды сезінбеуі керек. Жұртшылық жарық, су, газды әсіресе, осы күндері белсенді тұтынатын болғандықтан, жарықтың өшкені қаншама жұмысқа қолбайлау болуда. 109 қызметіне түскен хабарламалар бойынша апатты жою қызметі тез арада тиісті іс-қимылға көшіп, барлығын қалпына келтіруі керек. Екі сағаттың ішінде ақауларды жөндеңіздер», — деді аймақ басшысы. Жиында сала басшыларының ақауды қалпына келтірудегі әрекетсіздігіне сын…
Яхия Тасыров 102 жаста. Ғасыр куәгері Ташкентте текстиль оқуын оқып, 1940 жылы текстиль фабрикасына шебердің көмекшісі болып жұмысқа орналасады. 1941 жылдың аяғында Ташкент облысы Фрунзе аудандық әскери комиссариатынан әскерге алынған. Сібірде, Омбы қаласында алғашқы әскери дайындықтан өтіп, 1942 жылдың қазанында майданға жіберілген. Соғыс жылдарында Сталинградты, Курскіні, Польшаны жаудан қорғаған. Данск жерінде портта аяғынан ауыр жараланған. 1944 жылы шекарадан Германияға кірген. 1945 жылы тамыздың аяғында елге оралған. Бейбіт өмірге араласқаннан кейін аудан орталығындағы сүт зауытында қойма меңгерушісі болып 16 жыл жұмыс жасаған. 1960 жылы Жалағаштың сүт зауытында мастер, 1982 жылы аудан орталығындағы астық қабылдау пунктінде жұмыс жасап зейнеткерлікке шыққан. «Қызыл жұлдыз»…
Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды. Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады). Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады. Сотталушылардың соңғы сөзі 6 мамырда сағат 10:00-де өтеді.