Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Балқаш мыс балқыту зауыты ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда
Аймақ жаңалықтары

Балқаш мыс балқыту зауыты ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда

31.07.20261 112 Views
MINOLTA DIGITAL CAMERA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Қазақмыс» Тобы өндірістік нысандарды жөндеу және жаңғырту бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асыруды жалғастыруда. 2026 жылғы ең ірі жобалардың бірі «Kazakhmys Smelting» ЖШС-ның Балқаш мыс балқыту зауытын кешенді жаңғырту болды. Жобаға бөлінген инвестицияның жалпы көлемі 21,8 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдарлама негізгі технологиялық жабдыққа күрделі жөндеу жүргізуді, энергетикалық және өндірістік инфрақұрылымды жаңартуды, сондай-ақ өндірістік үдерістің сенімділігін, тиімділігін және тұрақтылығын арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруды қамтиды.

Бағдарламаның басты бағыттарының бірі негізгі металлургиялық агрегаттарға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу болды.

2026 жылы құны 5 млрд теңгеден асатын Ванюков пешіне (ПВ-1) күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Жүргізілген жұмыс жабдықтың жобалық сипаттамасын қалпына келтіріп, балқыту өндірісінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар күрделі жөндеу аясында алғаш рет кәдеге жарату қазандығының 25 панелі ауыстырылды. Металлургтердің кәсіби шеберлігі мен тынғылықты жұмысының нәтижесінде күрделі жөндеу небары 28 күнде аяқталды. Бұл кәсіпорын тарихындағы жаңа рекорд болды.

Келесі кезеңде құны 5,4 млрд теңгеден асатын ПВ-2 Ванюков пешіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру 2027 жылдың көктеміне жоспарланған.

Ауқымды жаңғырту жұмысы күкірт қышқылы цехында да жалғасуда. Мұнда салмағы 240 тонна болатын, 2008 жылдан бері пайдаланылып келген жабдықтың орнына жаңа жылу алмастырғыш пайдалануға берілді. Жобаның құны 780 млн теңгеден асты. Жаңа агрегат технологиялық үдерістің сенімділігін арттырып, металлургиялық газды тазарту тиімділігін күшейтті.

Анод пештері мен конвертерді жаңғырту жұмысы да кезең-кезеңімен жалғасуда. Құны 1 млрд теңгеден асатын №2 анод пешіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ биыл қыркүйек айында №3 анод пешіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Бағдарлама аясында №1 конвертерге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Ал тамыз айында №5 конвертерді жөндеу жоспарланған. Әр жобаның құны шамамен 810 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар Балқаш мыс балқыту зауытының негізгі технологиялық жабдықтар паркін жаңарту жұмысы жалғасуда. 2026 жылдың соңына дейін жалпы құны 1,3 млрд теңгеге қож тасығыштар, көпірлі крандар және шөміштерді жеткізу жоспарланып отыр.
Бұл өндірістік үдерістің сенімділігін арттырып, жабдықтың жоспардан тыс тоқтап қалу жағдайын азайтуға мүмкіндік береді.

Өндірістік инфрақұрылымды жаңарту

Технологиялық жабдықты жаңғыртумен қатар кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын ауқымды жаңарту жұмысы да жүргізілуде.

Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізу, жекелеген нысандарды қайта жаңғырту, 13 560 шаршы метр ішкі жолға асфальт төсеу және аумақты абаттандыру жұмысы жалғасуда. Бұл міндетті іске асыруға 2026 жылы 7,75 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Еңбек жағдайын жайлы әрі қауіпсіз етуге ерекше назар аударылуда. Зауыт жұмыскерлерінің бастамасымен бақылау-өткізу пунктінен өндірістік алаңдарға дейін жабық жаяу жүргіншілер жолы салынды. Өндірістік ғимараттардың шатырын жөндеу және зауыт басқармасы ғимаратының қасбетін жаңарту жұмысы жалғасуда. Балқаш мыс балқыту зауытының тарихына арналған муралдың салынуы абаттандырудың маңызды элементі болды.

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша осыған ұқсас жобалар Жезқазған мыс балқыту зауытында да жүзеге асырылуда.
Кешенді жаңғырту бағдарламасы жабдықтың сенімділігін айтарлықтай арттыруға, технологиялық үдерістің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға, жұмыскерлер үшін қолайлы еңбек жағдайын жасауға, сондай-ақ Балқаш мыс балқыту зауытының өндірістік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026691 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.20261 853 Views

Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты

31.07.2026973 Views
Соңғы жаңалықтар

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.2026

Балқаш мыс балқыту зауыты ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда

31.07.2026

Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты

31.07.2026

Журналист Валерий Сургановқа халықаралық іздеу жарияланды

31.07.2026

Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі қандай?

31.07.2026

Астанаға 34 елден 800-ден астам спортшы келді

31.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.