Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ОТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫ ҚОЛДАУДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

ОТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫ ҚОЛДАУДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.08.20261 054 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауарларды қолдауда және ілгерілетуде атқарылған шаралар талқыланды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте аймақ басшысы көлік-логистика саласындағы бастамаларға, Қызылорда қаласында жүзеге асып жатқан жобаларға тоқталды.
«Күні кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен еліміз үшін ең маңызды жобалардың бірі «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысы бастау алды.
Біз Мемлекет басшысының тапсырмасын тиісті деңгейде орындап, жобаларды белгіленген мерзімде ел игілігіне табыстауымыз керек. Сондықтан жол саласына жетекшілік ететін сала басшылары жұмысты қатаң бақылаңыздар.
1-2 тамыз күндері өңірімізге Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы жұмыс сапарымен келді.
Президент саябағы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерді, жаңа драма театр мен Президенттік кітапхананы, «Қызылорда Арена» спорт кешенін, Титов және сол жағалаудағы медициналық нысандарды көріп, мердігер мекемелерге тапсырма берді. «Tau Group» серіктестігінің өндірістік алаңында жаңа инвестициялық жобалармен танысты. Жауапты басқармалар Қызылорда қаласы әкімдігімен бірлесіп, құрылыс сапасын бақылау, инвестициялық жобаларды жан-жақты сүйемелдеу керек», — деді аймақ басшысы.
Отандық тауарларды ілгерілетуде өңдеу өнеркәсібі, сауда және ауыл шаруашылығы салаларына тұрақты қолдау көрсетіліп келеді.
«2025-2026 жылдары өңдеу өнеркәсібі мен сауда саласына 32 млрд теңге, ауыл шаруашылығына 60 млрд теңге қаралды.
Бұдан бөлек, жыл сайын «Даму» қоры отандық кәсіпкерлерді қолдауға қомақты қаржы бөледі. Бизнеске берілген қаржы мақсатты жұмсалып, салық базасын ұлғайтуға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға оң ықпалын тигізуі қажет. Қолдауға ие болған сауда субъектілері заңнамаға сәйкес сауда нысандарындағы сөре кеңістігінің кемінде 50 пайызын отандық тауарлармен толықтыруы тиіс. «Даму» қоры, бұл бағыттағы жұмысты толық зерделеңіздер», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Сондай-ақ, мәжілісте отандық тауарөндірушілердің өнімдерін кедергісіз өткізу, өндірілген тауарларды ішкі нарықпен қатар онлайн платформаларда сатуды жандандыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселелері қаралды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.