Бүгінгі күні жаңа мамандықтар Атласында Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша 75 жаңа мамандық бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп хабарлайды UKIMET Telegram-каналы. Ол министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша кадрларға қажеттілік шамамен 40 мың адамды құрайтынын атап өтті. Бүгінгі таңда жаңа кәсіптер атласы министрлік желісі бойынша 75 жаңа кәсіпті қамтиды. «Мысалы, металлургия және тау-кен өндірісі саласында смарт жүйелерді әзірлеуші, роботтандырылған тау техникасының операторы, машина жасау саласында – виртуалды прототиптеуші маманы, құрылыста – Big Data талдаушысы, «Ақылды үй» жобалаушысы сияқты жаңа мамандықтар пайда болды. Сонымен қатар, бизнес процестерді автоматтандыруға байланысты 40-тан астам мамандық өзгеріске ұшырады»,…
Автор: un_admin
20 шілде – Халықаралық шахмат күні болып 1966 жылдан бастап тойланады. Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген. Шахматтың тарихы бір жарым мың жылдан асады. Шахмат біздің дәуірімізге дейінгі V-VI ғасырда Үндістанда пайда болған. Ал 1886 жылы шахматтан алғашқы әлем чемпионаты өтті. Ойынның қазіргі аты парсы тілінен аударғанда «шах мат» – «билеуші өлді» деген мағынаны білдіреді. Бұл ойынды жер шарының 25% тұрғыны ойнайды екен. Осы айтулы күнге орай орай қала әкімдігінің ұйымдастыруымен алғаш рет отбасылық шахмат турнирі өтті. Орталық алаңда өткен тартысты турнир қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Мұндай сайыстар шахмат өнерінің дамуына тың серпін…
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Саламат», «Байсат», «Алтын орда», «Тастақ» және тағы басқа базарлардан және жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты. Алғашқы күн турнирдің іріктеу ойындарына арналды. Әр командада қыздар мен жігіттер аралас болды. Төрт топқа бөлінген командалар өзара бақ сынасып, келесі айналымға шығатын командаларды анықтау үшін барын салды. Турнир ережесіне сай командалар екі сет ойнауға тиіс болды, егер ойын 1:1 есебімен аяқталса, үшінші сет ойнатылды. Сөйтіп жеңімпаз 2:1 есебімен анықталып отырды. Іріктеу ойындарының нәтижесіне сәйкес гранд финалға «Ақбұлақ», «Арыстан»,…
– Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ертең, яғни 29 шілде күні мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.
Сыр бойындағы тіршілікке тірек болған Арал өңірі соңғы жылдары жаңа серпінмен дамып келеді. Мұнда әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту, денсаулық сақтау мен білім беру нысандарын жетілдіру, ауыл шаруашылығын ілгерілету бағытында ауқымды жобалар қолға алынған. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар өз нәтижесін беріп, ауданда жаңа нысандар бой көтеріп, халық игілігіне ұсынылуда. Осы және өзге де маңызды жобалардың жүзеге асу барысымен танысу мақсатында ауданға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз туры ұйымдастырылды. Сексеуіл кентінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, нысан қыркүйек айында пайдалануға беріліп,…
Қазалы ауданы бүгінде Сыр өңірінде әлеуметтік-экономикалық серпін алған аудандардың қатарында. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, ауыл-аймақтарды дамыту, білім мен мәдениет саласындағы инфрақұрылымды күшейту — аудан басшылығының басты назарындағы мәселе. Осы мақсатта аудан көлемінде көптеген жобалар іске асырылып жатыр. Бұл жұмыстарды көзбен көру, елге кеңінен ақпарат тарату мақсатында Қазалы ауданына арнайы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды. Баспасөз туры аясында журналистер ауданның бірқатар маңызды нысандарымен танысты. Алдымен Қарлан учаскесіндегі темірбетонды көпірдің құрылыс жұмыстары көрсетілді. Бұл көпір — ауданның көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Құрылыс толық аяқталғанда жолаушылар мен жүк тасымалының қозғалысы айтарлықтай жеңілдейді. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мен ауылдар арасындағы…
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің жағдайын жақсарту үшін цифрлық технологияларды белсенді енгізуде. Көзделген мақсат – eGov.kz порталына ұқсас электрондық сервистердің заманауи, ыңғайлы және ашық жүйесін құру. Платформада әскери қызметшінің бірыңғай жеке кабинеті құрылды. Мұнда қызмет, жеңілдіктер, іссапарлар мен демалыстар туралы барлық ақпарат қолжетімді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді. Сондай ақ спикер «Jauynger.gov.kz» қызметы туралы айтты. Платформаның көмегімен келісімшарттық қызметке қабылдау едәуір жеңілдейді. «Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерге жұмысқа орналасу процесін жеңілдету үшін түрлі ақпараттық жүйелермен 10-нан астам интеграция жүзеге асырылды. Қызметті осы күзде іске қосу жоспарда бар. Сервисті енгізу келісімшарт бойынша әскери…
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабасыновтың PANA ASIA ЖШС құрылтайшыларының бірі Нұржан Ниязалиев және компанияның бас директоры Сәуле Жаңабаевамен өткізген жұмыс кездесуінде белгілі болды. Аталған компания туристік инфрақұрылымды дамытуға белсенді түрде инвестиция салып келеді. Алдағы уақытта Қазақстанда бірнеше визит-орталық салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Министрлік ішкі туризмді дамыту бағытында отандық кәсіпкерлерді кеңінен тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде Түркістан облысындағы көне Отырар қаласында визит-орталық салу жобасы қолға алынбақ. Инвесторлардың айтуынша, жоба тұжырымдамасы әзірленген кезде Отырардың тарихи мұрасына, әсіресе орта ғасырларда әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі саналған әйгілі Отырар кітапханасына ерекше назар аударылған. Жаңа визит-орталық…
Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сыр өңірінде санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бюджет қаражатымен қатар, кәсіпкерлердің демеушілігімен орталық алаңдар, саябақтар мен демалыс орындары, ойын және спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөнделуде, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі. Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы Президент және Денсаулық саябақтарының аумағы біртұтас кешен ретінде жаңғыртылуда. Аумағына халық сұранысына сай автокөлік тұрағы салынып, гүлзарлармен көмкеріледі. Көлемі 64,5 гектар болатын бұл кешенде жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары, ашық сахна, спорттық алаңдар, балалар ойын аймақтары, демалыс орындары мен көлеңкелі…
29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.
