Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Экономикада 8 трлн артық ақша жиналды — Тимур Сүлейменов
Жаңалықтар

Экономикада 8 трлн артық ақша жиналды — Тимур Сүлейменов

02.09.2025687 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанның банк жүйесінде шамамен 8 трлн теңге артық өтімді ақша жиналып қалғанын, артық ақшаның 3,5 трлн теңгеге дейінгі бөлігін, яғни 40%-дан астамын, ең төменгі резервтік талаптарды (ЕРТ) қатаңдату тетігі арқылы алуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Қалған өтімділік несие беруге және жобаларды жүзеге асыруға толық жеткілікті. Сондықтан бұл қадам қарыз беруге әсер етпейді. Сонымен бірге біз айтарлықтай антиинфляциялық әсер күтеміз, өйткені экономиканың шамамен 3 трлн теңгесін алып тастай аламыз», деді Сүлейменов.

ҰБ төрағасының айтуынша,  монетарлық, монетарлық емес және аралас түрлері бар.  Ал ЕРТ – монетарлық инфляциямен күрес құралдарының бірі. Бұл жолғы  шешім сараптамалық талдау, пікірталастар және банктермен кеңесулер нәтижесінде жан-жақты қарастырылып қабылданған.

«Әрине, банктер бұл шешімді қол соғып қарсы алған жоқ, бірақ жалпы конструктивті түрде қабылдады. Олар жоғары инфляция экономиканың, өздерінің және халықтың басты тәуекелі екенін түсінеді. Біз инфляцияны қалыпты деңгейге неғұрлым тез қайтарсақ, бұл банктер үшін де соғұрлым пайдалы болады», деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы.

Ұлттық банктің шілдедегі деректеріне сәйкес, елдегі ақша массасы (экономикада айналыста жүрген барлық ақша) 47,2 трлн теңгені құрады. Осылайша, артық ақша жалпы ақша массасының 12,7%-на тең болып отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.