Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Қарағанды облысында ғылым мен бизнеске арналған хаб құрылады
Аймақ жаңалықтары

Қарағанды облысында ғылым мен бизнеске арналған хаб құрылады

02.09.2025331 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қарағанды облысында Қазақстандағы тұңғыш аймақтық инновациялық индустриялық хаб – «Картех» іске қосылмақ. Жаңа орталық ғылым мен өндірісті тоғыстырып, озық технологияларды енгізу және қолданбалы ғылымды дамыту үшін мемлекет, бизнес пен ғылыми қауымдастықтың күшін біріктіреді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Жобаның негізгі мақсаты – ғылыми идеяларды қысқа мерзімде кәсіпорындарға арналған дайын технологиялық шешімдерге айналдыратын тиімді жүйе құру. «Картех» Қарағандыдағы жетекші университеттердің бірінің базасында орналастырылады. Мұнда заманауи материалдық-техникалық база мен білікті мамандар шоғырландырылып, қазір конкурс арқылы іріктеу жүріп жатыр.

– Біз ғылыми зерттеулер жүргізу мен олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге толыққанды жағдай жасаймыз. Заманауи зертханалық жабдық, инженерлік-конструкторлық қызметтер, прототип әзірлеуге арналған техникалық база ұсынылады. Сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, инвестиция тарту, стартаптарды қолдау, мемлекеттік және халықаралық гранттарға өтінім беруге жәрдем көрсету негізгі бағыттардың қатарында болады, – деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Молдакәрімов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаны құру қажеттігін 2024 жылғы 12 сәуірде өткен Ұлттық ғылым және технологиялар кеңесінің отырысында атап өткен еді. Осы тапсырманы орындау үшін облыста арнайы ғылыми кеңес құрылып, ол ғылыми инфрақұрылымды дамытумен қатар, бизнестің зерттеу институттарымен серіктестігін жолға қоюға жұмыс істеп келеді.

«Картех» хабы – ғылым, бизнес, мемлекет және қоғамды біріктіретін көпсалалы орталық. Мұнда заманауи зертханалар, конструкторлық және өндірістік алаңдар, соның ішінде 3D-принтерлермен жабдықталған кеңістік болады. Стартаптар мен прототиптерді әзірлеуге мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар бизнес-модельдер мен даму стратегияларын құру бойынша кеңес беріледі, оқу курстары мен біліктілікті арттыру бағдарламалары ұйымдастырылады. Арнайы алаңда шағын көлемді тәжірибелік өнімдер шығарылады, ал шоу-румда оларды таныстыруға жағдай жасалады. Бұдан бөлек, технологиялық стартаптар инкубаторы мен инвесторлар тартатын акселератор іске қосылады.

Жоба аясында тау-кен және металлургия өнеркәсібі, көмірхимия және жаңа материалдар, Индустрия 4.0, автоматтандыру, экология және қалдықтарды басқару бағыттары бойынша кластерлер құру жоспарланып отыр.

Алғашқы кезеңде қаржыландыруды жергілікті бюджет қамтамасыз етеді. Кейін хаб өзін-өзі қамтамасыз ететін жүйеге көшіп, өнеркәсіптік кәсіпорындармен әріптестіктің есебінен табыс табатын болады.

Бұл бастама Румыниядағы Клуж-Напока техникалық университетінің табысты тәжірибесіне сүйене отырып жасалды. Онда осындай орталық бірнеше жылдан бері тиімді жұмыс істеп келеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды

02.09.2025218 Views

Алматыдан жаңа туристік пойыздар жолға шығады

02.09.202591 Views

Экономикада 8 трлн артық ақша жиналды — Тимур Сүлейменов

02.09.2025680 Views
Соңғы жаңалықтар

Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды

02.09.2025

Алматыдан жаңа туристік пойыздар жолға шығады

02.09.2025

Экономикада 8 трлн артық ақша жиналды — Тимур Сүлейменов

02.09.2025

VIII шақырылымдағы Парламенттің төртінші сессиясы ашылды

02.09.2025

Қазақстанда Білім күні атап өтіледі

02.09.2025

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысында сөз сөйледі

02.09.2025

Қарағанды облысында ғылым мен бизнеске арналған хаб құрылады

02.09.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.