Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Сот сараптамалары орталығы виртуалды аутопсия бойынша жобаның алғашқы нәтижелерін жариялады
Жаңалықтар

Сот сараптамалары орталығы виртуалды аутопсия бойынша жобаның алғашқы нәтижелерін жариялады

24.09.2025210 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстандағы сот сараптамалары орталығы сот-медициналық практикаға цифрлық технологияларды енгізуде: филиалдардың бірінде виртуалды аутопсия бойынша пилоттық жоба басталды. Жоба аясында салыстырмалы зерттеу жүргізіліп, дәстүрлі аутопсия компьютерлік томографиямен салыстырылды. Нәтижелер бірқатар өлім жағдайы бойынша сараптамалық қорытындылардың толық сәйкестігін көрсетті. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Бұл нәтиже өте маңызды: ол компьютерлік томографияны тек көмекші ретінде ғана емес, сонымен қатар сот-медициналық зерттеулердің балама әдісі ретінде де қолдануға болатындығын көрсетеді. Виртуалды аутопсия қорытындылардың объективтілігі мен сенімділігін сақтай отырып, ең аз араласумен талдауды қамтамасыз етеді. Бұл, әсіресе, дәстүрлі аутопсияны жүргізу қиын немесе әлеуметтік тұрғыдан қажет болған жағдайларда өте маңызды», – деді спикер.

Ол пилоттық жоба бойынша жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті. Кейін оң нәтиже болған және тиісті жабдықты сатып алған жағдайда, бүкіл республика бойынша масштабтау жоспарлануда.

Бақытжан Байтілесов халыққа арналған цифрлық сервистерді дамыту бойынша ақпаратпен бөлісті. Ақылы қызмет көрсетудің электрондық жүйесі онлайн-форматта өзара іс-қимылдың толық циклін қамтамасыз ететіндей қылып құрылған: электрондық өтінім беруден және қызмет құнын есептеуді алудан бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып шарт жасасуға дейін. Қазіргі уақытта ол тестілеу және банк қызметтерімен интеграциялау кезеңінен өтіп жатыр, бұл төлемді халық арасында неғұрлым сұранысқа ие платформалар арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Ақылы қызметтер туралы айта отырып, Сот сараптамалары орталығы жеке және заңды тұлғалар үшін арнайы зерттеулерді тағайындау және сарапшыны маман ретінде тарту бойынша консультациядан бастап 58 атау бойынша арнайы зерттеулер жүргізуге дейін ақылы қызметтердің кең спектрін жүзеге асыратынын атап өткім келеді», — деп қосты ол.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026644 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.20262 048 Views

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026852 Views
Соңғы жаңалықтар

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.2026

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙДІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЕМХАНАЛАР МЕН ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

12.02.2026

ALEM TECH FEST 2026 фестивалінде әлемнің 7 елінен 5000 астам оқушы бас қосады

11.02.2026

Атырау облысында 15,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды

11.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.