Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады
Жаңалықтар

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

04.05.2026183 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Еліміз агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді. Шетелдік инвесторларды тарту жұмыстары аясында ирандық Golrang Industrial Group компаниясымен май экстракциялау зауытын және етті бағыттағы құс фабрикасын салу туралы екі ірі жобаны жүзеге асыру үшін келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Келісімге ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мен компания басшысы Фазли Мехди Мохаммадкарим арасындағы кездесу барысында қол қойылды. Жалпы инвестиция көлемі 120 млн АҚШ долларын құрайды.

Golrang Industrial Group басшылығы Қазақстанда бизнесті дамытуға стратегиялық маңыз беріп отыр. Қазіргі уақытта компания өкілдері болашақ өндірістер үшін өңірлерді зерделеуге көңіл бөлуде.

Алғашқы жобада тәулігіне 3 мың тоннаға дейін күнбағыс өңдейтін заманауи май экстракциялау зауыты салынады деп күтілуде. Оған 70 млн доллар көлемінде тікелей инвестиция тарту жоспарланған. Жоба ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді арттырып, өнімнің қосылған құнын едәуір өсіруге мүмкіндік береді.

Екінші бағыт құны 50 млн доллар болатын заманауи жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасының құрылысы. Жоба өндіріс көлемін ұлғайтуға және өнім сапасын арттыруға бағытталған. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру екіжақты ынтымақтастықтың тұрақты өсімі аясында жүргізілмек. 2025 жылдың қорытындысы бойынша осы салада Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 55,8%-ға өсіп, 341 млн АҚШ долларынан асты. Бұл ретте, негізгі бөлігін бидай мен арпа секілді дәнді дақылдар құрайтын қазақстандық экспорт көлемі екі есеге жуық артты.

Кездесу иелері бірлескен өндіріс орындарын салу елдер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудың маңызды қадамы екенін атап өтті. Сонымен қатар бұл бастама өңдеу өнеркәсібін дамытуға және Қазақстанның аграрлық секторына жаңа технологияларды тартуға ықпал етеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.