Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Биыл Алматы облысында тұратын 1700 әлеуметтік осал топтағы отбасыға үй беріледі
Аймақ жаңалықтары

Биыл Алматы облысында тұратын 1700 әлеуметтік осал топтағы отбасыға үй беріледі

27.11.2025522 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Алматы облысында құрылыс қарқыны жоғары. 2025 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 21%-ға өсіп, 948 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2023-2024 жылдары 1585 отбасы баспанамен қамтылса, биыл 1700 әлеуметтік осал топтағы отбасыға үй берілмек. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында Балхаш, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Кеген және Ұйғыр шалғай аудандарының ауылдарында мемлекет тарапынан жаңа үйлерді салу және сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік ұйымдар мен спорт саласы өкілдеріне арналған «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына 3,1 млрд теңге қарастырылып, 120-дан астам азамат баспанамен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ әкім көлік және инженерлік инфрақұрылым мәселелеріне тоқталып өтті.

«Ағымдағы жылы 442 шақырым сумен жабдықтау жүйелері салынып, қайта жаңартылады. Нәтижесінде таза ауыз сумен қамту деңгейі едәуір жақсарады. Сонымен қатар газбен жабдықтау жұмыстары да белсенді жүргізіліп, 1,2 млн астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді. Электр желілеріне бөлінген қаражат есебінен тозу көрсеткіші 72%-дан 66%-ға түсті. 2000 жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген автомобиль жолдары қайта жаңартылды. Мәселен, «Қапшағай-Бақанас-Қарой», «Нарынқол-Сүмбе», «Қарқара-Ереуіл», «Есік-Саймасай», «Алматы-1-Шамалған-Ұзынағаш», «Алмалыбақ-Жетісу» автомобиль жолдарының негізі ауыстырылып, жаңа асфальт жамылғысы төселді», – деді әкім.

Нәтижесінде жолдың сапасы мен қауіпсіздігі айтарлықтай артып, нормативтік талапқа сай жолдардың үлесі 95%-ға дейін жеткізілді. Алматы облысы – географиясы мен табиғи ресурстары туризмді дамытуға ерекше қолайлы, әлеуеті жоғары өңір. Бұл бағытты дамыту үшін барлық алғышарттар мен қолайлы мүмкіндіктер бар.

Бүгінгі таңда облысқа келген туристер саны 2,2 млн адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 36% өсім көрсетті. Қапшағай су қоймасы Қонаев қаласының негізгі демалыс орталығына айналды. 2025 жылғы жазғы маусымда мұнда 2 млн-ға жуық адам келіп, былтырмен салыстырғанда 20% өсімді көрсетті.

Ағымдағы жылы №5 қалалық жағажайда ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Құны 83,2 млрд теңге болатын Ақтас үстіртіндегі «Oi-Qaragai» тау-шаңғы курортын кеңейту жобасы жүзеге асырылуда.  Курорттың басты ерекшелігі – ұзындығы 28 шақырым болатын еліміздегі және Орталық Азиядағы ең ұзын шаңғы трассасының болуы. Сонымен қатар курорт жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істеп, жыл сайын шамамен 600 мың туристке қызмет көрсетеді.

Қапшағай көлі жағалауында құны 11 млрд теңге болатын «ASP-Arena» халықаралық деңгейдегі спорт аренасы, 4 мың орындық стадион іске қосылды. Мұнда ауданы 20 мың шаршы метр болатын Орталық Азиядағы ең үлкен мұз айдыны қонақтарды қабылдауға дайын.

«Облыстың туризм саласы үшін Қайыңды және Көлсай көлдерінің ерекше маңызы бар. Жаяу жүргіншілер жолдары толық абаттандырылып, Қайыңды көліне баратын 9 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Іле өзені жағасындағы «Көшпенділер» қалашығы әкімдіктің теңгеріміне алынды. Алдағы уақытта толық жаңартудан өткізу жоспарымызда бар, бұл нысан туристердің сүйікті орындарының біріне айналатынына сенімдімін», – деді спикер.

Көшпелі мәдениетті дәріптеу және туризмді дамыту мақсатында «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені 2025» атты ауқымды мәдени шара өтіп, «Дәулет-Бекет» шаруа қожалығы Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады

19.03.2026515 Views

МКК салықтық әкімшілендіруді цифрландыру нәтижелерімен бөлісті

19.03.2026102 Views

Платформалар арқылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 369 мың адамға жетті

19.03.2026139 Views
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады

19.03.2026

МКК салықтық әкімшілендіруді цифрландыру нәтижелерімен бөлісті

19.03.2026

Платформалар арқылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 369 мың адамға жетті

19.03.2026

Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

19.03.2026

«Келешек мектептері»: Қазақстанда жаңа форматтағы 217 мектеп салынды

19.03.2026

«Келешек мектептерінде» балаларды оқыту мен жан-жақты дамытуға жағдай жасалды

19.03.2026

Қазақстанда пойыздарда спутниктік интернетті енгізу кеңейіп келеді

19.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.