Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»1 миллионнан астам қазақстандық цифрлық сауаттылығын арттырды
Жаңалықтар

1 миллионнан астам қазақстандық цифрлық сауаттылығын арттырды

15.12.2025243 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Ақпараттық қауіпсіздік комитеті киберқауіпсіздік саласындағы компаниялармен және мемлекеттік органдармен бірлесіп CITIZENSEC.KZ және NOMADGUARD.KZ тегін онлайн-порталдарын іске қосты. Аталған платформалар халықтың киберсауаттылығын арттыруға, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылға, сондай-ақ ата-аналар мен балаларды интернетті қауіпсіз пайдалануға үйретуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

2024 жылдан бері порталдарға 1 миллионнан астам пайдаланушы кіріп, 71 мыңнан астам адам оқыту курстарын толық аяқтаған.

Сонымен қатар CITIZENSEC.KZ платформасында мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту жүргізіледі. Бүгінгі күні курстарды 5 мың тыңдаушы сәтті тәмамдады.

NOMADGUARD.KZ порталы азаматтарға жеке деректердің таралуын анықтауға, сондай-ақ күмәнді сілтемелер мен сайттарды фишинг және басқа да киберқауіптерге тексеруге мүмкіндік береді. Портал арқылы пайдаланушылар өз жеке мәліметтерінің таралуы болған-болмағанын, қандай ресурстардан тарағанын және қандай көлемде деректердің бұзылғанын біле алады. Портал іске қосылған сәттен бастап NOMADGUARD.KZ платформасында 608 мың азамат тіркеліп, 6 мыңнан астам сілтеме қауіпсіздікке тексерілді.

CITIZENSEC.KZ және NOMADGUARD.KZ порталдары азаматтарға интернеттегі қауіптерді жақсы түсінуге, өз деректерін қорғауды үйренуге және алаяқтардың құрбаны болмауға көмектеседі. Бұл — әрбір пайдаланушының және елдің қауіпсіздігіне қосылған маңызды үлес.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және кибергигиена мәдениетін қалыптастыру мақсатында қазіргі уақытта киберқауіпсіздік ережелерін сақтауға үндейтін ақпараттық материалдар мен визуалды баннерлерді сыртқы цифрлық экрандар мен билбордтарда орналастыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Көпшілік жиналатын орындарда кибергигиенаға арналған әлеуметтік жарнаманы орналастыру азаматтарды кеңінен ақпараттандыруға және жеке деректерді қорғау бойынша алдын алу шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жақында eGov Mobile мобильді қосымшасында CITIZENSEC.KZ порталының кибергигиена бойынша курстары, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздікке арналған негізгі материалдар мен практикалық ұсынымдар жинақталған тақырыптық журнал қолжетімді болды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202674 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.