Автор: un_admin

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Осы уақыт аралығында мұндай нәтижеден жоғары көрсеткіш тек екі рет тіркелген. Бұл нәтиже отандық ауыл шаруашылығының мүмкіндігі жоғары екенін және диқандардың елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосқан үлесін көрсетеді. Биыл жиналған астықтың көлемі ғана емес, сапасы да жақсы. Алдын ала мәліметтер бойынша, элеваторларға тапсырылған жұмсақ бидайдың шамамен 72%-ы үшінші сыныпқа жатады. Зерттелген бидай үлгілерінің 48%-ында дән маңызының мөлшері 28%-дан жоғары. Ақмола облысында үшінші сыныпты бидайдың үлесі 90%-ға, ал ақуызы жоғары Hi-Pro санатындағы бидайдың үлесі 70%-ға жетті. Астық сапасының жоғары…

Read More

Қызылорда облысы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, Арал ауданының полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары арасында «Үздік учаскелік полиция инспекторы» атты кәсіби байқау ұйымдастырылды. Сайыс барысында қатысушылардың кәсіби біліктілігі, қызметтік жетістіктері, атқарған жұмыстары, спорттық дайындығы мен атыс даярлығы сынға түсті. Байқау қорытындысы бойынша учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Дінібаев Қуаныш Сегізбайұлы үздік деп танылып, жеңімпаз атанды. Аталған байқау – полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына, қызметтік жауапкершілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды шара. Жеңімпазды жеңісімен құттықтаймыз! Қызметіңізге толағай табыс, абырой мен биік жетістіктер тілейміз! #БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ #ВАЖНОЗНАТЬ #ЗАҢменТӘРТІП #ЗАКОНиПОРЯДОК

Read More

Бүгін орталық стадионда «Алтын күз – 2026» мерекесі кең көлемде ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Ерлан Төрәлиев, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, қоғам қайраткерлері Қожахмет Баймаханов, Биғали Қаюпов, Өмірбек Шаменов, Жанкелді Ысқақ, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Мерекеге жиналған меймандар аудан әкімімен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап, шаруашылықтардың жетістіктерімен танысты. Сонымен қатар, көпшілік назарына ұсынылған ұлттық дәстүрлеріміздің бірі – тұсаукесер рәсімі өткізіліп, арнайы тігілген киіз үйлерде қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Салтанатты жиында аудан әкімі Ерлан Төрәлиев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген озат еңбеккерлер мен сала мамандарын…

Read More

Бүгін «Алтын күз – 2026» мерекесіне орай аудан еңбеккерлерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкені аудан әкімі Ерлан Төрәлиев аралап көрді. Жәрмеңкеге кент және барлық ауылдық округтерден 60 автокөлікпен жалпы көлемі 188,3 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Атап айтқанда, ақ күріш, асқабақ, шұбат, қымыз, қызанақ, қияр, қырыққабат, сәбіз, жуа, картоп, алма, сиыр және жылқы еті, қызылша, ара балы, балық, қарбыз, қауын, құрт және басқа да ет-сүт өнімдері, көкөністер мен мал азығы тұрғындарға ұсынылды. Өнімдер нарықтағы бағадан төмен бағамен сатылып, тұрғындардың жоғары сұранысына ие болды. Аудан әкімі жәрмеңкеге келуші тұрғындармен пікірлесіп, сауда сөрелеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қолжетімді бағасына назар…

Read More

Қызылорда қаласының Титов шағын ауданында №5 қалалық емхананың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жаңа медициналық нысан пайдалануға берілгеннен кейін бір ауысымда 400 келушіні қабылдауға мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны 9,8 млрд теңгені құрайды. Жалпы ауданы 8 937 шаршы метр болатын медициналық нысанның құрылыс жұмыстары бүгінде 65 пайызға аяқталған. Нысанда ішкі әрлеу, терезелерді орнату және инженерлік желілерді тарту жұмыстары жалғасуда. Құрылыс барысы жоспарға сәйкес жалғасып, медициналық мекемені қажетті құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Жаңа емхана – тек медициналық қызмет көрсететін ғимарат қана емес, тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, түрлі аурулардың алдын алуға және дәрігер көмегіне қолжетімділікті арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік нысан. Заманауи медициналық…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асқан «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев та өңір деңгейінде «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтырудың, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және құқық бұзушылықтың алдын алудың маңыздылығын үнемі атап өтіп келеді. Аймақ басшысы аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз алкоголь өнімдерінің айналымына жол бермеу және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Осыған сәйкес, бүгін Қазалы ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарының орындалуын…

Read More

Испанияның Толедо провинциясындағы жоғары жылдамдыққа арналған теміржол желісінде екі пойыз соқтығысты, апат салдарынан кем дегенде 46 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің ЕО-дағы меншікті тілшісі The Telegraph басылымына сілтеме жасап. Теміржол апаты жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:54 шамасында Лос-Йебенес пен Урда елді мекендері арасындағы (басқа деректерге сәйкес, Мора, Оргаз және Урда аралығында) болған. Теміржол желісінің 118-ші шақырымында Renfe компаниясының AVE пойызы мен Iryo жеке операторына тиесілі пойыз соқтығысып кеткен. Екеуі де Мадридтен Севильяға бара жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, Renfe пойызы тоқтап қалған немесе баяулаған Iryo пойызының артынан келіп соғылған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер, Азаматтық қорғаныс қызметкерлері және медициналық…

Read More

Жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аударуымыз қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт мәлім етті.  Президенттің айтуынша, Қазақстан 123 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді. Индустриясы, құрылыс саласы және агроөнеркәсіп кешені дамып келе жатқан, әрі ең бастысы — экономикасын толық цифрландыруды, қоғамдық өмірдің барлық саласына жасанды интеллектті енгізуді және соған байланысты деректер орталықтарын салуды жоспарлап отырған ел үшін электр энергиясын өндірудің мұндай көлемі апатты түрде жеткіліксіз. Сондықтан еліміздің алдымызда стратегиялық сипаттағы міндет тұр: 2029 жылға қарай энергия өндіруде тұрақты профицитке қол жеткізу. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне қарағанда, осы мақсатта жаңа электр станциялары мен электр беру желілерін салып, қолданыстағыларын жаңғыртуымыз…

Read More

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағам өнеркәсібіндегі жобаларды жүзеге асыру және ауыл шаруашылығы саласын технологиялық тұрғыдан жаңғырту жөнінде мәлімдеді. – «Бәйтерек» холдингі тағам өнеркәсібі саласында жалпы құны 500 миллиард теңгеден асатын әлеуеті зор жобалар тізімін дайындады. Соның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қолжетімді әрі жеңілдетілген шарттармен қаржы бөлу мәселесін созбалаңға салмай, сапалы жобаларды дереу іске асыру керек – деді ол. Сонымен қатар Мемлекет басшысының сөзінше, ауыл шаруашылығы саласын технологиялық тұрғыдан жаңғыртудың сәті келді. – Елімізде шығарылатын технологиялық тұрғыдан сапасы жоғары тракторлар мен комбайндардың санын көбейту қажет. Бұл – өзекті мәселе. Осылайша, біз ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыра…

Read More

Мемлекет басшысы әлеуметтік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттау қажеттігін атап өтті. Президенттің айтуынша, әлеуметтік саладағы реформалар мұқият зерттеліп, халықтың жағдайы ескеріле отырып жүзеге асырылуы керек. Сондай-ақ әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері мен ақпараттық жүйелердің жұмысы алдын ала тексеріліп, тиімділігі дәлелденгеннен кейін ғана кеңінен қолданылуы қажет. Мемлекет басшысы әлеуметтік саясаттың басты мақсаты азаматтарды төлемдерге тәуелді ету емес, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру екенін айтты. Сонымен қатар адам капиталының сапасын жақсарту және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Read More