Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСЫП ЖҮРГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСЫП ЖҮРГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

25.05.202694 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған экологиялық бағдарлама бүгінде өз нәтижесін беріп келеді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы», – деген болатын.

Шын мәнінде, бұл бір реттік науқан емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, тазалық пен тәртіпті насихаттауға бағытталған игі бастама. Бүгін осы игі бастама аясында қаламыздағы тазалық шараларына белсенді атсалысып жүрген қызметкерлер марапат төрінен көрінді.

Шараға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, аудан ардагерлері, мәслихат депутаттары, көше комитеттерінің төрағалары, мекеме-кәсіпорын басшылары, тазалық мекемесінің қызметкерлері және жастар өкілдері қатысты.

Игі шарада аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы тазалық мәдениетінің қай қоғамда да маңызы ерекше екенін айтып, республикалық акция аясындағы тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын көрсетіп келе жатқан барлық аудан тұрғындарына, мекеме ұжымдарына, еріктілер мен жастарға шынайы ризашылығын білдірді.

Шара барысында қала тазалығын қамтамасыз етуде мекемелердің қызметін жандандыру мақсатында «Арал тазалығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Ш.Құттықовқа арнайы техникалардың сертификаты табысталды.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бағдарламасының ауданда нәтижелі іске асырылуына белсене қатысып, қаланы көркейтуге өз үлестерін қосып жүрген бір топ тазалық қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Әйімбетов тазалық мәдениетін сақтауға үлес қосып келе жатқан барша аудан тұрғындарына ризашылығын білдіріп, өзінің ізгі лебізін жеткізді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026341 Views

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

08.06.2026537 Views

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026367 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

08.06.2026

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ

05.06.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

05.06.2026

5 маусымда Қазақстанда Эколог күні атап өтіледі

05.06.2026

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық челлендждер өтті

05.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.