Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

22.05.20261 592 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қасым-Жомарт Тоқаевқа конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша Палатаның атқарған қызметі туралы мәлімет берілді.
Мәжіліс Спикерінің айтуынша, Парламент жаңа Ата заңның нормаларын іске асыруға жол ашатын жеті конституциялық заңды сапалы әрі уақтылы қабылдады. Соның ішінде «Президент туралы», «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Халық Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» және басқа да конституциялық заңдар бар. Аталған жұмыс қоғам өкілдерінің және сарапшылардың қатысуымен ашық жүргізілді.

Жалпы, Мәжіліс сессиясы басталғаннан бері 89 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. Олардың арасында Құрылыс, Цифрлық кодекстер, жасанды интеллект, банк және банк қызметі, құқықбұзушылықтың алдын алу, Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге өзгерістер енгізу, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік наградалар, ғылым мәселелері, педагог мәртебесін көтеру, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жеке сот орындаушылар қызметі және басқа да заңдар бар.

Қазір депутаттардың қарауында 80 заң жобасы жатыр. Оның қатарында жаңа Конституция қабылдауға байланысты рақымшылық жариялау, жол қозғалысындағы цифрландыру мен қауіпсіздік, жергілікті өзін-өзі басқару, телекоммуникация нарығын дамыту, машина жасау саласын дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру, нотариат және басқа да мәселелер туралы заң жобаларын айтуға болады.

Ерлан Қошановтың айтуынша, Мәжіліс сессия соңына дейін Жоғары аудиторлық палата төрағасының ғылымды дамытуға бөлінген қаржыны орынды жұмсау, былтырғы республикалық бюджетті игеруге қатысты Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есебін және депутаттардың аймақтарға сапары кезінде сайлаушылар тарапынан түскен өтініштердің нәтижелері бойынша Үкіметтің ақпаратын тыңдауды жоспарлап отыр.

Мәжіліс заң шығару ісінде ашықтыққа және сарапшылық топпен ынтымақтастыққа баса назар аударады. Қоғамдық палата отырыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламенттік дипломатия бағытындағы жұмыс қорытындылары, атап айтқанда, ТүрікПА, ТМД Парламентаралық ассамблеясы және басқа парламентаралық ұйымдармен ықпалдастық жайында баяндалды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026341 Views

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

08.06.2026537 Views

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026367 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

08.06.2026

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ

05.06.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

05.06.2026

5 маусымда Қазақстанда Эколог күні атап өтіледі

05.06.2026

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық челлендждер өтті

05.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.