Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр
Аймақ жаңалықтары

«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр

23.10.2026524 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Теміртаудың 4А шағынауданында бүлдіршіндер робототехниканы меңгеріп, сазбалшықтан бұйым жасап, Монтессори әдістемесі бойынша білім алатын жаңа балабақша бой көтеріп жатыр. Мұнда даму ерекшеліктері бар балалардың қатарластарымен бірге білім алып, ойнауына жағдай жасалады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаның аясында 320 орындық нысанның таныстырылымы Республика күні қарсаңында металлургтер қаласында өтті, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

«Қазақстан халқына» қоры Теміртауда бұрын-соңды болмаған балабақшаның құрылысын қаржыландырып, халықаралық стандарттарға сай бірегей жобаны ұсынды. Мұнда мектепке дейінгі білім берудің заманауи әдістемелерін енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. Қордың серіктестері тәрбиешілер мен педагогтерді балаларды дамыту мен оқытудың озық әдістері бойынша жұмыс істеуге даярлайды.

Балалардың жан-жақты дамуы үшін көптеген қызықты мүмкіндік қарастырылған. Балабақшада робототехника кабинеті, алғашқы тәжірибелер жасауға арналған STEM кеңістігі, бейнелеу өнері шеберханасы мен қыш бұйымдарын жасау студиясы ашылады. Сонымен қатар кітапхана мен қысқы бақ болады.

Жобада инклюзивті білім беруге де ерекше назар аударылған. Балабақшада аутизмі, есту, көру, сөйлеу және тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалар қатарластарымен бірге тәрбиеленіп, білім ала алатын топтар құрылады. Олар үшін құрғақ бассейндер мен тактильді панельдері бар сенсорлық бөлме, логопед пен психолог кабинеттері, арнайы жаттығу құрылғылары қарастырылады. Тіпті ойыншықтар да балаларды кішкентай кезінен өзгешеліктерді қабылдауға үйрететіндей етіп таңдалады.

Балабақша аумағында көлеңкелі қалқалары бар 13 серуен алаңы, спорт алаңы және ортақ ойын аймағы салынады.

Құрылыс орны да кездейсоқ таңдалмаған. Теміртаудың ескі бөлігінде көптеген жас маман еңбек ететін ірі өнеркәсіп кәсіпорындары орналасқан. Бұл ауданда жаңа тұрғын үйлерге қоныстанушылардың саны да артып келеді. Қазірдің өзінде 180 пәтерлі екі әлеуметтік үйге тұрғындар қоныстанған, тағы 270 пәтерлі үш көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сондықтан жаңа балабақшаның салынуы көптеген жас отбасы үшін көптен күткен жаңалық болмақ.

Нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Балабақша балаларға арналған жаңа орындар ашып қана қоймай, педагогтерді, медицина және техникалық қызмет мамандарын жұмыспен қамтамасыз етеді.

«Қазақстан халқына» қоры Қарағанды облысындағы әлеуметтік жобаларға осы уақытқа дейін 26,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлген. Теміртауда қордың қолдауымен Әлихан Бөкейхан атындағы гимназияның материалдық-техникалық базасы жабдықталып, химия, физика және биология кабинеттері жаңартылды. Сондай-ақ қаланың 30 мектебіне спорт алаңдары орнатылды. Енді қаланың ең кішкентай тұрғындары үшін де жаңа мүмкіндіктер ашылмақ.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202692 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.