Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады
Жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261 451 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Осы уақыт аралығында мұндай нәтижеден жоғары көрсеткіш тек екі рет тіркелген.

Бұл нәтиже отандық ауыл шаруашылығының мүмкіндігі жоғары екенін және диқандардың елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосқан үлесін көрсетеді.
Биыл жиналған астықтың көлемі ғана емес, сапасы да жақсы. Алдын ала мәліметтер бойынша, элеваторларға тапсырылған жұмсақ бидайдың шамамен 72%-ы үшінші сыныпқа жатады. Зерттелген бидай үлгілерінің 48%-ында дән маңызының мөлшері 28%-дан жоғары. Ақмола облысында үшінші сыныпты бидайдың үлесі 90%-ға, ал ақуызы жоғары Hi-Pro санатындағы бидайдың үлесі 70%-ға жетті.
Астық сапасының жоғары болуы оны азық-түлік өндіруге кеңінен пайдалануға, өңдеу кәсіпорындарын дамытуға және қазақстандық өнімнің шетелдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан астық экспортында да жоғары нәтижелер көрсетіп отыр. Соңғы екі маркетингтік жылда еліміз 15,5 млн және 16 млн тонна астық пен ұн экспорттады. Бұл — тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіштер.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, 2026 жылғы қыркүйектен 19 қазанға дейін Қазақстан 1,657 млн тонна астық экспорттаған. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 9%-ға көп.
Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін мемлекет аграршыларды қолдау және саланы жаңғырту жұмыстарын жалғастырып келеді. Атап айтқанда, шаруаларға жеңілдетілген несие беру, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, сапалы тұқымдар мен минералды тыңайтқыштарды жеткізу, заманауи технологияларды енгізу жұмыстарына басымдық берілуде. Сонымен қатар жер мен суды тиімді пайдалану және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелеріне көңіл бөлінуде.
Соңғы үш жылда минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі үш есеге жуық өсті. 2025 жылы шаруалар 1,8 млн тонна тыңайтқыш пайдаланған. Ал 2026 жылы жоспарланған 2,3 млн тоннаның 2,1 млн тоннасы егістікке енгізілді. Сапалы элиталық тұқымдардың үлесі 12%-ға жетті. Бұл алдағы уақытта өнім көлемі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Биыл егін жинау жұмыстарына 130 мыңнан астам трактор, 29 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың жатка және басқа да 130 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту нәтижесінде оның тозу деңгейі 2023 жылғы 85%-дан 2025 жылы 65%-ға дейін төмендеді. 2026 жылдың қорытындысы бойынша техниканы жаңарту деңгейін 8%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Шаруаларға техника сатып алуға жеңілдетілген лизинг бағдарламасы да көмектесуде. Бағдарлама басталғалы бері аграршылар 12,7 мыңнан астам трактор мен 2 340 астық жинайтын комбайн сатып алды. Бүгінде осы бағдарлама арқылы алынған техника еліміздегі тракторлар мен астық жинайтын комбайндардың жалпы санының шамамен 10%-ын құрайды.
Алдағы уақытта ауыл шаруашылығындағы негізгі міндеттер — өнім көлемін арттыру, астық сапасын жақсарту, заманауи технологияларды кеңінен енгізу және шаруаларды қажетті техникамен, тұқыммен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету.
Бұл жұмыстар ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына, климаттық өзгерістер мен сыртқы қиындықтарға төтеп беруіне және еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202692 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.