Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Сенат Палата отырысында маңызды заңдар топтамасын қарайды
Жаңалықтар

Сенат Палата отырысында маңызды заңдар топтамасын қарайды

09.06.2025721 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 12 маусымда болатын Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.

Соған сәйкес Палата депутаттары алдағы бейсенбіде «2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды. Сенаторлар атап өткендей, Хаттама Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын ұлттық валютадағы жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мүмкіндігімен толыққанды дербес халықаралық ұйымға айналдыру үшін жасалған.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да Сенат отырысының күн тәртібіне шығарылды. Бұл құжат тұрғын үйге қатысты жасалатын мәмілелердің ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыруға, мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұру жағдайларын жақсартуға және автожол саласын жаңғыртуға бағытталған. Сондай-ақ заңда әлеуметтік қызметтер порталы және мемлекеттік сатып алу арқылы инватаксиге қол жеткізуді қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды күшейтуге арналған түзетулер қарастырылған.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мәселелердің кең спектрін қамтиды. Аталған құжат заңдарды артық нормалардан босатуға және заңға тәуелді актілер деңгейінде елде туындайтын өзгерістерге олардың нормативтік реттеу бөлігінде жедел көңіл бөлуді көздейді. Нақты айтқанда, есірткі құралдарының заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау сияқты шараларды күшейтуге мән беріліп отыр.

Сонымен қатар сенаторлар Палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» заңдарды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нысаналы капитал қорларының және эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) қызметі, сондай-ақ Арал маңының қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды.

Іс-шара барысында Бюро мүшелері Сенат комитеттерінің осы аптада өткізілетін көшпелі отырыстарында талқыланатын мәселелерді пысықтап, Парламент Мәжілісінен келіп түскен заңдарды бөлді.

Дереккөз: Сенаттың Баспасөз қызметі
Суретті түсірген: Н.Байбулин

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

30.10.2025339 Views

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

30.10.2025637 Views

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

30.10.2025258 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

30.10.2025

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

30.10.2025

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

30.10.2025

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

30.10.2025

Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды

30.10.2025

Президент Өнер орталығына барды

30.10.2025

Президентке Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде баяндалды

30.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.