Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Бектенов VS Сұлтанғазиев: Алматы облысының энергетикалық түйіні қашан шешіледі?
Басты жаңалықтар

Бектенов VS Сұлтанғазиев: Алматы облысының энергетикалық түйіні қашан шешіледі?

29.07.2026748 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Премьер-министр Олжас Бектеновтің Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке қарата айтқан «Сізді тыңдасақ, өзіңізден басқаның бәрі кінәлі сияқты…» деген сөзі Үкімет отырысындағы кезекті сын емес екені анық. Бұл Алматы облысындағы энергетика және коммуналдық инфрақұрылым мәселесінің анағұрлым терең екенін білдіреді.

Сондай-ақ, Үкімет басшысының сыны жергілікті басқарудың сапасына қойылған нақты баға деуге болады. Өйткені, өңірдегі проблема бір ғана конкурстың кеш өтуімен шектелмейтіні белгілі болып отыр.

Ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда, 2025 жылдың алғашқы алты айында Алматы облысында 3,4 млрд кВт сағат электр энергиясы өндірілсе, тұтыну 6,1 млрд кВт сағаттан асқан. Яғни, өңір аймақта өндірілген электр энергиясынан шамамен 1,8 есе көп қуат тұтынады. Мұнан бөлек, облыстағы негізгі генерация көздері болып отырған «Алматы ЖЭО-3» стансасы мен Мойнақ СЭС-інің жиынтық белгіленген қуаты 837 МВт шамасында. Ал өңірлік энергетикалық компанияның балансында 21,8 мың шақырым электр желісі мен 4 526 трансформаторлық қосалқы станция бар.

Бұл сандар Алматы облысының энергетикалық тәуелділігін көрсетеді. Оның үстіне өңірдің экономикасы да өсіп келеді. Биылғы қаңтар — маусым айларында өнеркәсіп өндірісі 17,9 пайызға, ал электр энергиясы, газ, бу және ыстық сумен жабдықтау саласының көлемі 13 пайызға артқан. Демек, электр қуатына деген сұраныс төмендейтін емес, керісінше өсетін кезең келді. Әлбетте, осындай жағдайда энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының баяу жүруі алаңдатады.

Үкімет отырысында Алматы облысында жалпы құны 62,9 млрд теңге болатын 10 жоба жоспарланғаны айтылды. Бірақ, өтінімдердің аздығына байланысты өңір «қызыл аймаққа» енді. Оның ішінде жылумен жабдықтауға арналған 2 млрд теңгенің екі жобасы іске асырыла бастағанымен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша тағы 2 млрд теңгенің екі жобасы конкурс нәтижесінің жойылуына байланысты қайта жарияланған.

Демек, «Энергия тапшылығы бар өңірде жаңғырту жобалары неге уақытында дайындалмайды?» деген заңды сұрақ туады. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ақталғанындай, егер прокуратураның араласуынан кейін конкурс қайта өткізілсе, демек жобаны жоспарлау мен мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде мәселе болған. Яғни, Қаржы министрлігі жобаларды «басымдығы төмен» жобалар санатына енгізсе, онда аталған жобалардың маңызын Үкімет алдында алдын ала дәлелдеудің болмағаны байқалады. Қысқасы, Премьер-министрдің сыны дәл осы жерде орынды айтылып отыр.

Жалпы, Алматы облысы халық саны жылдам өсіп, өндіріс көлемі артып отырған өңір. Бірақ, облыстың энергетикалық балансы әзірге бұл өсімге толық сәйкес келмейді. Яғни, ең басты қауіп бүгінгі тапшылықты ертеңгі жаңа тұтынумен қосып есептегенде пайда болмақ.

Егер қазір облыс 6,1 млрд кВт сағаттан астам электр тұтынып, оның 3,4 млрд кВт сағатын ғана өзі өндірсе, онда алдағы жылдары жаңа тұрғын үй, өндіріс және инфрақұрылымдық жобалар іске қосылған кезде жүктеме одан әрі артады.

Сондықтан да Алматы облысына жыл сайын апатты желілерді жөндеп, кезекті қысқа дайындалатын тәсілден гөрі, 10 — 15 жылға есептелген нақты энергетикалық стратегия қажет екені аян. Ал бұл мүмкіндікті қазіргі әкім Марат Сұлтанғазиев пен оның командасы жіберіп алған жоқ па?

Өйткені, аймақтағы 21,8 мың шақырым электр желісінің қанша бөлігі жаңартуды қажет ететіндігі нақты айтылған жоқ. Мұнан бөлек, халық саны мен өндіріс өскен сайын электр, жылу, газ және су инфрақұрылымына қатысты сұраныстың нақты қалай өзгеретіні де әлі есептелмегенге ұқсайды. Осыдан барып Бектенов пен Сұлтанғазиевтің текетіресіне себеп болған 62,9 млрд теңгенің игерілуіне қатысты мәселе туғаны анық.

Тоқетерін айтқанда, осы сәтте Алматы облысының тұрғындарына әкімдіктің қай мекемені немесе қай министрлікті кінәлағаны қызық емес, оларға электр жарығының өшпегені, қыста жылудың үзілмегені және су мен газдың тұрақты болғаны керек.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталғаны расталды

29.07.2026839 Views

20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

29.07.2026247 Views

Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?

29.07.20264 227 Views
Соңғы жаңалықтар

Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталғаны расталды

29.07.2026

20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

29.07.2026

Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?

29.07.2026

«Ақылды қала» концепциясы абстракциядан ақиқатқа айнала ма?

29.07.2026

Бектенов VS Сұлтанғазиев: Алматы облысының энергетикалық түйіні қашан шешіледі?

29.07.2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

28.07.2026

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

28.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.