Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Маңғыстау облысында 500-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген
Аймақ жаңалықтары

Маңғыстау облысында 500-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген

30.06.2025109 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысында 567 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%-ы бейімделеді. Қазіргі уақытта ел бойынша 23 206 нысан толықтай бейімделген.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 567 нысан бейімделді. 2025 жылдың соңына дейін тағы 368 нысанды бейімдеу жоспарлануда.

«Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық  музыкалық-драмалық театрына барғанымда, ғимаратқа кіру қаншалықты қолжетімді болғанын көріп қуанып қалдым және жақында қаламыздағы ең үлкен супермаркет – «Динадан» сауда жасадым, онда көп тауар алуға өте ыңғайлы болды, кіріп-шығуға жағдай жасалған, тактильді плиталар, мүгедектерге арналған көрсеткіштер бар. Мен әрдайым бізге жасалған жағдайларға назар аударамын. Бұл – қала тұрғындары, соның ішінде біз үшін де ең жиі баратын орындар», — деп екінші топтағы мүгедектігі бар Ислам Атакишиев ойымен бөлісті.

Бұдан басқа, Маңғыстау облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті 2025 жылдың басынан бастап профилактикалық бақылау шеңберінде 7 және жоспардан тыс бақылау шеңберінде 15 тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 6 нұсқама енгізіліп,  6 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде әкімшілік жауапкершілікке тартпай, оларды жою туралы нұсқамалар ғана енгізілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ұлттық статистика: Қай өңірлерде халық саны миллионнан асты?

01.07.2025595 Views

Әйелін жұмыс орнында әріптесінің көзінше өлтірген қылмыскер сотталды

01.07.20253 705 Views

ҚТЖ-ның жаңа басшысы – Даниал Ахметовтің күйеубаласы

01.07.2025208 Views
Соңғы жаңалықтар

Trump-тың алтын смартфоны АҚШ-та жасалмайтын болды

01.07.2025

Ұлттық статистика: Қай өңірлерде халық саны миллионнан асты?

01.07.2025

Әйелін жұмыс орнында әріптесінің көзінше өлтірген қылмыскер сотталды

01.07.2025

ҚТЖ-ның жаңа басшысы – Даниал Ахметовтің күйеубаласы

01.07.2025

Қазақстанның бес трансшекаралық хабы: қорытындылары мен жоспарлары

01.07.2025

Жамбыл облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды

01.07.2025

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ ҮНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

01.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.